260
ӘОЖ 541.124
МУЗЫКА ТЫҢДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Сарқытбекова М., 3
курс студенті,
Спанова Ж., Қайролла Ж., 4 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Таубалдиева Ж.Ш., профессор., п.ғ.к.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
z.taubaldieva @mail.ru
Егемен еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатырған
талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді,
ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын
таныта алатын бәсекеге сай құзіретті маман қалыптастыру маңызды міндетболып отыр.
Құзіретті мамандар қауымы алдында жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру маңызды
рөл атқарады.
Эстетикалық тәрбиенің ажырамас бөлігі-музыкалық тәрбие берудің мақсаты
оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілеттілігін дамыту жолында халық музыкасымен
классикалық музыкаларды терең сезіне түсініп қабылдай алатын, музыка өнері арқылы
әсемдікті,сұлулықты,ішкі жан дүниесі сұлу,рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларды
музыкалық шығармаларды орындап қана қоймай оны терең сезіммен, саналы түрде
қабылдап, тыңдай білуге үйрету музыка маманының басты міндеті.
«Егерде өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің
жоғары болсын » ,музыка сыншысы А.Серов «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін
музыканы түсініп тыңдай білуің керек» деген қанатты сөздері музыка мамандарының өз
білімдерінің жоғары болуына қойылатын талап сияқты. Сондықтан, оқушыларды музыканы
дұрыс түсініп, талапқа сай тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы олардың ой-өрісін, терең сезімін,
санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен жоғары мәдениеттілігін
дамытамыз. Әр адамның бойында да өзіне тән қасиеті болады, сол қасиетті дер кезінде
жүйелі түрде дамытпаса ол тұншығып әрі қарай дамымай қалуы мүмкін. Баланың
бойындағы осы қасиетін, қабілетін ашып дамыта тәрбиелеу кез келген ұстаздың міндеті.
Мектепке дейін балалардың бойындағы қасиеттері отбасында немесе балабақшада оянып,
сол қабалеттерін ерте көрсете білген балалар да болады [1].
Жалпы балалардың көпшілігі мектепке дейін бірдей дамып келмейді. Бойында еш
қабілеті жоқ адам болмайды, әсіресе «әу» демейтін адам жоқ, сондықтан оқушылардың
бойларындаөнердің қай түріне бейім қабілеттерін дамыту үшін музыка тыңдау, олардың
сезім пернелерін ояту арқылы жүзеге асырылары сөзсіз. Себебі, музыка-құдіретті күш.
«Ұйықтап жатқан адамды ән оятар, әннің мағыналы мәні оятар» деп ұлы да дана ақын Абай
музыканың адам санасына ететін әсерін дәл суреттеген.
Музыка тыңдау және оны қабылдау музыка сабағының іс-әрекеттерінің барлық
түрлерінің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) нәтижесінде қалыптасады. Музыка
тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейінін, эмоциялық сезімдерін, ойлау, түйсіну
қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау неден басталады десек, ол тыныштықтан
батсалады дер едік; өйткені музыканы қабылдай білу алдымен ұқыптылықты, зейінділікті,
тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен-саз көңілге жайлы, ақылға қонымды, адам
сезімін жылытатын жүрек қылын шертетін әсер берері сөзсіз.
Төменгі класс оқушыларының музыка тыңдау дағдыларын дұрыс қалыптастыру
барысында олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, шағын, жеңіл музыкалық шығармаларды
тыңдатудан бастауымыз керек. Музыканың орындалу ырғағына, тембріне және шығарманың
мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек [1].
261
1. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музыкаға эмоциялық
әсерін көрсету, музыкалық бейнені түсіну.
2. Тыңдау қабілеттілігі, музыкалық құбылыстарды салыстырып, баға бере білу.
Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап,ести білу мәдениетін, қайсібір
бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілеттілігін талап етеді.Мысалы, балалар
музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль, скрипка, баян,
домбыра, қобыз, т.б) жоғары және төмен тембрлік дыбыстарын бір-бірімен салыстырады,
әннің бастамасын,қайырмасын (музыкалық шығарманың ең қарапайым құрылымын) бір-
бірінен айырады, бір-біріне қарама-қарсы көркем бейнелердің айырмашылығын байқайды.
3. Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыка тыңдап
отырғанда көркем бейнені, жанрды (әнді, күйді, биді) көз алдына өзінше елестетіп
қабылдайды.
Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік – ол музыкалық шығарманың өзі болып
табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан,оқушылардың есту
қабілетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер
қалыптаса ды. Түсініктермен қатар оқушылар музыка жанрлары, шығармалардың құрылысы,
музыканың тілі , сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады [2].
Оқушыларға тыңдататын әр музыкалық шығарманың мазмұны музыкалық
тәрбиенің мақсат-мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр класс оқушыларының
жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2 класс оқушыларына тыңдатылатын музыкалық
шығарма шағын, жеңіл, ойналу ұзақтығы 1,1,5 минуттан аспайтын, 3-4 класс оқушыларына
3 минуттай болуы керек. Тыңдатылатын музыкалық шығармаларды жеңіл және күрделі
(байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыкалық шығарманы көңіл көтеріп демалу кезінде
тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтанда жеңіл музыка деп
аталады. Оған эстрадалық, джаздық,оперетталық музыкаларды жатқызуға болады.Мұндай
музыкалар әдемі, көркем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, уақытша қанағат
береді. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең
сезімге жетелемейді. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мағынасы
жоқ музыкаларда болады. Әсіресе соңғы кездері сондай әуендер көбейіп кетті,мәнсіз,
мағынасыз, құр дүңкілдеген ұрмалы аспаптардың дыбыстарымен адамды еріксіз қозғалтатын
тыңдаушының жүйкесіне балғамен ұрғандай әсер етуі арқылы нәзік сезімдер мен түйсіктерді
жойып,мидың,жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді [3].
Мұндай музыкаларды жас балаларға ұзақ тыңдату оларға кері әсер беретінін музыка
маманы жақсы білуі керек. Сондықтан, төменгі класс оқушыларына музыка тыңдатуды
шағын,жеңіл болсада мағыналы күрделі музыкалық шығармаларды тыңдай білуге баулып,
музыка тыңдау репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, халықтық, кәсіби
классикалық ( орыс,шетел) және қазіргі заманмузыкаларын енгізген дұрыс.
Музыкалық шығармаларды қабылдау кезеңінде оларды игеру мынадай төрт кезеңге
бөлуге болады:
1) мұғалімнің кіріспе сөзі
2) алғашқы
тыңдау
3) шығарманы
талдау
4) шығарманы қайта тыңдату.
Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару
мақсатында болуы керек. Тыңдатылатын музыканың мазмұнын толық ашып баяндап
берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау,түйсіну, елестету қабілеттерін
дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап
отырғанда нені байқайсындар?, музыка нені баяндар екен? көз алдарыңа нені елестетер
екенсіндер? деген сияқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар оқушылардың
бойындағы қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
1) Кіріспе әңгіменің барысында тыңдатылатын музыканың авторы – сазгер туралы
қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланысты баяндау керек.