Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
124
объединения производственные коллективы, общественные фонды, народная
педагогика.
Важнейшим элементом в этой системе является сама личность школьника
каждый из названных элементов, реализуя свою специфику, работает на достижение
общей цели. Достигается эта цель как выше видим, благодаря организации различных
видов деятельности, отношении, общении, влиянию на интеллектуальные,
нравственные, эмоциональные качества школьников, пробуждению внутренних сил,
самостоятельности и ответственностью в учебе, труде, общественной работе.
В компонентный состав процесса воспитания правовой культуры учащихся
относят, прежде всего, цель образовательно-воспитательного процесса, которой
определяется вся деятельность следующих компонентов
- педагогов и учащихся, содержание правового воспитания как целостности, на
усвоение которой ориентирована система, и элементы, способствующие
эффективности реализации правового воспитания (принципы, движущие силы,
методы,
формы организации, условия).
Таким образом, общая концепция развития воспитания правовой культуры
учащихся как части системы воспитания в основном формируется в целостном учебно-
воспитательном процессе школы и немаловажное значение должно придаваться
деятельности педагогического коллектива, классного руководителя и семьи и
общественных объединений.
ЛИТЕРАТУРА
1.Ильенко Л.П. Программа развития школы: структура, содержание,
перспективное планирование работы.- М., 2003.
2.Исаев Р. И. Социальное партнерство в регионе как основа развития
образовательных организаций и предприятий //Материалы докладов участников
международной конференции (Санкт-Петербург, 22-23 июня 2004 года) /Под научной
ред. Н. А. Лобанова и В. Н. Скворцова. - СПб.: Издательский дом «Петрополис», 2004.
- С. 123-128.
З.Кабуш В. Т. Ученическое самоуправление: теория и практика // Творческая
педагогика. - 2003. - № 1. — С. 42-52.
4.Кадушина А. А. Основные тенденции развития среднего образования в
современной Англии и борьба за его демократизацию: Автореф. дисс. канд. пед. наук. -
Минск, 1986. - 16 с.
5 .Кадышев Е. Н. Концепция многоуровневой образовательной системы в рамках
классического университета //Известия РАО. - 2001. - №. 3. - С. 39-43.
6.Филонов Г.Н. «Воспитание гражданина в советской школе». - М.: Педагогика,
1990. - 52 с.
7.Караковский В.А. Воспитай гражданина: (Записки директора школы). -М.:
Московский рабочий, 1987. - 102 с.
РЕЗЮМЕ
В статье придается особое значение деятельности педагогического коллектива в
воспитании правовой культуры
учащихся школ Кырзызстана
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қызғызстан мектептерінде құқықтық мәдениетке тәрбиелеудегі
педагогикалық ұжымның қызметі қарастырылады.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
125
ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫ АДАМГЕРШІЛІК ТҦРҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
МӘСЕЛЕСІ
Текесбаева Г. М. - аға оқытушысы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ӛсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттерінің
бірі оларға адамгершілік тәрбие беру болып есептеледі. Адамгершілік тәрбие
міндеттеріне, - профессор Н.И.Болдырев айтқандай, - адамгершілік сананы
қалыптастыру, моральдық сезімдерді жетілдіру және мінез-құлық дағдылары мен әдет-
қылықтарын бойға сіңіру енеді. Мұның бәрі сайып келгенде ӛсіп келе жатқан жас
ұрпақтың бойына қажетті моральдық қасиеттерді сіңіріп, орнықтырады, оларды
қоғамдық және жеке ӛмірге даярлауды қамтамасыз етеді [1].
Адамгершілік тәрбиесін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардан бӛліп алып, жеке
сала ретінде қарастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі әр уақытта да табиғаттың,
қоғамның және жеке адамның дамуы туралы философияның методологиялық
принциптеріне, әлеуметтану, педагогика, психология және физиология ғылымдарының
озық жетістіктеріне сүйенеді.
Адамгершiлiк тәрбиесi - жас ұрпақтың белгiлi бiр мақсатқа негiзделген
кӛзқарасын, сенiмiн, парасатты мiнез-құлық дағдылары мен әдеттерiн
қалыптастыруға және адамгершiлiк сезiмдi, ұлттық сананы, қарым-қатынасты
дамытуға, жалпыадамзаттық құндылықты тиiмдi пайдалануға бағытталған
жалпыадамзаттық тәрбиенiң құрамдас бӛлiгi.
Адамгершiлiк
тәрбие
мыналарды
қамтиды:
адамның
қоғаммен
байланыстылығын, оған тәуелдi екенiн, ӛзiнiң мiнез-құлқын қоғамның
мүдделерiмен үйлестiрудiң қажеттiгiн сезiну, адамгершiлiк мұраттарымен
таныстыру, қоғамның талаптарымен, олардың заңдылықтарымен және адамгершiлiк
туралы бiлiмдерiн адамгершiлiк сезiмдерге айналдыруды кӛздеумен, адамның
адамдарға құрметпен қарауын қарастыруды, сӛйтiп адамгершiлiк дағдыларды
қалыптастыруды кӛздеу.
Адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз – моральдық нормаларды жаттату, ақыл айту,
миына құюға тырысу, мiнез-құлық дағдыларын қатаң талап қою арқылы игерту
емес, ол ӛзара әрекет, қарым-қатынас және қайшылықтарды жеңуден тұратын
белсендi ӛмiрлiк үрдiс. Бала ӛзiнiң iшкi және сыртқы қайшылықтармен күресте ғана
ӛзiн адамгершiлiк иесi ретiнде сезiне алады. Ендеше, адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз
– балаларды ӛмiрлiк қайшылықтарды, қақтығыстарды, келiспеушiлiктердi жеңе
бiлуге үйрету. Оқушылардың адамгершiлiгiн қалыптастыру үшiн олардың ӛмiрдегi
қайшылықтарды тәрбие үрдiсiнiң объектiсi ретiнде қарастыру, ол қайшылықтарды
шешу үшiн шығармашылықпен жүйелi жұмыс iстеу арқылы олардың адамгершiлiк
сезiмдерi, санасы, әдеттерiнiң қалыптасуына ерекше кӛңiл бӛлу қажет.
Мектеп жас ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр ықпал етедi және белгiлi
бiр дәрежеде жүзеге асырады. Мектептi бiтiргеннен кейiн адам мiнездiң жаңа
сапаларын игермейдi, қайта бұрынғыларын шыңдай түседi немесе түзетедi. Сол
себептi балалардың мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi адамгершiлiктiң барлық
салаларын қамтуы тиiс. Мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi бiздiң ӛмiрiмiздiң тек осы
кездегi талаптарын ғана емес, болашақтағы талаптарын да қанағаттандыруға
бағытталуы қажет.
Адамгершiлiк тәрбиесi тәрбиеленушiнiң дамуына қандай игi әсер ететiндiгiн,
тәрбие әсерiмен оқушы қалай ӛзгеретiндiгiн, адамгершiлiк кемелiнiң жаңа
сатысына қалай кӛтерiлетiндiгiн педагог жақсы бiлуi тиiс. Ол үшiн адамгершiлiк
тәрбиесiнiң бүкiл үрдiсiн жеке буындарға бӛлiп, әрқайсысын жекелей қарастырған
жӛн. Бұл үрдiстiң аса маңызды буыны – адамгершiлiк сананы қалыптастыру.