Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет8/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
20 
Баланың  қуанышы  мен  реніші  ойында  айқын  кӛрінеді.  Ойын  кезіндегі  баланың 
психологиялық  ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмоциялық  әсері  ұшқындайды, 
белсенділігі  артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды,  мұның  бәрі  баланың 
шығарымпаздық қаблеті мен дарынын ұштайды. 
Демек  ойын  баланың  кӛңілін  ӛсіріп,  бойын  сергітіп  қана  қоймай,  оның  ӛмір 
құбылыстары  жайлы  таным  –  түсінігіне  де  әсер  етеді.  Балалар  ойын  арқылы  тез  тіл 
табысып  жақсы  ұғысады,  бірінен-бірі  ептілікті  үйренеді.  Ойын  үстінде  дене  қимылы 
арқылы  ӛзінің  денсаулығын  нығайтады.  Халқымыз  ойындарға  тек  балаларды 
алдандыру,  ойнату  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың 
кӛзқарастарының,  мінез-құлқының  қалыптасу  құралы  деп  те  ерекше  бағалаған.  Қазір 
бізге  жеткен  ұлт  ойындарымыз:  тоғызқұмалақ,  қуыршақ,  асық  ойындары.  Қазақтың 
кӛне  жыр  –  дастандарында  ұлттық  ойындар  балаларды  тәрбиелеуде  ерекше  орын 
алғандығы айқын кӛрінеді. Мәселен,  «Қобыланды»,  «Алпамыс»,  «Ер Тарғын» сияқты 
эпостық  жырларда  елін  сүйген  батырлардың,  жұртшылық  сүйіспеншілігіне  бӛленген 
ер  жігіттердің  ең  алдымен  ұлттық  ойындарда  сайысқа  түсіп,  одан  кейін  кӛп  кісі 
қатысқан 
ойын-сауықтарда 
ӛздерінің 
мергендік, 
палуандық, 
шабандоздық 
шеберліктерін  кӛрсеткендіктері  айтылады.  «Домбырамен  күй  шерту»,  «Аттың 
құлағында  ойнау»,  «Аударыспақ»,  «Күлкі  ойыны»,  «Балалар  ойыны»,  «Ақ  сүйек», 
«Тоғызқұмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» ӛте ерте заманда пайда болып, біздің 
ата-бабаларымыздың  ұлттық  ойындарының  ғасырлар  бойы  ӛмір  сүргендігін  айқын 
кӛрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, 
батылдыққа,  ептілікке,  шапшандыққа  баулиды.  Ақыл-ойын  дамытатын  «Он  бір  қара 
жұмбақ»  деген  тәжірибелік  маңызы  зор  тағы  бір  ойынның  түрі  бар.  Оның  басты 
ерекшелігі  есеп  сұрақтарын  қою  арқылы  баланың  ойлау  қабілетін  дамытады. 
Бӛбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», 
т.б.  тартымды  ойындарды  үйрету,  тіл  ӛнеріне  негіз  салады  деп  есептелген.  Балалар 
негізінен  ойын  үстінде  бір-бірімен  тез  тіл  табысады.  Ойынына  қарап  баланың 
психологиясын аңғаруға болады /1/. 
Б.М.Мендалиев  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  арасында  неғұрлым  жиі 
ойналатын  ойын түрлері негізгі тӛрт топқа бӛлген, оларға:  
-  мазмұнды  бейнелік,  еліктеу  ойындары  кірді,  себебі  ойындар  кезінде  ойын 
тәртібі  аяғына  дейін  сақталып,  ойын  жан-жануар  кейпінде,  немесе  бір  заттарды 
қолдану арқылы іске асырылды; 
 -  ой  ойындары  тобына  шешімін  ойлап  табуға  негізделген  ойындар 
топтастырылды; 
 -  спорттық  бағыттағы  ойындар  тобына  ережесі  бар,  орын  реті  қарастырылған, 
ұпай саны берілетін ойындар топтастырылды; 
 - тӛртінші топқа ойын кезінде ойыншының қалауы бойынша ойын тәртібі ӛзгере 
беретін  ойындар  топтастырылды.   Ойын  түрлерін  осы  тәртіппен  топтастыру  дене 
шынықтыру 
сабағының 
мақсатына 
байланысты 
ойындарды 
балалардың 
мүмкіндіктеріне қарай таңдап алуды жеңілдетеді / 2/ 
1980-жылдардан  бастап  еліміздің  білім  беру  мекемелерінің  6  жастағы  балаларға 
және  дайындық  топтарына  арналған  әдістемелік  құралдар  шыға  бастады.  М.  Т. 
Тұрыскелдинаның қазақ тілінде 1981 жылы «Жалын» баспасынан «Кел ойнайық» атты 
бірінші әдістемелік құралы балабақшаларға арналған оқу-құралдармен  қатар шықты. 
Автор  жылдың  қай  мезгілінде  де  бос  уақыттарында  ойнай  алатын  балалардың 
денсаулықтарының  шынығуына  және  мықты  болып  ӛсуіне  кӛмектесетін  сан  алуан 
ойын түрлерін жинақтап, оларды тӛмендегідей бӛліп кӛрсеткен: 
1.  Бой  ширатар:  «Тұтылма  -  құтыл»,  «Ақ  терек  пен  кӛк  терек»,  «Кӛрші», 
«Мысық - тышқан» т. б. 
2.  Доп ойындары: «Қарсы доп», «Қағып ал», «Допты ойын» т. б. 
3.  Эстафеталар: «Таяқша», «Дӛңгелетпек» т. б. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
21 
4.  Спорт ойындары: «Бадминтон» т. б. 
5.  Су ойындары: «Балық ұстау», «Жүзгіш» т. б. 
6.  Шаңғы ойындары: «Дәл тигіз», «Жарыс» т. б. 
7.  Мұз ойындары: «Фигура», «Жалау» т. б. 
8.  Ұлттық ойындар: «Сақина», «Қалашық» 
9.  Ой сергітер ойындар /3/. 
Құрманбай Толыбаев ӛз еңбегінде мектеп жасындағы балғындарды, ата-аналарды 
әлем  халықтары  балалар  ойындарының  алуан  түрлерімен  таныстырады.  Бұл  ойындар 
арқылы  сол  халықтардың  тұрмыс-салттары,  әдет-ғұрыптары  ,  ұлттық  дәстүрлері 
туралы  балалардың  таным-түсінігінің  кеңейе  түсері  даусыз.  Ойын  баланың  кӛңілін 
сергітіп, танымдық-түсінігін арттырады. 
Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы бірін-бірі тез түсінеді,  
бірі-бірінен  ептілікті,  сергектілікті,  тапқырлықты  үйренеді.  Басқа  ойындарды  ойнай 
білген  бала  сол  халықтың  мінез-құлқынан  ,  ой-санасынан,  тұрмыс-салтынан  хабар 
алады. Ӛзінің де кӛңілінде жаңа бір сезімнің кӛзі ашылып, сол халықтың балаларымен 
қоян-қолтық  араласып,  бірге  ойнап  жүргендей  қиялға  шоматыны  сӛзсіз.  Бұл  да  адам 
тануға жетелейтін біліктің бір кӛзі.  
 
Қ.Толыбаев ӛз зерттеуінде тӛмендегі әр елдің ойындарын атап ӛтеді: 
 
Орыс баларының ойыны «Екі аяз». 
1.  Украин баларының ойыны «Сұр мысық». 
2.  Белорус балаларының ойыны «Қаздар ұшып барады». 
3.  АҚШ балаларының ойыны «Жебе ату». 
4.  Қытай балаларының  ойыны  «Айдаһарды құйрығынан ұста»./4/ 
Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының да ӛзіндік тарихы, даму жолдары, 
қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт 
ойындарының  біразы  сонау  кӛне  заманнан  басталады.  Демек:  Қазақстан  жерінде 
қалыптасқан  алғашқы  құрылыс  халқымыздың  ұлттық  ойындарын  да  туғызған.  «Бес 
тас»,  «Асық»,»Садақ  ату»,  сияқты  ұлт  ойындары  шамамен  алғанда  осыдан  бес  мың 
жылдар  бұрын  ойналғандығы  жайында  айта  келіп  ағылшын  ғалымы  З.Маккей  «Бұл 
ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға 
ұқсайды» - дейді. 
Ұлт  ойындары  қоғамның  ӛзгеруі,  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдай  негізінде 
толығып,  тұрмысқа  сіңіп,  ӛзгеріске  ұшырап  отырған.  Мысалы,  Қазақстан  жеріндегі 
алғашқы  қауымдастық  құрылыста  қалыптасқан  «Аң  аулау»,  «Таяқ  жүгірту»,  «Садақ 
ату», «Қақпа тас», «Қарагие» ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу процесінде 
«Аң  аулау»,  «Құс  салу»,  «Жамбы  ату»  деп  аттары  ӛзгертілген,  бірақ  мазмұндары 
сақталған /5/. 
Ойын үстінде бала бейне бір ӛмірдің ӛзегіндей қуаныш, реніш сезімінде болады. 
Бірақ  одан  ойын  екенін  білмейді  деген  түсінік  тумайды.  Сондықтан  шындықтағыдай 
«сӛйтейік,  бүйтіп  кӛрейік»  деуі,  олардың  «ойынды  ойын»  деп  түсінуінен.  Бұған 
байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау: 
а)  ойын-  тәрбие  құралы  арқылы,  ақыл-ойды  кеңейтеді,  тілді  ұстартады,  сӛздік 
қорды байытады, ӛмірді танытып, сезімді кеңейтеді. 
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
б) ұжымдық сезім әрекеттері ӛсе түседі. 
в) эстетикалық тәрбие беру құралы 
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д)дене күшінің жетілуіне кӛмектеседі./1/ 
Авторлар  еңбектерін  зерттеу  нәтижесі  кӛрсеткендей,  ойындардың  балалардың 
денесінің даму динамикасына әсерінің бар екендігі кӛрінді. Бұдан туындайтын мәселе 
бүгінгі  заман  талабына  сай  мектепке  дейінгі  балалардың  денесін  дамытуда  ойын 
элементтерін әр сабақта ұтымды пайдалану қажеттілігі дәлелденген.  


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау