44
нəтижесінде өзіндік іс-əрекетке енуге жəне жеке өміріндегі тəжірибені жетілдіру мақсаттарына байла-
нысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кəсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нəти-
жеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын
андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы жəне кəсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мəдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мəдениеті
мен əлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-əрекетке ынталандыру үшін білім
беру [2].
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мəдениет адамына» бағыт-
талған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологи-
ялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа
мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Білім сапасын арттыру жəне нəтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында педагогтер мемлекет-
тік стандартта берілген нəтижелерге жетуде кəсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағды-
лары нəтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық- коммуникативті мəдениеті жоғары,
тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі
білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,
ең алдымен, педагог кадрлардың мəртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі,
оқытылуы жəне кəсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемле-
кеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мəселелеріне үлкен мəн берілген.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы сая-
саттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен
болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. Дəстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кəсіби
білім беретін жоғары оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір
əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық
қабілетіне сүйену арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзек-
ті мəселелердің бірі [3].
Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның
өмiрлiк əлемi», «əлемнiң бейнесi», əлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уəждемелік қа-
жеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады.
Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына əсер етеді, өзгермелі
саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уəждемені реттейді,
тұлғаның іс-əрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылай-
ша, құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады [4].
Құндылықтар қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дəстүрлері мен нормаларының қызмет етуін
қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан
нормалармен бірге, ерекше жоғары мəнге ие болған талаптар да енеді жəне олар əрбір мемлекет үшін
маңызды [5]. Олардың негізінде жеке тұлғаның əлеуметтену үдерісі жүреді, оның тəлім-тəрбиесі, өмір-
дегі орны, мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар əлемі – сөздің кең мағна-
сында мəдениет əлемі, адамның рухани əрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп,
оның адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды.
Ендеше, құндылықтар адам болмысының əр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат
мəдениеті болуымен ерекшеленеді.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Ильин В.В.Теорияпознания.Эпистемология. -Москва: ИздательствоМГУ,1974. -136 с.
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика. Жалпы редакциясын басқарған Арын Е. -Павлодар: «ЭКО»
ҒӨФ. 2006. -482 б.
3. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана: 2010. 37-38 б.
4. Қазақ мəдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 600б.
45
5. Биекенов К., Садырова М. Əлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.- 344 б.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ МЕН БАСТАУЫШ БУЫН
АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚТЫҢ МƏНІ
Жаздықбаева Мария Ботайқызы
п.ғ.к., доцент,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ
Білім беру жəне ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі
ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкей-
кесті мəселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі
ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сəбилік
шақтан бастап толық жағдай жасауды, тəрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет
етіп қойып отыр [1, 36-б].
Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мəселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тəрбие мен
бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өй-
ткені, сабақтастық туралы мəселе өткір қойылып отыр. Бұл мəселені ғалымдар, білім беру мекеме-
лерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.
Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген əдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың
жетістіктеріне қорытынды жасау жəне бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дей-
інгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылар-
дың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі,
жеке тұлғалық, əлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім
беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.
Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден: аталған сатыдағы
білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, бала-
ның белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
екіншіден: білім беру жүйесінің əрбір əдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің
болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, əдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар, аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде – жас ерекшелігіне
сəйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық жəне тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен
байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда – мектепке дейінгі шақтағы жетістік-
терінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дей-
інгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын
дамытуды қамтамасыз етеді [1, 47-б].
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды
байланыс, бұл байланыс олардың толық жəне жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас
жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттар-
ды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір
ғана түпкі мақсатқа – баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сəтті өтуге
бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде: балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы
өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны); біртұтас
білім беру жүйесінде осы кезеңдердің жəне оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз əсерін
тигізеді [2, 15-б].
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалар-
дың білуге деген құмарлығын дамыту;
балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту; бала-
лардың интеллектуалдық жəне тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; тілдік
қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу).
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі
балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады жəне балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі
қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсы-
рып алып, балалардың жинақтаған əлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |