Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
56
процесінде байланыстырып сӛйлеуге дағды бере отырып, оның жүйелі, дұрыс айта
білуіне жаттықтырады.
Қорыта келгенде шет тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының дамуына, оның
қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте оқытылатын шет тілі
материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда, шет тілінің фонетикасы,
лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы,
сӛздердің ӛзгеруі мен сӛздердің сӛйлемдегі тіркесі, сӛйлем түрлері мен оның белгілері
және шет тілін жалпы заңдылықтары мен таныстыру-шет тілін оқыту әдістемесінің
негізгі объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз
оқытылмайды. Сондықтан шет тілі бастауыш мектепке арналған бағдарлама бойынша
белгілі бір пән ретінде танылса, шет тілін оқыту әдістемесі оның оқыту әдістері мен
тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бір сыпыра табыстарға жетті. Әсіресе,
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой санасының
жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны
ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушыладың қалай
меңгеретінін, оның күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп, шет тілін
оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да, шет тілінің бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу
материалдарын іріктеуде де оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық
ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістерді қолдануда оқушылардың
психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе, оқушының логикалық
ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, оқушы оқу материалын
терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның ішкі заңдылығы мен ӛзара байланысын
дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.
Оқушы бірінші сыныптан бастап шет тілін оқу барысында тілдегі түрлі
қолданылатын атауларды, мысалы: әріп, сӛз, сӛз тіркестері, сӛз бен сӛзді
байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілерінің алуан түрлері- сызықша, нүкте,
үтір, леп белгісі, қос нүкте, жақша, түрлі граматикалық ереже, анықтамаларды оқып
үйренеді. Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын түбірінен
меңгеріп кетуі мүмкін емес, оның кейбірін ғана сақтауы мүмкін.
Оқушы бір-бірімен сӛйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни интонация
ырғағын, ымдау, қол шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық
құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуіш, одағай
сӛздерді жиі айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ, қазір
тілге қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, кестелер,
диаграммалар, магнитафон жазбаларын, кинофильмнің фрагменттерін пайдалану
арқылы оқушылардың есту, кӛру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану
қабілетін арттыру дағдыға айналып отыр. Сабақта қолданылатын түрлі кӛрнекіліктер
оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді, түсіндірілген материалдарды
саналы меңгеруге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының кӛп жағдайларда
тӛмен болуы осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден деп айтуға болады.
Бізді қоршаған дүние ӛте жылдам қарқынмен ӛзгеруде, сондықтан қазіргі қоғам
ӛзінің іс-әрекетіне ӛзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет
етеді. Мұндай тұлғаны оқытудың жаңа техникасы нәтижесінде қалыптасатыны
белгілі. Қазіргі заман оқушылары дәстүрлі ӛтетін сабақтан гӛрі оқытудың жаңа
техникасын: мультимедиалық кабинетте немесе интерактивті тақтаны пайдаланған
сабақтарға кӛп қызығып, белсене қатысады.
Оқу тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе-мұғалімнің психологиялық жағынан
дайындығы. Әсіресе, шет тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерді
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
57
меңгеру қажет болады: біріншіден сӛйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден жеке
оқушының шет тілін меңгеру қабілеті ескерілуге тиіс. Сондықтан шет тілін оқытатын
мұғалім ӛз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі аса қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі
әсерлі, әрі қызықты ӛткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым
әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл мұғалімнің
шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан ӛте тартымды етіп
құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші жағдай сабақтың педагогикалық
тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәселелер шартты түрде: мұғалім мен
оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, мұғалімнің ӛзін-ӛзі ұстау мәнері, оның
ӛнегелі ӛнегесі, сыртқы келбет-пішіні, сӛйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап
қоюмен, бірге оларды сыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылықа баулу
т.б. мұғалімнің сабақта жеке оқушыны ӛзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып
ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі
факторлар мен дәлелденіп, оның ғылыми мәні кӛңілге қонымды болса, ол
оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі
болады.
Үшінші жағдай сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Мұғалімнің
материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында, дидактикалық заңды
принциптерді орынды қолдануына, қажетті кӛрнекі құралдар мен тәжірбе жұмыстарын
тиісті кезеңде кӛрсете білуіне байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. М. 1991;
2. Алхазишивили А.А Основы обладания устьной инастранной речью. М 1988
3. Артемов Б.А Психология обучения иностранным языкам. М 1965
4. Ильинская Е.С Психологический анализ урока инастранного языка М 1980
5. Леонтьев А.А Некоторие проблемы обучения русского языка как
иностранный М 1970
6. Оразбекова К Психология усвоения русского языка в казахской школе А 1982
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада
шет
тілін
оқыту
әдістемесінің
психологиялық
негіздері
қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В настоящей статье рассматриваются психологические основы в обучений
иностранного языка в начальных классах.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Есқалиев М.Е. – тех.ғ.д., профессор, Джакиева Д.О. – магистрант
(Алматы қ. ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін одан әрі дамытуда мектептерде,
басқада оқу орындарында оқу процессін жаппай компьютерлендіру науқаны
жүргізіліп жатқаны белгілі.
«XXI ғасыр — идеялар мен ақпараттық технологиялардың бәсекелесу ғасыры» -
деп президент Н.А.Назарбаев қазіргі білім мен ғылымның қарқынды дамуында
жаңа ақпаратттық технологияның орнын айқын кӛрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |