108
оқу, тәрбие беруде жаңа инновациялық технологиялар орнықтыру және оны жүзеге асыру
басты мәселе болып отыр.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі және көп қырлы түсінікте болып келеді.
Білім беру мазмұны дегеніміз – жалпы жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласына іс-
әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру,
ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру болып табылады
[1,43].
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген
ұғымды білдіреді. Инновациялық процестің толық түсінігін, сондай-ақ 30 жылдары
И.Шумпетер, Г.Менш «инновация» терминін ғылымға енгізген [2,44].
«Технология» ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім,
ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнер, білгірлік туралы
ғылыми ұғым.
«Технология» - еңбек ресурстарын дайындаудың негізгі көзі кәсіптік білімнің жүйесі.
Сонымен технология дегеніміз – педагогтың білім, біліктілік, интеллектуалдық, кәсіптік
әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білім беру мақсатындағы мұғалім мен оқушылардың
арасындағы өзара қарым-қатынас процесі.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
- оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- оқушылардың сабақбастылығын шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның
ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау
жасап, назарда ұстау;
- жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен
жете танысу, білімді дейгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді
мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
- оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі 2006 жылғы бірінші
наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік саяси – мәдени
жағдайларға кеңінен жағдай жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында Жастарға көп көңіл бөлген болатын. Сондай-ақ, «қазіргі білім беру
жүйесін дамыту, кадрлардың біліктілігі мен қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан
халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» деп атап көрсетті.
Қазіргі кездегі қоғамды ақпараттандырудың басым бағытталған салаларының бірі –
болашақ мамандар даярлайтын білім беру саласы болып табылады. Жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалануға негізделген білім беруді ақпараттандыру, даярланатын
маманның ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ете білу дағдылары мен қажеттіліктерін
қалыптастыруға, оқыту үрдісінің қарқынын арттыруға, дамыта оқыту идеясын іске асыруға,
оқытуды ұйымдастыру әдістері мен нормаларын жетілдіруге бағытталған. Қазіргі кезде
ақпараттық технологиялар білім берудің басым бағыттарын іске асырудың негізгі құралы
қызметін атқарады. Сондай-ақ ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушы мен
оқытушының рольдері мен қарым-қатынастары өзгереді. Студенттер мен оқытушылардың
бірлескен және жеке шығармашылық іс-әрекеттері ұйымдастырудың кең мүмкіндіктерін іске
асырады. Оқытушы өз студенттерінің тұлғалық дамуын бағыттап, шығармашылық ізденіс
деңгейін көтеріп, олардың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастырушы сапасында қызмет
атқарады. Сонымен қатар, білім беру процесінде ақпараттық технологияларды кеңінен
қолдану ықпалдылығы ақпараттық және демонстрациялық бағдарламаларды, студенттің
компьютермен
интерактивті
жұмыс
режимін
қамтамасыз
ететін
моделдеуші
бағдарламаларды, оқу деңгейін болжау үшін эксперттік жүйелерді, интернет желісінің
ақпараттық ресурстарына енуді пайдалануда арта түсуде [4,10].
Біздің көзқарасымыз бойынша, студенттердің білімдері, біліктері және дағдыларының
деңгейлеріне бірегей талаптардың, оларды бағалаудың ортақ критерийлерінің болмауы кей
109
жағдайда үлгерімді жасанды түрде көтеруге әкеліп соқтырады. Белгілі мақсатқа сәйкес
қолданылу үшін бағалау нәтижелерінің үш түрлі сапасы болуы қажет:
а) олардың валидтілігі, яғни оқыту бағдарламасына нақты сәйкес болуы;
ә) қатаң объективті және тұрақты болуы, яғни өзгерістерге ұшырамаған, уақыттан
тәуелсіз және емтихан қабылдаушының мінезінен тәуелсіз. Басқалары сияқты педагогикалық
бағада әрқашан әртүрлі тектегі және әртүрлі шамадағы қателіктер болады. Осыдан келіп
қателіктерді бағалау және оның негізінде шынайы мәнді есептеу туралы сұрақ туады;
б) жарамдылық, яғни оларды құрастыруға және өткізуге кеткен уақыт, ғылыми
күштер мен құралдар жарамды болуы керек [5,7].
Сондай-ақ еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауын жан-жақты қарастыруға және осы
заманғы Қазақстанның білім беру саласында жаңа міндеттер қою мен сол міндеттерді
шешуге арналған кең көлемді халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өткен
болатын. Дәл осындай білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы алға қойылған ілгері
міндеттердің тиімді шешімдерін табуға арналған ірі ғылыми форумдарды жыл сайын өткізу
біздің Университетте жақсы дәстүрге айналған. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Жолдауында белгіленген Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына
кіру стратегиясының басымдықтары Елбасының жыл сайынғы жолдауларының жүйелі және
логикалық жалғасы болып табылады.
Қазіргі таңда «адамзат әлеуеті» көпқырлы категориялық құнды - бағытты сипатқа ие
болып отыр. Біздің көзқарасымыз бойынша, студенттер тек кәсіби білімдерін ғана емес,
сонымен қатар гуманитарлық мәдениетін, этикалық және құқықтық нормаларын меңгерген,
ойлау мәдениеті жоғары, өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра алатын, үздік дағдыларын
тәжірибеде қолдана білетін жоғары білікті де, терең білімді маман болуы керек.
Қазақстандағы білім берудің жаңа бағыттары жаңа технологияларды меңгерген, еліміздің
экономикасының түрлі салаларындағы ірі жобаларды жоспарлап жүзеге асыруға қабілеті
бар, шығармашылығы жоғары және кәсіби дайындалған мамандарды қалыптастыру болып
табылады. Ашық қоғамның жағдайында әлемдік білім беру кеңістігінде ұлттық білім беру
жүйелерін интернационалдау мен кірігудің ұтымды, тиімді жолдарын қарастыру ең маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған орай, білім беру мен адамзаттық ресурстардың сапасы геосаяси және
геоэкономикалық негізгі фактор болып есептеледі [6,5].
Бір сөзбен айтқанда, елімізде, яғни мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық өзгерістердің білім беру жүйесіне үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХІ
ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды, сондай-ақ жаңа инновациялық технология
бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз – үлкен үміттің басты нышаны болып
табылатыны сөзсіз. Егеменді ел болғаннан бері біздің елімізде білім берудің бағыт-бағдары
Қазақстан
Республикасының
Конституциясында,
Қазақстан
2030
стратегиялық
бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда негізделгені бізге белгілі. Сондай-
ақ еліміздің өсіп-өркендеуі бәсекеге қабілетті білімді, білікті жастарға, сонымен қатар,
оларға білім беретін мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз білім беру жүйесін
қалыптастыру, оқу, тәрбие беруде жаңа инновациялық технологиялар орнықтыру және оны
жүзеге асыру басты мәселе болып отыр.
Педагогикада білім беру дегеніміз жалпы жеке тұлға қалыптастырудағы адам
баласына іс-әрекет, тәсілдерді меңгеру, сондай-ақ жүйелі білім алу, іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру, таным арқылы көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», жаңашылдық деген
ұғымды білдіреді. Ал, «технология» ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және
«logos» - ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік,
білгірлік туралы ғылыми ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |