Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет24/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62

50
толғамдарының  нəтижесінде  дүниеге  келген  теріс  көзқарастар  бағыты  деп  түсінгендіктердің  басым 
болғаны да шындық. Мəселен, «Экзистенциализмнің философия мен əдебиеттегі көрінісі» деген ең-
бек жазған поляк ғалымы Ежи Коссак: «Философилық концепция ретіндегі қазіргі экзистенциализмнің 
əлеуметтік  жəне  тарихи  негіздерін,  оны  ерекшелейтін  идеялар  мен  сындарды  айтқанда  біз  филосо-
фияның  тарихындағы  кең  ауқымдағы  пессимистік  жəне  нигилистік  ағымдармен  кезігеміз.  Бұл  адам 
ақыл-ойының  қалыптасқан  шындыққа  бас  көтеру  тарихының  құрамдас  бөлігі» [3,5] – дейді.  Екінші 
дүниежүзілік соғыстың зардаптары мен қасиеттері Францияда экзистенциализмнің жастар арасынан 
бұрын-соңды болмаған қолдауына ие болды. Əлеуметтік дағдарыс жаңа дүниетанымның қалыптасуы-
на, оған дейінгі өмір сүріп келген қалыпты көзқарастардан бас тартуға дейін əкелді. Осы кезеңде Г. 
Марсельдің, Ж.П. Сартрдың қоршаған əлем қатыгез трагедия мен қарама-қайшылыққа толы екендігі 
жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндайлық ой тек қана француз ойшылдарында ғана емес, 
жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі.
Əдебиеттегі жалпы экзистенциализмнің көрінісіне Ж.Ж. Жарылғапов «ХХ ғасыр соңындағы қазақ 
прозасының идеялық-эстетикалық мəселелері» атты еңбегінде [4] осы тақырып біршама қамтылған. 
«Біздің дəуірімізде проза, соның ішінде роман өмір шындығын ашудың, күрестердің, байланыстардың, 
қайшылықтардың,  ықыластардың  түп-тереңіне  дейін  көрсетудің,  үлкен  заманалық  тенденцияларды, 
объективті  ақиқаттарды  адамдардың  мінез-ерекшеліктерімен,  жеке  бастың  аңсарымен  тығыз  тұта-
стықта алып суреттеудің сенімді құралына айналды. Өмірдің объективтік ағысын, оқиғалар тарихын 
айтуды қаһармандардың субъективтік аңсарымен қабыстыру ғана көркемдік шындыққа апаратын жол 
еді» [5,35-175] – деп жазды кезінде зерттеуші Р.Бердібаев.
Расында да, 70-жылдары жаңа сипатты шығармалардың дүниеге келуінің үлкен бір себебі – қоғам 
мен оның субьектісі – жеке адамның арасындағы қатынастар тереңірек талданды. Жалпы қоғам деп 
аталатын категорияның өзін алып қарасақ, еріксіз түрде адам деп аталатын факторға тірелеміз. Өйт-
кені қоғамды тудырушы, жасақтаушы адам. Қоғамның негізгі заңдылықтары, қарым-қатынастық жүй-
есі, тəртібі даму, тектілері, идеологиясы адамның ақылы мен ойы, іс-əрекетіне тəуелді болатыны өзі-
нен-өзі белгілі. Қоғам – адамдардың өмір сүру салты. Сол себептен де қоғам мен адам проблемасына 
үңілуіміздің  нəтижесінде  адамның  көпшілік  қыры  мен  жекелік  болмысын  бір-бірімен  сабақтастыра 
отырып қарауымызға мүмкіндік туады. 
Жалпы, экзистенциализ бағытының негізгі тенденцияларын саралай келсек, олар мынадай:
Біріншіден, қандай да болмасын білімнің көзі адам тұлғасының нақты болмысын талдаудан баста-
лады. Адам болмысы – жалғыз шынайы ақиқат.
Екіншіден,  адам  өзінің  жекелік  мақсатына  ұмтылу  барысында  ғана  өз  табиғатына  үңіледі.  Яғни, 
өмір сүру – өзіңді-өзің қалыптастыру, өзіңді-өзің ғана талдау. 
Үшіншіден, қандай да бір ортақ мақсаттар мен идеологиядан, жалпылық мүдделестіктен ауылы ал-
шақ адамның жекелік болмысы ғана оны абсурдтық əлем, абсурдтық өмірден құтқарады. 
Төртіншіден, адам өзінің күнделікті өмірінде өзін экзистенция ретінде, яғни нақты қабылданбайтын 
тұлға екенін сезіне бермейді. Ол үшін шекаралық ситуация – өліммен бетпе-бет келу керек. Тек сонда 
ғана адам өзінің шын бостандығын сезіне алады. «Сонда ғана ол өзінің «жапандағы жалғыздығын» 
(«заброшенность» – Хайдаггер), адам мен сыртқы əлемнің сəйкессіздігін түсіне алады. Бұл – экзистен-
циалистердің негізгі тұжырымдарының бірі» [4, 37].
Қазақ прозасында экзистенциализм жазушылар шығармаларында терең көрініс береді. Экзистенци-
ализмнің қазақ прозасындағы белгілерін бірлі-екілі шығармаларды талдап көрсете аламыз.
Мысалы,  Ілияс  Есенберлиннің  «Ғашықтар»  романы  соғыстан  кейінгі  совет  адамының  өмірінен 
көрініс  береді,  жазушы  мəңгілік  рухани  құндылықтар,  əлемдік  көзқарас  негіздерін  ашу,  сезіну  жəне 
қабылдау, сүю жəне кешіре білу қабілеті туралы тілек білдіреді. Ілияс Есенберлин адамдар ұмтылатын 
моральдық мінез-құлық жаңа идеал ұсынады. «Айқас» романында жазушы оқыған екі ұрпақты көрсе-
теді: əкелер жəне балалар. Мысалы ретінде Ажимовтардың жанұяларында моральдық бағытты жоғал-
тқан, көз алдында еліктейтін тұлға жоқ, ұрпақ жалғастығының трагедиясы көрініс береді. Авторлық 
ойдың тұңғиығында қызықты, психологиялық жəне философиялық тұрғыда Əбдіжəміл Нұрпейісовтің 
«Соңғы парыз» романы бұл қоғамдағы адам жəне жеке алып қарағанда адами тірлік туралы ойлау жəне 
шешім шығару, міндет пен таңдау, адамның өмір сүру мəні туралы сөз қозғайды.
Романда адамның тағдыры суреттелетін табиғи катаклизм есебі, экологиялық мəселелер, экзистен-
циалистік  мəселелер  шешіміне  толы  негіздермен  күрделене  түседі.  Дəл  «Шекаралық  жағдаяттар» 
(Ясперс) негізінде, адамның тіршілік негізі болып саналатын экзистенция өседі. Львов Анинский бай-
қаған «бұл Арал теңізінің мəселелері негізіне құрылған қоршаған əлем экологиялық мəселелерге, апат-
тарға  толы  мəселелерге  дабыл  қағу».  Автордың  терең  жоспарға  құрылған  негізгі  драмасы – жүзеге 


51
аспай қалған жарқын болашақты көрсету, «күтілетін бақыт» [6, 98].
Əбдіжəміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романында да социалистік өмірдің шынайы қайғысы су-
реттеледі. Екі романның ұқсастығы сонда, ондағы қарапайым жұмыскер адамдардың аштықтағы жəне 
кедейлік өмірі көрсетіледі. Егер «Ескі прозадағы» кейіпкер тары мəдениетін өркендетумен қолы боса-
маса, ал «Соңғы парызда» олардың негізгі жұмыс көзі – балық аулау. Романдардағы мəтіннің үзінділері 
ортақтастыратын шешімін табуы керек ортақ мəселелер – қарапайым жұмыскерлердің қайғылы тір-
шілігінің сырын ашу.
Өткен  дəуірдің  рухани  адамгершілік  тəжірибесін  бейнелеп,  əлеуметтік-философиялық  жинақтау-
лар мен экзистенциалистік мəселелерге толы осындай шығармаларды М.Мағауин, Т.Əбдік, Д.Исабеков 
сынды тегеурінді жазушылардан мол байқаймыз.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. «Жалған дүние» романындағы экзистенциалистік мəселелер//КазҰУ Хабаршысы, №1, 53 б.
2.  ХХ ғасырдағы батыс экзистенциализі.// Таңшолпан журналы, №2, 128 б.
3.  Коссак Е. Экзистенциализм в философии и литературе: Перев. с польск.-Москва: Политиздат, 1980.-360б.
4.  Жарылғапов Ж.Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мəселелері. – Қарағанды, 
2003.
5.  Бердібаев Р. Заман сазы: Зерттеулер мен мақалалар.-Алматы: Жазушы, 1985-320 б.
6.  Майтанов  Б.  Қазақ  романдарындағы  замандас  бейнесі.//Дəстүр  жəне  жаңашылдық. – Алматы:  Ғылым, 
1980.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
МАЗМҰНЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Жиентаева Бегайым Жиентаевна
п.ғ.к., доцент,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Жоғары  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі – мамандар  даярлау  сапасын  арттыру,  қарқынды  ғылы-
ми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерт-
теулерінің  əлеуметтік  сала  мен  экономиканың  қажеттіліктерімен  тығыз  байланысы,  білім  беру  жəне 
ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. 
Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті ма-
мандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа 
мен қоғамдық мəртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет. 
Жоғары білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің жəне жеке тұлғаның сапалы жоғары білім 
алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, əрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын жəне мерзімдерін 
таңдауға кеңінен мүмкіндік беру. 
Жоғары білім берудің міндеттері: 
• іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұра-
тын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау; 
• білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы 
білім беру қызметін ұсынуға деген уəждемелерін күшейту;
•  жоғары  оқу  орындарын  халықаралық  аккредиттеуден  өтуге  дайындау.  Бетке  ұстар  жоғары  оқу 
орындарын дамытуға объективті жағдайлар жасау:
• жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратеги-
ялық жоспарлау жүйесін енгізу;
• студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орны басшыларының 
сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді əзірлеу жəне енгізу. 
Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында: 
1)  жоғары  оқу  орындарының  қызметіне  қоғамдық  бақылауды  күшейту  арқылы  ашық  азаматтық 
қоғамның талаптарына сəйкес жоғары оқу орындарын басқару жүйесін жетілдіру; 
2) үздік жоғары оқу орындары арасында кəсіптік кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсы-
рысты бөлу тетігін енгізу; 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау