Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
5
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Қожахметова К.Ж. –п.ғ.д. профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ-нің ғылым және
халықаралық байланыстар жӛніндегі проректоры)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу
жұмысын басқару және жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
мақсатында 2001жылдың 17 қыркүйегінде (№119 бұйрық негізінде) ғылым және
халықаралық байланыстар басқармасы (ҒХББ) құрылған.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 33 кафедра, Әлеуметтік және гендерлік
ғылыми-зерттеу институты (ӘГҒЗИ), Іргелі ғылыми-зерттеу орталығы және 3 дербес
ғылыми-зерттеу («Қазақ ұлттық мектебінің даму мәселелері», «Зерттеудің
инновациялық әдістері» және «Ӛзін-ӛзі тану») зертханалары арқылы жүргізіледі.
Университетте 2006-2008 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен білім саласын
жетілдіруге маңызы зор – 17, (оның ішінде 5 іргелі, 9 қолданбалы және халықаралық
ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ қорларының демеуімен 3 қолданбалы жоба) жүзеге асырылды.
Аталған ғылыми жобалар аясында орындалып, бүгінгі таңда ұлттық білім
жүйесін дамытуға қосар үлесі зор біраз оқу құралдары, оқулықтар жарық кӛрді, олар:
«Мәдени мұра бағдарламасы бойынша «Әлемнің әйгілі психологтары» сериясы
бойынша 10 том:
«Қазақ халқының тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томы;
Жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Педагогика
тарихы» оқулығы;
«Гендерлік білім: теориясы мен практикасы» және «Гендерлік саясат» атты оқу
құралдары;
«Тәртібі қиын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ұйымдастыру
тұжырымдамасы».
2009-2011 жылдары аралығында 3 іргелі ғылыми зерттеу-жобасы бойынша
жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Әлемдік
педагогикалық ой-сана антологиясының» 8,9,10 томдарын біздің университеттің
ғалымдары дайындауда.
Университеттің жаратылыстану факультетінің ғалымдары биотехнологияға
байланысты зерттеулерді Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия
факультетімен,
Қазақ
Ұлттық
академиясының
биология
ғылыми-зерттеу
институтымен, Қазақстан Республикасы ҰҒА Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары
институтымен, ҒӚО «Фитохимия» институтымен бірігіп, ғылыми жоспар бойынша
жұмыс атқаруда. Университеттің физика және экология кафедраларының ғалымдары
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық және Ұлттық аграрлық университетімен бірігіп
зерттеулер жүргізуде.
Университеттің «Жалпы педагогика» кафедрасы (кафедра меңгерушісі пед.ғ.д.,
профессор А.Құсайынов) ауқымды деңгейде Халықаралық салыстырмалы педагогика
қауымдастығымен, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен, Санкт-
Петербург мемлекеттік университетімен байланыстар орнатып, іргелі және
қолданбалы ғылыми жобалар аясында табысты жұмыс істеп келеді. Ал «Теориялық
және практикалық психология» (каф.меңгерушісі – Х.Т.Шерьязданова) кафедрасы
үнемі ізденіс үстінде болуының арқасында бірнеше ірі ғылыми жобаларды абыроймен
жүзеге асырды. Мысалы, Халықаралық денсаулық сақтау қорының филиалымен бірге
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
6
«Арал
аймағының
экологиялық
жағдайының
балалардың
психологиялық
денсаулығына әсері», педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған «Ӛзін-ӛзі тану»
пәнінің эксперименттік бағдарламасы, ал бүгінгі таңда кафедраның профессорлары
мен оқытушылары Тӛтенше жағдайлар жӛніндегі комитетпен бірігіп қолданбалы жоба
аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде.
Ғалымдардың тынбай ізденулерінің арқасында университет 8 патентке ие болды.
Сонымен қатар университетіміздің біраз ғалымдары (С. Қалиев, К.Қожахметова, А.
Құсайынов, С. Жайлау, Р. Дәрменова, Қ. Ашекеева) республикалық үздік ғылыми еңбек
сайысына қатысып, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский
атындағы сыйлықтардың иегерлері атанды.
Университет кадрлар даярлау жүйесінің екі сатылық жүйесіне кӛшіп, 2002 жылы
8 мамандық бойынша, ал 2009 жылы 19 мамандықтан магистр даярланатын болды.
Сонымен қатар, республикада шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі –
«Хореография», «Кітапханатану және библиография», «Дене шынықтыру және спорт»
мамандықтары бойынша ғылыми педагогикалық кадрлардың тапшылығына
байланысты магистратура ашылмай келген. Мәселенің маңыздылығына байланысты,
2009 жылдан бастап, аталған 3 мамандық бойынша магистратураны эксперимент
жүзінде ашуға мүмкіндік жасалды.
Университетте магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға
ерекше мән беріліп, магистранттарға дәріс оқу, ғылыми жетекшілік жасау негізінен
ғылым докторларына жүктеледі. Магистранттардың курстық жұмыстары мен
диссертацияларын даярлау үшін ірі ғылыми орталықтар мен зертханаларға, ғылыми-
зерттеу институттары мен кітапханаларға, сол ғылым саласының жетекші ғалымынан
кеңес алу үшін тәлімнамаға жіберу қарастырылған. Мысалы, тек 2008-2009 оқу
жылында біздің магистранттар жақын шетел – Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург,
Томск, Новосибирск қалаларының ғылыми ошақтарына және алыс шетел – Қытайдың
Пекин Орталық ұлттар университетіне, Сингапурға барып табысты оралды. Ӛз
мемлекетіміз аясында Астана, Қарағанды, Семей қалаларындағы жоғары оқу
орындарына тәлімнамаға барып келді. Жалпы, 2008-2009 оқу жылында
магистранттардың тәлімнамасына қаржы 3.602.485 теңге кӛлемінде жұмсалды. Сапасы
жоғары маманға сұраныс кӛп болатыны белгілі. Сондықтан, біздің магистранттарымыз
жоғары оқу орындарына, орта арнайы білім мекемелеріне, мектептерге арнайы
шақырумен орналасуда.
Университетте аспирантура – 15, докторантура – 8 мамандық бойынша жоғары
дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды дәстүрлі жүйе бойынша
жүргізуде.
Ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда университеттің жанынан құрылған
диссертациялық кеңестердің маңызы ӛте зор. 2009 жылға дейін университетте 2
диссертациялық кеңес 8 мамандық бойынша жұмыс істеп келді. Біріккен
диссертациялық кеңес ОД 145017 2005 жылдың 29 сәуірінде № 340 Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
қадағалау және аттестаттау комитетінің бұйрығымен қайта ашылған, ол кеңес 2005-
2007 жылдар аралығында 10.02.01. – орыс тілі, 10.02.02. – қазақ тілі, 10.02.18. – тіл
теориясы, 13.00.02. – оқу мен тәрбиенің теориясы мен әдістемесі (қазақ тілі бастауыш
және жоғары білім беру жүйесінде) мамандықтары бойынша 7 ғылым докторы мен 45
ғылым кандидаттарын дайындады, оның басым кӛпшілігі – осы университет
мамандары.
Диссертациялық кеңес Д 14.61.09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім
және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 01.07.2008 жылғы бұйрығымен
ашылған, бұған дейін бұл кеңестің тек кандидаттық диссертация қорғатуға мүмкіндігі
болған. Бүгінгі таңда Д 14.61.09 диссертациялық кеңесте докторлық, кандидаттық
ғылыми дәреже алу үшін 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
Достарыңызбен бөлісу: |