Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
7
этнопедагогика және 13.00.02 – оқыту мен тәрбиенің әдістемесі (бастауыш, орта және
жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі ғылыми-
педагогикалық кадрлар даярлануда.
Университет ізденушілерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері 2006
жылдан бері «ҚызПУ хабаршысы» арқылы 6 сериямен (жаратылыстану, тарих,
экономика және білімдегі сервис, педагогика, психология, филиология) жарық кӛреді.
Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының мақсаты
қоғамдағы орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістердің индикаторлары
ретінде гендерлік мәселелерді кешенді түрде зерттеу, гендерлік индикаторларды
пайдалана отырып, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларын құрастыру,
республикамыздың білім беру жүйесіне үздіксіз гендерлік білім беруді енгізу, оқу
бағдарламаларына гендер туралы ақпараттар енгізуіне ықпал ету және оны оқу
үдерісінде белсенді түрде қолдану.
Институт қоғамдық мәні бар жобалар аясында Қазақстан Республикасы
Президентінің жанынан құрылған әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат
жӛніндегі Ұлттық комиссиясымен; БҰҰ «Гендер және даму» бюросы және
халықаралық ЮНИСЕФ, Сорос-Қазақстан, ЮСАИД, ЮСИС, Ф.Эберт қорларымен; әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жанынан құрылған гендерлік зерттеу
орталығымен; Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығымен тығыз әріптестік қарым-
қатынаста бірлесе қызмет атқарады.
Институттың ғылыми жұмыстары нәтижесінде мектепке арналған «Гендер»
кешендік білім бағдарламасы даярланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне -
«Мен-қызбын, мен-ұлмын»; бастауыш мектепке - «Гендер әліппесі»; 5-8 сыныптарға -
«Гендер грамматикасы»; 9-11 сыныптарға арналған «Гендерлік білім негіздері» оқу-
әдістемелік кешені (орыс тілінде) республикалық «Оқулық» атты ғылыми-
практикалық Орталықтың сараптамасынан ӛтіп, басылымға ұсынылды.
Гендерлік ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері университет кӛлемінде
үнемі әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырып тұрады. Мысалы, 2005-2006 оқу жылында
«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты студенттерінің әлеуметтік-
педагогикалық портреті» деп аталатын зерттеу ӛткізілсе, 2008-2009 оқу жылы «Қазіргі
студент қазақ қызы: гендерлік бағдары мен мінез-құлық моделі» атты зерттеу
жүргізілді.
Университет студенттерінен алынған сауалнама жауаптарына сүйене отырып,
университетіміздің ерекшелігіне сәйкес, 2 курс студенттеріне арналған «Қазақ аруы»
арнайы курсы ендірілді.
«Қазақ аруы» арнайы курсы гендерлік мақсатты негізге ала отырып, ӛркениеттік
үлгідегі ойын ұлттық мүддемен байланыстыра білетін, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы
ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел-ана
тәрбиелеуге бағытталған.
