Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет27/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
58 
Осы  ретте  жүйелі  білім  берудің  маңызды  да,  жетекші  саласы,  онымен  қоса 
педагогикалық, 
акпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологияларды 
пайдалануға негізделген жаңа бағыт қашықтықтан оқыту элементтері. 
Стратегиялық проблемалар жӛніндегі мамандар қашықтықтан оқыту формасын 
XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Қазіргі таңда оған үлкен мән беріліп 
отыр.  Бұрын  технологияларға  бағытталған  коғамдық  прогрестің  нәтижелерінің 
бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтықтан оқытудың 
маңыздылығын  арттырды.  Барлық  елдерде  дерлік  информатика  дәуірі  басталғаны 
белгілі.  Оның  қазіргі  даму  кезеңін  телекоммуникациялық    деп  сипаттауға  болады. 
Бұл  ақпарат  пен  білімнің  ӛзара  қатынас  аймағы.  Кәсіби  білім  бірте-бірте  тез 
ескіретіндіктен  оны  тұрақты  түрде  жетілдіріп  отыру  керек.  Қашықтықтан  оқыту 
формасы  бүгінде,  уақыт  және  кеңістік  белдеулеріне  тәуелсіз,  кӛпшіліктің  ӛз 
бетінше  үздіксіз  жалпы  білім  алу  жүйесін,  ӛзара  ақпарат  алмасуын 
қалыптастырады  және  жүзеге  асырады.  Одан  басқа,  қашықтықтан  оқыту  жүйесі 
әлеуметтік  жағдайына  (оқушыға,  студентке,  азаматтар  мен  әскерилерге  т.б.) 
қарамастан  кез-келген  мемлекеттің  елді  мекенімен  білім  және  ақпарат  алу  құқығын 
камтамасыз етеді.  Әрбір  азаматтың білім алу кұқығын қамтамасыз етуде және коғам 
қажеттілігін  ӛтеуде,  ақпараттық  жүйе  тиімді,  әрі  қолайлы.  Жоғарыда  айтылған 
факторлардан  мамандарды  дайындау  мен  олдардың  жоғары  квалификациялық 
деңгейін  ұстап  тұруда  қашықтықтан  оқыту    XXI  ғасырдағы  ең  әсерлі  жүйе  деп 
бағалауға болады. 
Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  құрудың  мақсаты  ақпараттық  компьютерлік 
технологияларды  қолдана  отырып  Қазақстан  Республикасы  ғылым  және  білім  беру 
жүйесінің  жұмыс  істеу  тиімділілгін  кӛтеру,  халықты  жан-жақты  оқытумен 
қамтамасыз  ету.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  құру  оқу  үрдісінің  белсенділігін 
қамтамасыз етеді, оқыту мәселелерін,  мақсаттарын  іске  асырады,  білім  алушының 
ӛз  бетімен  жұмыс  істеу  іскерлігінің  артуына  және  оқытушының  үнемі  оқу  үрдісін 
бақылауына  мүмкіндік  береді,  оның  кәсіпби  іскерлігінің  сапасына  жоғары  талап 
қойылып,  жұмыс  ауқымы  кеңейеді.  Сабақ  жүргізу  әдістемесі  ақпараттық-байланыс 
технологияларын  кеңінен  қолдану  арқылы  жетіледі.  Қашықтықтан  оқытуда  негізгі 
ақпаратты  тасушы  оқытушы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқу-әдістемелік  және 
электронды  құралдар  мазмұны  маңызды  роль  атқарады,  білім  алушылардың 
оқылатын  пәнге  деген  кызығушылығы  артып,  ғылым  жетістіктерімен  тікелей 
танысып оқытушымен ӛзара белсенді байланыста болады. 
Қашықтықтан оқытудың элементтері: 
•  оқыту курстары; 
•  тестілеу; 
•  жаңалықтар; 
•  ішкі пошта; 
•  форум; 
•  электронды деканат; 
•  есеп берулер; 
Қашықтықтан оқытудың мәселелері: 
•  қашықтықтан  оқытуда  студенттердің  уақытын  үнемдеу  және  ақпараттық 
қызмет кӛрсетуді жақсарту; 
•  ақпараттарды  тарату,  ӛңдеу,  жинау  сатыларын  қамтитын  міндетті 
стандарттарды  қолдана  отырып,  мемлекеттік  органдар  жүйесіне  және  ақпараттық 
қорлар жүйелік интеграциясы үшін жағдай жасау; 
•  VЕВ  мазмұнында  жарияланған  ақпараттардың  жету  жылдамдығын  
нақтылығын, ӛзектілігін және қайшылықсыздығын қамтамасыз ету; 
•  жүйелер  арасында  ӛзара  әрекетті  ақпаратты  қамтамасыз  етудің  тиімді 
механизмін құру; 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
59 
•  ақпараттарды ӛңдеу және жинауда процедуралардың кӛшірмелерін жібермеу; 
•  нақты  уақытта  оқу-әдістемелік  кешенді  және  басқадай  құралдарды 
профессорлық- окытушылар құрамына ұсыну мүмкіндіктері; 
•  халықаралык  және  ұлттық  индикаторлар  бойынша  білім  беру  жүйесінің 
дамуына мониторинг жасау; 
•  ақпараттық  компьютерлік  технологияларды,    қашықтықтан  оқыту  жүйесін 
және  электрондық  оқыту  қызметін  қолдана  отырып  білім  алушылар  жастар 
мен педагогикалық ұжымды жаппай оқыту; 
•  жоғарғы білімді компьютеризациялау. 
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру кезеңдері: 
•  электрондық оқыту басылымдарын ӛңдеу және қолдау; 
•  оқу бағдарламаларын басқару; 
•  қолданушылар құрамын кұру, ӛзгерту және жою; 
•  оқыту үрдісін қолдау; 
•  электронды кітапхананы және тест қорын құру, толықтыру, үздіксіз жаңарту; 
•  жалпы  жүйеге,  оқыту  бағдарламасына  сын  пікірлер,  ұсыныстар  алу  және 
жұмыс  сапасын  жақсарту  мақсатында  барлық  қолданушылар  үшін  кері 
байланысты қамту; 
Қашықтықтан      оқыту      жүйесі      -      уақыт      бойынша      келісімге      және   
кеңістікте  тағайындалуға  бейтарап,  оқытушы  мен  студенттер  арасында  оқыту 
құралдарымен  интерактивті  (сұхбаттық),  асинхронды  және  синхронды  ӛзара 
әрекеттесу мақсатына бағытталған үрдіс. Сӛйтіп, қашықтықтан оқыту деп: 
•  кейстік технологиясын; 
•  интернет-технологиясын; 
•  телекоммуникациялық  технологиясын  (ТВ  технологиясын),  немесе  оқытудың 
барлық формаларындағы қолданылатын технологиялардың қосындысын түсінеміз. 
 
Осы оқыту технологияларында  қашықтықтан оқытуды үш категорияға 
бӛлуге болады: 
  педагогикалық технологиялары; 
  оқытудағы      ақпараттардың      берілуінің      технологиялары      (баспалық 
технологиядан мультимедианы қолдануға кӛшу); 
  оқытудағы  ақпараттарды  еру  және  оқу  үрдісін  қолдау  технологиялары 
(«бетпе-бет» әрекеттесуден Интернет арқылы коммуникацияларға ӛту). 
Кӛптеген  зерттеушілер  /1,  2/  қашықтықтан  оқытудың  үш  моделін 
ерекшелейді.  Дегенмен,  олар  барлық  мүмкін  болатын  тәсілдерді  кӛрсете  алмайды, 
бірақ мұғалімнің оқытуды басқаруынан бірлесе басқаруға кӛшуді, ары қарай оқытуды 
оқушылардың  ӛздері  басқаруын  ұсынады.  Әрбір  модель  тек  пайдаланылатын  оқыту 
технологияларымен  ғана  емес,  сонымен  бірге,  басқару  әдістерімен,  мұғалім  мен 
оқушылардың ӛзара әрекеттесуімен жалғасады. 
Үлестірілген  класс  моделі  әр  жерде  орналасқан  бір  класс,  оқушылар 
тобына  дайындалған  курсты  интерактивті  теллекоммуникациялық  технологиялар 
кеңейткен  жағдайда  пайдаланылады.  Мұның  қарапайым  мысалына  дәстүрлі 
әдіспен  біліп  алатын  оқушылар  мен  қашықтықтан  білім  алатын  оқушыларды 
біріктіретін аралас сыныпты алуға болады. 
Ӛз  бетіндік  оқыту  моделі  оқушыларды  анықталған  уақыт  кестесі  бойынша 
белгілі  бір  сынып    бӛлмесінде    отыру    қажеттілігімен    сипатталады.    Оқушылар  
курсты    сипаттайтын  материалдар  жинағымен  (электрондық  оқулықтар,  оқытуға 
арналған ақпараттық материалдар) және   нақты   оқу   бағдарламасы   мен   жұмыс    
істеу    программасымен қамтамасыз етіледі. 
Ашық оқыту моделі қашықтық топтың ішінде оқушылардың қарым - қатынасын 
ұйымдастыру  үшін  оқушыға  курсты  интерактивті  теллекоммуникациялық 
технологияларды  пайдалана  отырып,  ӛзіне  қолайлы  жылдамдықпен  оқуға 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау