Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
33
Жат тоқып ал кӛңілге, дей отырып, ақын жастарға Абай сӛзі қасиетті, ол
адалдыққа бастар бастау, бұлақ кӛзі деп түсіндіреді.
Абай, Шоқан мен Ыбырай сияқты халық ауыз әдебиетінің мол мұрасынан
сусындап ӛскен. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сӛзі білім мен
мәдениеттің маңызын насихаттай отырып, балалардың дүниетанымын дұрыс
қалыптастыруға арналды. Ұлы ақынның "Ғылым таппай, мақтанба", "Әсемпаз болма
әрнеге" ӛлеңдері кейінгі ұрпаққа айтар ӛсиеті үлгісінде жазылған. "Ғылым таппай,
мақтанба" ӛліңінде адам бойындағы қазынаның ең бастысы, әр баланың ұмтылатын
арманы - ғылым болуы керектігін айтады.
Ғылым таппай, мақтанба!
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге, - дей
келе, ғылым жолына ұмтылған әр адамның қандай нәрселерден қашық, қандай
нәрселерге асық болу керектігін жіпке тізгендей тізіп, саралап береді.
Ұлы ойшыл ақын "Әсемпаз болма әрнеге" ӛлеңінде:
Әсемпаз болма әрнеге,
Ӛнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!-
деп әр баланың ӛмірдегі ӛз орнын дұрыс таба білу қажетін ескертіп:
Қайрат пен ақыл
жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет,
шапқат кімде бар-
Сол жарасар туғанға, - дейді.
Ақынның бұл ӛлеңдері бастауыш сынып оқушылары үшін дүниетанымдық,
адамгершілік, эстетикалық кӛзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағдар береді.
Абай табиғат лирикасын ӛзінше жырлаған. Оның әсіресе, жылдың тӛрт мезгілін
суреттейтін ӛлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен жазылған сұлу жырлар.
Жайқалған гүл-бәйшешек, кӛкорай шалғыны мен күркіреген ӛзені бар
тамылжыған жаз да, ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау
қабақ қыс та, аспанын бұлт торлаған, гүлі солғын, сарғыш далалы күз де Абай
ӛлеңдерінде бейнеленеді.
Ақын ӛлеңдерінде табиғат пен адамның, қоғамның байланысы терең суреттеледі.
Тӛменгі сынып оқушыларының дүниетанымдық кӛзқарасын қалыптастыруда ұлы
ақынның табиғат туралы ӛлеңдерінің алатын орнына баға жетпейді.
Абай "Жаз" ӛлеңінде жазғы табиғатттың кӛркем кӛрінісін асқан шеберлікпен
бейнелейді, кӛкорай шалғыны мен бәйшешегі толысқан жайлау әлі қонып үлгермеген
ауылдың қарбалас тіршілігі қимыл-қозғалысымен түгелдей суреттеледі.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Кӛкорай – шалғын, бәйшешек,
Ұзарып, ӛсіп толғанда,
Күркіреп жатқан ӛзенге
Кӛшіп ауыл қонғанда, - дей
келе, әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралап
жүрген ауыл иелері, жылқы соңындағы жылқышылар, су жағалап құс салған
бозбалаларға дейін алып, кӛшпелі ауылдың реалистік тіршілігі шағын ӛлеңнің ішіне
шеберлікпен сыйғызыла суреттеледі.
Ақын қыс табиғатын ӛзгешелеу стильде етіп суреттейді. "Қыс" ӛлеңінде де
табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Бұл әрекет табиғаттан гӛрі адамның
әрекетіне ұқсайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,