«Қазақ аруы» арнайы курсының негізгі мақсаты:
Қоғамдық ортада азаматтық ұстанымы бар, жеке ӛмірінде отбасылық
этноәлеуметтік рӛлдерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты,
шынайы
қазақ аруының бейнесін сомдау
Басты міндеттері:
- Тарихи дара тұлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының
жиынтық образын қалыптастыру;
- Отбасы тәрбиесінде ӛмірге негіз болатын этноәлеуметтік рӛлдерді
атқаруға даярлау;
- Кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сӛйлеуді дамыту;
- Халықаралық іскерлік әдеп нормалары мен ресми ишара ережелерін игеруге бағыт
беру;
- Сұлулық пен денсаулық сақтаудың басты қағидаларын ұстануды және оны жан
сұлулығына үйлестірудің құпияларын меңгертуге баулу;
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
8
- Үй шаруашылығына қатысты ӛмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру;
- Ұлттық саз аспабы – домбырада ойнау арқылы ӛмірге қажетті тұрмыс-салт
жырларын үйрету;
Осындай мақсат-міндеттерді сипаттайтын «Қазақ аруы» арнайы курсы
кіріктірмелі компоненттер күйінде қарастырылып, кешенді оқу бағдарламасы
тӛмендегіше тақырыптық модульдарды қамтиды:
1.Ұлы қазақ даласында ӛткен тарихи дара тұлға-арулар
2.Отбасы тәрбиесінің теориясы мен халықтық тәжірибелері
3.Риторика
4.Іскерлік әдеп және және қарым-қатынас мәдениеті
5.Сұлулық және денсаулық
6.Үй шаруашылығындағы тұрмыстық қызмет
7.Саз ӛнері
Университеттің Іргелі ғылыми зерттеулер орталығы (жетекшісі тех.ғ.д.,
профессор
Р.Баймахан)
Ұлттық
ғылым
академиясының
ғылыми
зерттеу
институттарымен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, Жапониядағы
Хоккайдо Университетінің аналитикалық зертханасымен және Канаданың Альберто
университетімен бірлесіп бірнеше жобаларға қатысып жұмыс істейді. Соның
нәтижесінде, университетімізге шетелдік ғалымдар - Альберто университетінің
профессоры Дейв Чан, Токио университетінің профессор Кагуэй Танако келіп,
докторанттар, аспиранттар мен магистранттарға, профессор-оқытушылар қауымына
ғылыми семинарлар ӛткізіп тұрады. Ӛз кезегінде біздің университеттің профессоры Р.
Баймахан Канаданың Альберто және Жапонияның Хоккайдо университеттері
шақыруымен дәріс оқып қайтты. Ресми шақырумен Франциядағы дүниежүзілік
ISSMGE, TC28 аталатын ғылыми комитеттің Қазақстандық мүшесі ретінде тех.ғ.д.,
профессор Р.Б. Баймахан, 2008 жылы Шанхайда ӛткен мәжілісіне қатынасып,
баяндама
жасады.
Зерттеулердің нәтижелері шетелдерде ӛткен 8 халықаралық конференциялар мен
симпозиумдарда баяндалып, 45 ғылыми мақала жарияланды. Сонымен қатар, бірнеше
студенттің ғылыми мақалалары Малайзия мен Шанхайда жарық кӛрді. Ғылыми
Орталық конкурс арқылы жеңіп алған Канаданың халықаралық ―FSIDA‖ білім гранты
бойынша университетіміздің екі студенті Маханова Айгүл мен Алихан Амангүл Перу,
Бразилия, Кения, Австралия, Въетнам, Жапония студенттерімен бірге ағылшын тілінен
емтихан тапсырып, жақсы нәтижелермен түсіп, халықаралық арнайы бағдарлама
бойынша Альберто университетінде оқып қайтты. Альберто университетінің
профессоры Дэйв Чан мен профессор Р.Баймахан студенттерге арнап математикалық
моделдеу пәнінен бірігіп оқулық жазып, қазақ және орыс тілдерінде - Алматыдан,
ағылшын тілінде - Канададан шығаруы жоспарланды.
Университеттің құрамындағы «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы
2006 жылы қаңтар айында құрылған. (Зертхана меңгерушісі-Д.Садыкова).
Университеттің ғылыми кеңесі бекіткен «Қазақ ұлттық мектебінің тарихы және
даму болашағы» тақырыбы бойынша зертхана 2006 жылдан бастап Алматы, Астрахан,
Орынбор, Москва, Ташкент, Қазан, т.б. қалаларындағы орталық және мемлекеттік
архивтерімен және облыстық (Астана, Қостанай, Орал, Семей, Шымкент, Тараз, т.б.)
мұрағаттарымен байланыс орнатты. Тақырыптарды зерттеу және оған қажетті
материалдарды жинау үшін зертхана ҚМҚП университеті кітапханасымен, Қазақ
мемлекеттік ұлттық кітапханасымен, Қазақ ұлттық техникалық ғылыми-зерттеу
институтымен, Қазақстан Республикасы ұлттық педагогикалық кітапханасымен, Абай
атындағы қазақ педагогикалық ұлттық университеті кітапханасымен, ҚР Орталық
мемлекеттік кітапханасымен, Ресей мемлекеттік тарихи мұрағат қорымен байланыс
жасап, ғылыми кӛздерге зерттеулер жүргізді. Зертхана республикалық және аймақтық
қазақ мектептерімен тығыз байланыстар орнатқан.