Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет60/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
126 
Оқушының  адамгершiлiк  санасын  қалыптастыру  үшiн  оның  сезiмiне  әсер  ету 
керек.  Ал,  баланың  сезiмiне  әсер  ету  –  тәрбие  жұмысының  күрделi  саласы. 
Сондықтан кӛптеген мұғалiмдер баланың санасына әсер етудi жӛн кӛредi, ал тәрбие 
жұмысында оның сезiмiне қалай әсер ету керектiгiн бiле бермейдi. 
Оқушының  сезiмiне  әсер  етудiң  тәсiлдерiн  анықтағанда,  сезiмдi  тәрбиелеу 
негiзiнен баланың бұрынғы ӛз сезiмдерiн ӛзгерту және одан әрi жетiлдiру жолымен 
асырылатындығын  ескерген  жӛн.  Мысалы,  мектеп  қабырғасында  туған  жердiң 
табиғаты туралы қанша айтқанмен,  оның сұлулығы  мен ұлылығы  балаларға онша 
әсер  етпеуi  мүмкiн.  Ал  ендi  табиғатқа  саяхат  жасаса,  суретке  түсiру,  әңгiме 
құрастыру  жайлы  тапсырма  берiлсе,  бұл  оқушылардың  табиғатқа  деген 
сүйiспеншiлiк сезiмдерiн туғызар едi. Бұл жағдайда мұғалiм iзгi сезiмдердi туғызып 
қана қоймай, оның бекуiне де жағдай жасайды. 
Оқушыдағы  жаңа  сезiмдер  қатты  әсерленудiң  ықпалымен  жетiлуi,  ӛзгеруi 
мүмкiн.  Әсерлену,  әсiресе  ӛзгелердiң  iстегенiн  қабылдау  және  санадан  ӛткiзу 
үрдiсiнде  сезiм  пайда  болады.  Мәселен,  тарихымыздағы  ұлы  бабаларымыз  бен 
батырларымыздың,  хандар  мен  билерiмiздiң  халқы  үшiн  кӛрсеткен  теңдесi  жоқ 
ерлiктерi  туралы  әсерлi  әңгiмелеу  бала  сезiмiне  ӛте  қатты  әсер  етiп,  оның 
адамгершiлiк,  елжандылық,  Отансүйгiштiк  сияқты  iзгi  сезiмдерiн  оятады.  Мұғалiм 
ұжым  ӛмiрiн  жарқын  да  сезiмге  бай  етiп  ұйымдастыра  алса,  мұның  ӛзi  Отан  сүю, 
ұжым  алдындағы  жауапкершiлiк  сияқты  жоғары  адамгершiлiк  сезiмдерiн 
қалыптастыруға негiз болмақ.  
Мектеп  оқушыларының  адамгершiлiк  мұраттарының  қалыптасуында  мұғалiм 
маңызды рӛл атқарады, ӛзiнiң барлық жұмысында ол оқушыларды адамдар мiнезiне 
талдау  жасап,  бiлудi,  шынайы  адамгершiлiктi  ӛтiрiк,  жасанды  адамгершiлiктен 
ажыратуды үйретедi. Балалар ӛмiрiн ұйымдастыруды, ӛзiнiң жеке басының тәртiбiн 
оқушылармен 
арақатынасын 
егжей-тегжейлi 
ойластырған 
мұғалiм 
ғана 
оқушылардың саналы тәртiбiн тәрбиелеуде табысқа жете алады. Әр оқушының iшкi-
сыртқы  сырын  әрбiр  деталына  дейiн  екшеп  бiлiп,  соған  сәйкес  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыра  бiлсе,  мұғалiм  әр  оқушының  ерекшелiгi  мен  мүмкiндiгiне  сәйкес 
алдына  нақты  тарсырма  қоя  бiлсе,  онда  оқушының  бойында  адамгершiлiк 
қасиеттердiң қалыптасуы тез әрi табысты жүредi.  
Адамгершiлiкке  тәрбиелеу  оқушының  жеке  басын  қалыптастыру  мен 
дамытудың  аса  маңызды  бiр  саласы  болып  табылады.  Ол  оның  ата-анаға, 
айналадағыларға,  ұжымға,  қоғамға,  Отанға,  еңбекке,  ӛз  мiндетiне  және  ӛз  басына 
қатынасын  қалыптастыруды  кӛздейдi.  Адамгершiлiк  тәрбиесiнiң  негiзгi  мiндетi  – 
қоғамның әлеуметтiк қажеттi талаптарын әр баланың борыш, намыс, ождан, қадiр-
қасиет сияқты биiк адамшылық iшкi стимулдарына айналдыру болып табылады.  
Тәрбие  жүйесiнiң  тиiмдiлiгiнiң  аса  маңызды  кӛрсеткiшi  оқушының 
адамгершiлiк  жағынан  жетiлуi,  оның  рухани  адамгершiлiк  қасиеттерiнiң  елеулi 
ӛзгеруi  болып  табылады.  Жетiлгендiк  оқушылардың  дағдылы  және  күрделi 
жағдайлардағы  адамгершiлiк  мiнез-құлқының  тұрақтылығын,  мiнез-құлқының 
ересектер бақылауынан бiршама тәуелсiздiгiн, ӛз әрекетiнiң адамгершiлiк тұрғыдан 
қалай  болатынын  алдын  ала  болжап  бiлуден,  iштей  бақылауы,  ар-ожданның  пайда 
болуынан,  әрекетiнiң  моральдық  жағын,  ӛзiнiң  адамгершiлiк  қасиет  иесi  екенiн 
түсiне бiлуiнен кӛрiнедi. Адамгершiлiктiң дамуы  – тәрбие жұмысының жемiсi. Бұл 
жүйенiң ӛлшемi – тәрбие жұмысының пәрмендiлiгi. 
Адамдық  сананың  моральдық  үлгісі  -  адамдық    мәдениеттің  бір  бӛлігі. 
Моральдың мәнін, ӛлшемін және ұстанымдарын түсіну тәрбиеленушілерді ӛздерінің 
және  басқа  адамдардың  қылықтарын  бағалай  білуге,  адамгершілік  туралы  ойлауға 
үйретедi.  Мектеп  жасындағы  оқушылардың  бойында  мәдени  қарым-қатынас  пен 
жүріс-тұрысты  қалыптастыру  үшін  мұғалім  тәрбие  жұмысының  мақсаты  мен 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
127 
мазмұнын дұрыс жоспарлап, әр оқушыға ықпал жасайтындай әдіс-тәсілдерді дұрыс 
таңдай білуі, таңдалған әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білуі керек. 
Адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызды  педагогикалық  міндеттері  – 
оқушылардың белсенді ӛмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы кӛзқарасын, 
сӛз  бен  істің  бірлігін,  адамгершілік  нормаларынан  ауытқушылыққа  жол  бермеуді 
қалыптастыру болып табылады.  
Адамзат  тарихында  адамгершілікке  байланысты  пайда  болған  категориялар: 
жомарттық,  батырлық,  ерлік,  әділдік,  қарапайымдылық,  кішіпейілділік,  адалдық, 
шыншылдық,  ұяттылық,  ар  мен  намыс,  тағы  басқалары.  Бұлар  сонау  кӛне  дәуірден 
бастап,  күні  бүгінге  дейін  ӛз  маңызын  жоғалтпаған.  Сондай-ақ  адамзаттың,  әрбір 
адамның  ішкі  рухани  адамгершілік  дүниесінің  негізгі  формалары  –  үміт,  сенім  және 
махаббат үнемі даму үстінде болады. 
Әрбір  қоғам  ӛзінің  даму  үдерісінде  адамгершілік  категорияларына,  оның 
мазмұнына  кӛптеген  ӛзгерістер  енгізіп  отырған.  Мәселен,  кӛне  грек  дәуірінде 
адамгершілік  категориялары  сол  қоғамдағы  тарихи,  әлеуметтік,  экономикалық 
үдеріске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күшіне айналды. 
Адамгершілік  қасиеттері  отбасында,  ортада,  балалар  бақшасында,  мектепте, 
адамдардың 
іс-әрекеттерінің 
барысында 
бір-бірімен 
қарым-қатынас 
жасау 
нәтижесінде, қоғамдық тәжірибемен байланыста қалыптасып, дамиды. Халықта «Ұяда 
не  кӛрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  деген  мақал  бар.  Тәлім-тәрбие  болмаған  жерде 
адамгершілік қалыптаспайды. 
Адамның  асыл  қасиеттерінің  бірі  -  әділдік,  турашылдық,  шыншылдық.  Әділдік, 
шын мәнісінде адамның іс-әрекетінің нормасы болуы керек. Бұл - ӛмірдің  қажеттілігі. 
Бұл қасиеттер - әрбір адамға тән, жақсы ӛмір сүрудің шарты. 
Адамда  асыл  қасиеттермен  қатар,  жағымсыз  қасиеттер  де  болады.  Олар: 
жалқаулық,  ӛзімшілдік,  күншілдік,  сараңдық,  пайдакүнемдік,  қорқақтық,  менмендік, 
мақтаншақтық,  қулық,  екіжүзділік,  жарамсақтық,  қатыгездік,  ашуланшақтық, 
ызақорлық  сияқты  қасиеттер.  Бұл  қасиеттер  –  адамгершілігі  мол  адам  бойында 
болмайтын қасиеттер.  
Адамдық қасиеттер мен адамгершілік жайында туған халық мақалдары халықтың 
бұл  жӛніндегі  ой-тілегін,  арман-мүддесін,  ұлттық  мақтанышының    қандай  екенін 
кӛрсетіп  отырады.  «Адамдық  -  адал  жанның  ісі»,  «Адамгершілік  –  ардың  ісі»  деген 
мақалдар,  ең  алдымен  адамдық  мінез-құлық  пен  адамгершіліктің    жоғары 
бағаланатынын кӛрсетеді.  
Оқу-тәрбие 
үдерісінде 
адамгершілік, 
адалдық, 
адамдық 
қадір-қасиет, 
кішіпейілдік,  кісілік  туралы,  туған  жер,  Отан,  тау,  тас,  табиғат,  жан-жануарлар  т.б. 
туралы ӛлеңдер, әңгімелер мен түрлі мақал-мәтелдер жас ұрпақтың еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілігін арттырып, адамдық қасиеттерін дамытады. 
Сонымен,  әрбір  ұстаз  жеке  тұлғаны  әлеуметтендіруде  адамгершілік  тәрбиесіне 
ерекше кӛңіл бӛлуі тиіс.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Бодырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы», Алматы, 1987, 18-
бет. 
2. Байтұрсынов А.  Шығармалары. Ӛлеңдер, аудармалар, зерттеулер – Алматы: 
Жазушы,1989; 223-б. 
3. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. М., 1977. 
4. Выготский Л.С: ―Собрание сочинений М,.4 т 1984 –  с. 243 
 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау