Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет51/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   176

106 
 
Сондықтан  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  педагогикалық  технологияларды 
пайдалануға  даярлауды  қамтамасыз  ету  үшін  педагогикалық  технологияны  жобалау  қажет. 
Оның  құраушылары  мотивациялық,  мазмұндық,  іс-әрекетті  болып  табылады.  Ол  үшін 
болашақ мұғалімді даярлау моделі әзірленеді. Көп жағдайда модельде қарастырған критерий 
болашақ  маманның  таңдаған  мамандығына  ұмтылысынан  туындайды.  Критерий  (грек 
сөзінен алғанда – пайымдау үшін құрал), белгі, сынның негізінде қандай-да нәрсені бағалау, 
анықтау  немесе  жіктеу  жүргізіледі;  баға  өлшемі  [6].  Психологиялық,  педагогикалық 
түсіндірме  сөздікте  критерий  ―...  бағалауға,  пікір  айтуға  не  топтастыруға  негіз  болатын 
белгі;  қайсы  бір  құбылысты  пайымдау,  бағалау  өлшемі.  Педагогикада  белгілі  бір 
құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнінің өзі күрделі 
және көріністері сан алуан - деп оның қиындық тудыратын жақтары айтылған [7]. 
Педагогикалық  технологияларды  пайдалануды  мұғалімнің  кәсіби  даярлығындағы  іс-
әрекет  құрылымы  мотивациялық,  мазмұндық,  операциялық  компоненттер  көрсеткіштері 
және  сипаттамаларымен  толықтырылған,  бір-бірімен  өзара  байланысты  жүйе  ретінде 
қарастырамыз. 
Педагогикалық  технологияларды  пайдаланудағы  мұғалімнің  кәсіби  даярлығы 
мазмұнындағы іс-әрекеттер құрылымы: 
Мотивациялық:  
- педагогикалық технологияларына қызығушылықтың болуы;  
- педагогикалық технологияларының тұлғалық мәнін түсінуі; 
- педагогикалық технологияларын меңгеруге қажеттіліктің болуы; 
- педагогикалық технологияларын пайдалануға ұмтылысы. 
Мазмұндық: 
- педагогикалық технологиялар туралы теориялық және әдіснамалық білімнің болуы; 
-  педагогикалық  технологияларының  оқу  үдерісінде  алатын  орны  мен  атқаратын 
қызметін білуі; 
- педагогикалық технологияларды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін білуі. 
Операциялық: 
- педагогикалық технологияларды таңдап ала білу; 
- педагогикалық технологияларды жобалау; 
- педагогикалық технологияларды пайдалану 
Рефлекциялық: 
- өзіндік талдау жасауы; 
- өзіндік баға беруді жүзеге асыруы; 
- өзара баға беруді дамыту қабілетінің болуы. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  технологиялық  даярлығының  қалыптасу 
деңгейлерін төмендегідей анықтауға болады. 
Төмен  деңгей  –  технологиялық  даярлықтың  қажеттілігін  саналы  сезінбейді,  оны 
танып  білу  бойынша  ұмтылысы  төмен;  сабақтың  түрлерін,  олардың  құрылымын,  сабақта 
пайдаланатын оқыту әдістерін, ұйымдастыру формаларын, пайдаланатын құралдарды танып 
біледі және сипаттай алады; өзіндік талдауды жүзеге асыра алмайды. 
Орта  деңгей  –  репродуктивті  әрекет,  технологиялық  даярлықтың  оқытуды  нәтижелі 
етуге  қажетілігін  сезінуі  төмен;  сабақты  өтуді,  белгілі  іс-әрекеттерді  орындауға  қажетті 
меңгерген  ақпараттар  негізінде  өз  бетінше  қайта  жаңғырта  алады,  қолдануды  бағдарлай 
алады; іс-әрекетіне өзіндік талдау жүргізуі жеткіліксіз. 
Жеткілікті деңгей – тиімді әрекет, технологиялық даярлықтың оқытуды нәтижелі етіп 
ұйымдастыру мүмкіндігін саналы сезінеді; көптеген нысандарға тиісті іс-әрекеттердің үлгісін 
пайдалануы дұрыс жүзеге асырылады, бұл жағдайда бақылаудағы білімгер жаңа, қажетті деп 
танылған әрекетке арналған субъективті жаңа ақпараттарды өз бетінше құруы немесе белгілі 
бағдарлық  негізді  өзгертуі  орын  алады;  орындаған  іс-әрекетіне  талдау  жасауы  толық  мәнді 
болмайды. 


107 
 
Жоғары  деңгей  –  шығармашылық  әрекет,  мұғалімнің  технологиялық  даярлығының 
оқытуды барынша нәтижелі етіп ұйымдастыруға бағытталатынын саналы сезінеді және оны 
барынша  танып  білуге  ұмтылады;  оқыту  технологиялары  жөніндегі  білімі  толық  мәнді 
болады;  көптеген  нысандарды  танып  білуде  іс-әрекеттің  бағдарлық  негізін  өз  бетінше 
құрастыра  алуы  орын  алады,  осындай  іс-әрекет  негізінде  объективті  жаңа  ақпараттар 
жинақтайды; орындаған іс-әрекетіне талдау жасауы толық мәнді жүзеге асырылады. 
Оқу  үрдісінде  инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  студенттердің  білімін 
көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік 
оқыту  жүйесі,  электрондық  оқулық  немесе  жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы 
студенттердің  жалпы  қызығушылығын  туғызады,  ол  өз  кезегінде  оларды  сапалы  және 
тұрақты білім алуына жағдай жасайды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Рузавин  Г.И.  Педагогические  инновационные  технологии:  Учебн.  пособие  для 
вузов. – М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с. 
2.  Дистерверг  A.  Руководство  к  образованию  немецких  учителей.   Избранные 
педагогические сочинения. М.: Учпедгиз, 1956. С. 136-203. 
3. Монахов В.М. Творческая педагогика. - 2001. - 1. - с.35-47.  
4.   Бұзаубақова  К.  Ж.  "Жаңа  педагогикалық  технология"  тренингі  [Мәтін]  :  оқу-
әдістемелік құрал. -А.:Жазушы, 2005.-54с 
5.  «5В010200  –  Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығы  ҚР 
МЖМБС. ҚР МЖМБС 6.08.012-2009. - Астана, 2009. - 24 б. 
6.  Советский  энциклопедический  словарь.  –М.:  Советская  энциклопедия,  1989.  -  С. 
664. 
7.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сӛздігі:  Педагогика  және 
психология /жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайынов. –Алматы: Мектеп; ЖАҚ, 2002. – 
256 б. 
 
 
УДК 378.22 
 
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Жотабаева А.Р., Жанакулова Р.С., Меркебаева Г.О. 
№14 орта мектеп-гимназиясы, Талдықорған қ.  
№8 орта мектеп, Текелі қ. 
Aigul@ mail.ru 
 
Біздің  мемлекетімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  білім  беру 
жүйесінің  алдына  үлкен  міндеттер  қойып  отырғандықтан  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім 
мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз  – 
үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. 
Егемен ел болғаннан бері, өз бетімізше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде 
білім берудің бағыт-бағдары  Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан – 
2030»  стратегиялық  бағдарламасында,  Қазақстан  Республикасының  «2015  жылға  дейінгі 
білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасында»  және  басқа  да  құжаттарда 
негізделгені бізге мәлім. 
Жас  өскелең  ұрпақтың  тағдыры  олардың  бойына  ізгілік  нұрын  себуші  ұстаздардың 
қолында,  сондай-ақ  мұғалім  –  балаларға  білім  ғана  емес,  оларды  өмір  бойы  үйренуге 
үйрететін, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман болып табылады. 
Сонымен қатар, еліміздің өсіп өркендеуі бәсекеге қабілетті білімді, білікті жастарына, оларға 
білім  беретін  мұғалімдерге  байланысты  десек,  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру, 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау