Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет77/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   176

159 
 
емес.  Ол  үшін  мұғалімнің  біліктілігі,  іскерлігі,  көптеген  әдіс  тәсілдерді  қолдана  білу,  
айтқанын  оқушы  жүрегіне  жеткізе  алатындай  шешендігі,  шебер  ой  өрнегі  болуы  керек. 
Сабақ  үстінде  небір  күрделі  қиындықтар,  оқыс  әрекеттер  кездеседі.  Шебер  ұстаз  
соның  бәріне  төтеп  беріп,  ешқандай  әрекетке  жол  бермей  сабақ  үрдісін  түрлендіріп  
отырады.    Бүгінгі    таңда    озат    педагог-ғалымдар,    тәжірбиелі    мұғалімдер    ойлап    тапқан  
сабақты  түрлендіре  өткізудің  неше  түрлі  жаңа  тәсілдері  жеткілікті. 
Қазақстанда  да  Қазақстандық  мектептер  үшін  оқыту  технологияларын  дайындау  
мәселесімен    айналысып,    ғылым    мен    практиканы    қоса    алып    жүрген    отандық  
ғалымдарымыз    баршылық.    Осындай    технологиялардың    бірі  –  Ж.Қараевтың    деңгейлеп,  
саралап  оқыту  технологиясы. 
Технология  дегеніміз – белгілі  бір  үрдістерді  жүзеге  асыру  әдістері  жайындағы  
білімдердің  жиынтығы,  оқу  үрдісін  жандандыру  мақсатында  ұйымдастырылған,  белгілі  
бір  мақсатқа  жұмылдырылған  алдын  ала  ойластырылған  ықпал  мен  әсер. 
Сонымен    бірге    оқу  үрдісін    ойдағыдай    жүзеге    асырудың    мазмұнды    техникасы  
және  білім  алудың  жоспарланған  нәтижеге  жету  үрдісінің  сипаттамасы. 
Соңғы  жылдары  кеңінен пайдаланып жүрген  технологиялардың  бірі – Ж.Қараевтың 
«Оқытудың    үшөлшемді    әдістемелік    жүйесі»    педогогикалық    технологиясы.    Бұл  
технологияның  мазмұнын,  ерекшеліктерін түсіну үшін, дәстүрлі оқытумен  салыстырайық. 
Егер дәстүрлі  оқытуда  оқу-тәрбие  үстінде  басыңқы  рөл  мұғалімде  болса,  қазір  
белсенді  қызметті  оқушы  атқарады,  оны  оқытпайды,  ол  өзі  оқиды. 
Дәстүрлі оқытуда  мұғалім  оқушыға  дайын,  дұрыс  ақпаратты  берген,  оқушы  тек  
тыңдап    ақпаратты    қабылдап  отырған.    Сабаққа    көбінесе    тиімсіз    әдістер    қолданылған 
(лекция,  сұрақ-жауап,  жаттығулар  орындау   т.б.)  Қазіргі  кезде  оқушы  өзі   ізденіп,  өзі  
оқып,  өзі  үйренеді.  Сабақта  проблемалық  оқыту  іске  асырылады. (жағдайатты  шешу,  
балаға  ой  тастау, «Миға  шабуыл»  дебаттар  т.б.)  Мұғалім  сабақта  басқарушылық  міндет  
атқарады,  оқушыға  бағыт-бағдар  беріп  тұрады. Негізгі  көңілді  әрбір  оқушының  жеке  
мүмкіндіктерін,  қабілеттерін,  қызығушылықтарын  анықтауға  бөледі. 
Оқушының    қызметі    көптеген    тұлғалық    қасиеттеріне    қарай    бағаланады    (ойдың  
дамуы,    тіл    мәдениеті,    дербестік,    ынталығы,    жауапкершілігі    т.б.)    Әрбір    оқушының  
дамуы    басқа    оқушымен    емес,    өзімен    салыстырылады.    Оқушыға    өзін-өзі    бағалауға  
мүмкіндік  беріледі.  Бұл  технологияда  жеке  және  топтық  оқытудың  түрлері  негіз  болып  
табылады. 
Топтық    оқытудың    негізгі    мақсаты  –  оқушыларға    шағын    топтағы    бірлескен  
жұмысқа  тарту.  Мұндай  топта  оқушы  өз  даралығын  жоғалтпайды.  Қажетті  жағдайда  
оқушылар  бір-бірінен  көмек  сұрай  алады,  ортақ  міндеттерді  шешеді  т.б.  Бұл  жағдайда  
әрбір  оқушы  тек  өзінің  жетістіктерін  бағалап  немесе  кемшілігін  түсініп  қана  қоймайды,  
сонымен  бірге  ортақ  нәтижеге  өзі  қалай  әсер  ететінін  көре  алады. 
Жеке  оқыту  түрі  оқушыға  кейбір  тапсырмаларға  тереңіне  тоқталуға  мүмкіндік  
береді,  өзінің  де,  мұғалімнің  де  алдында  тапсырмаларды  орындау  нәтижесіне  жауапты  
болуға  үйретеді. 
Оқытудың    бұл    түрлерінің    негізі-оқушыға    сенімділік,    өзіне    беру    қабілетіне  
сүйену,  ар-намыс  және  өзін-өзі  сыйлау  қасиеттерін  ынталандыру. 
Деңгейлеп  –  саралап    оқыту    технологиясы  –  оқушының    туа    біткен    ақыл-ой  
қабілетінің    жеке    даму    жан-жақтылығына    негізделген    білім    беру    жүйесі.    Деңгейлеп  
оқыту  оқылатын  ақпараттың  азаюы  арқылы  емес,  оқушыларға  қойылатын  талаптардың  
әр    түрлілігі    арқылы    жүзеге    асырылады.    Бұл    технологияда    бірінші    орында    оқушы  
туралы  және  оны  өз  бетімен  білім  алудағы  белсенділігіне  баса  назаро  аударылады. 
Деңгейлеп    оқыту    әр    оқушыға    өз    мүмкіндіктерін    барынша    пайдалана    отырып,  
білім  алуына  жағдай  жасайды.  Әр  түрлі  категориядағы  балаларға  бірдей  зейін  аударып,  
олармен  саралап  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді. 


160 
 
Деңгейлеп    оқыту    барысында    оқушылардың    есте    сақтау    қабілеті    жақсарып,    өз  
эмоциясын  өзі  басқара  білетін,  қабылдауының  күшеюі,  зейінінің  тұрақтылығы,  ойлауы  
дамитыны  анық  байқалады. 
Бұл  технологияның  артықшылығы: Оқушылар қазақ тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  
өз  ойларын  еркін  әрі  кең  түрде  жеткізе біледі,  олардың  әдеби  тілде  сойлеу  дағдыларын  
жетілдіреді,  өз бетінше  жұмыс  істей  білуге  үйретеді,  Сонымен  қатар  ғылыми  ізденіс  
жұмыстарына  баулиды. 
Ресей  ғалымы  В.П.Беспалько  бұл  деңгейлерді: 
1-деңгей – міндетті,  оқушылық 
2-деңгей – алгоритмдік 
3-деңгей – эвристикалық 
4-деңгей – шығармашылық  деңгейлерді  қабылдау  деп  атайды. 
Деңгейлік    тапсырмаларға    мысалы    арнайы    пәннен    төмендегідей    талаптар  
қойылады: 
Бірінші  деңгейдегі  тапсырмаларға: 
1.Жаттап  алуға  лайықталған   болуы  керек. 
2.  Алдыңғы    сабақта    жаңадан    меңгерілген    білімнің    өзін    өзгертпей    қайталап,  
пысықтауына  мүмкіндік  беруі  тиіс. 
3. Тапсырмалар  жаңа  тақырып  үшін  өзгеше  үлгімен  және  өмірмен  байланысты  
болуы  керек. 
Екінші  деңгейдегі  тапсырмаларға: 
1.Өткен  материалдарды реттеуге  және  жүйелеуге  берілген  тапсырмалар. 
2.  Оқушылардың    ойлау    қабілеттін    жетілдіруге    берілетін    тапсырмалар  (ребустар,  
сөзжұмбақтар) 
Үшінші  деңгейдегі  тапсырмаларға: 
1.Танымдық  ізденіс  (эвристикалық)  түріндегі  тапсырмалар  орындау  барысында  
оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым  білімдерін  жетілдіріп,  
тереңдеумен  қатар,  жаңа  білімдерін меңгеріп  өзі  үшін  жаңалық  ашуы  тиіс.  Талдау мен  
жинақтау,  салыстыру    арқылы  негізін  анықтау,  қортындылау    сияқты    ой    жұмыстарын  
қажет  етеді.  Ой  қорытуға  арналған,  дағды  қалыптастыратын  тапсырмалар. 
Төртінші  деңгейдегі  тапсырмаларға: 
Оқушылардың    жинағына    өмірлік    тәжірибесі    мен    қалыптастырған    ұғым  
түсініктерін    қиялы    мен    белсенді    ой    еңбегінің    жаңаша    қағида    дәлелдеу,    қорытып 
шығару. 
Сонымен  қорытып  айтатын  болсақ,  бұлар үш  кезеңнің  бірінші  деңгейі  үшін 1,2  
кезеңдерде  игерілген  теориялық  материалдарды  пысықтау  мен  қайталауға,  ережелер  мен  
анықтамаларды,  ережелерді    жаттауға    арналған  тапсырмалар    және  олар  сынақ    арқылы  
бағаланады. 
Деңгейлеп оқыту барысында  оқушының  біріншісі деңгейдегі  тапсырмаларды  тұрыс  
орындағаны  «есепке»  алынып  отырады. 
Қандай  оқушы  болмасын,  мысалы  өзінің  жақсы  оқитынына  қарамастан,  жұмысын  
«оқушының»  «міндетті», 1-деңгейдің ол үшін жеңіл, болса  да,  тапсырмаларын  орындаудан  
бастайды. Барлық оқушылар жұмыстарын бір мезгілде бастап, әр  қайсысы  білім  игерудегі, 
өз қабілетіне қарай, өз білігіне жетеді. Пән  бойынша 100 үлгерімге  қол  жеткізудің  кепілі 
болады және ең  болмағанда  міндетті бірінші деңгейдегі  игеруін  толық жеткізуге  асырады. 
Әр  оқушы 1-деңгейдегі  тапсырмаларын толық  және  дұрыс  орындап өткізбегенінше келесі 
деңгейге  көшпейді.  «Міндетті»  деңгейді  толық  меңгергеннен  кейін  әрі  қарай  ілгері  
ұмытылады-өзіне  өзінің  сенімі артады. 
Олардың  әр  қайсысы 1-деңгейлік  тапсырмаларды  орындауға  міндетті және  жоғары  
деңгейлік  тапсырмаларды  орындауға  құқылы. 
Әр  деңгейдің  барлық  тапсырмаларды    дұрыс    орындағаны  үшін  оқушылар  сол  
деңгейді  игергеніне  сәйкес  ұпай  алады: 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау