Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет15/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
34 
Соқыр-мылқау танылмас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
Абайға  дейін  қазақ  әдебиетінде  табиғатты  жанды  адам  бейнесінде  суреттеу 
болмаған.  Бұл  -  ұлы  ақынның  әдебиетке  қосқан  жаңалығы.  Абай  қысты  қазақтың 
енжар  жатқан  даласына  қорқынышты  үрей  әкелген  қатал  бейнеде  алып,  "демалысы-
үскірік,  аяз  бен  қар  кәрі  құдаға"  теңейді.  Бұл  жерде  халқымыздың  байырғы  ұғымы 
қолданылады.  Мазасыз,  сұрампаз  кәрі  құданың  бейнесі  арқылы  қыстың  да  қайталап 
келіп, елдің тіршілігін тарылта беретіні суреттеледі. 
Ӛлеңде  шидем  мен  тонын  қабаттап  киіп,  оранып  алса  да,  долы  боранға  "бет 
қарауға  шыдамай,  сырт  айналып,"  мал  соңында  жүрген  жылқышылар,  суық  ӛтіп, 
титығы құрыған тайлар мен жабағыларға ауыз салуға жанталасып, жортып жүрген аш 
қасқырлар кӛркем бейнеленген. 
Бұдан  кейінгі  кезекте  жазылған  "Күз",  "Қараша,  желтоқсанмен  сол  бір  -  екі  ай" 
ӛлеңдерінде ӛмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-кӛркемдік тұрғыда беріледі. 
"Жазғытұрым"  ӛлеңінде  де  Абай  бұл  мезгілдің  ӛзіндік  суреттерін  бейнелейді. 
Ақынның  бұл  ӛлеңінен  жылдың  осы  мезгіліне  тән  ӛзіндік  ерекшелік  –  "ата-анадай 
елжіреген  күннің  кӛзі"  екенін,  яғни  жер  бетіндегі  ӛзгерістердің  күнге  байланысты 
екенін дұрыс пайдаланғанын кӛреміз. 
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу, 
Кӛбелекпен, құспенен сайда ду-ду. 
Гүл мен ағаш майысып қарағанда, 
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су, - деп 
кӛктемгі  кӛріністің  суреттерін  толық  жаза  отырып,  кӛктем  мезгілінің  ел 
тіршілігіндегі орнын жанға жайлы, еңбекке қолайлы екенін де атап ӛтеді: 
Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер, 
Диқаншылар жер жыртып, егін егер. 
Шаруаның біреуі екеу болып, 
Жаңа тӛлмен кӛбейіп, дәулет ӛнер, - деп 
тіршілік үшін күресетін мезгілі екенін айтады. 
Ақынның  табиғат  жырларындағы  сәтті  ізденістерінің  қатарына  "Желсіз  түнде 
жарық ай", "Кӛлеңке басын ұзартып" ӛлеңдері де жатады. 
Абай  ӛлеңдерінің  дүниетанымдық  мәні  –  шындықты  нақ  суреттеуімен  бірге, 
табиғат, адам, қоғамды үйлестіре білуінде. 
Қазақ  әдебиетінің  класигі  Абай  поэзиясы  терең  мазмұнымен,  асқан  кӛркемдік 
қасиеті мен бүкіл әлем әдебиетінің озық үлгілері қатарынан орын алады. Абай туралы  
А.Байтұрсынов  ―Қазақтың  бас  ақыны‖  мақаласында:  ―Оқып  қарасам,  басқа 
ақындардың сӛзіндей емес, олардан  басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап,  кӛпке 
дейін  тосаңсып  отырасың.  Сӛзі  аз,  мағынасы  кӛп,  терең‖  –  деп  келіп,  Абай 
шығармаларын  жоғары  бағалап,  ұлы  ақынның  ӛлеңдері  жас  ұрпақ  дүниетанымын 
қалыптастырудағы орны ерекше екенін анықтап берді.  
Абай  шығармашылығында  алатын  орны  зор  туындылары  –  оның  проза  түрінде 
жазылған  еңбектері.  Олар  "Қара  сӛздер"  немесе  "Ғаклия"  деген  атаумен  жариялатып 
жүрген терең философиялық толғаныстардан тұратын дүниелері. 
Абайдың  қара  сӛздерінің  ӛзіндік  ерекшелігі  бар.  Сӛздерінің  кӛлемі  аз,  бірақ 
мазмұнды  келеді.  Кӛпшілігі  сұрау,  жауап  не  оқушыларымен,  не  ӛзімен-ӛзі  кеңесу 
үлгісінде құрылған. 
Абайдың  қара  сӛздерінде  ӛзі  кӛрген  ӛмір  сабақтары  туралы  ойлары,  содан 
туындайтын  даналық,  философиялық  түйіндері,  ақынның  дүниетанымдық  пікірлері 
жазылған. 
Ақын  бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниеге  кӛзқарастары  қалыптасып, 
дамуына  біліммен қоса тәрбиенің де маңызы ерекше екенін жазды. Сол себепті тәрбие 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
35 
арқылы  бала  бойындағы  туа  біткен  қаситеттерді  дамыта  отырып,  оның  ақыл-ойын, 
ерік-жігерін,  адамгершілік  пен  парасаттылығын  жетілдіруге  болатындығын 
түсіндіреді. 
Ғұлама ойшылдың әрбір қара сӛзінің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ол жастарды 
жағымсыз  мінез-құлықтан  жирендіреді,  іскерлікті,  шеберлікті  дәріптеп,  тіл  үйренуге 
шақырады.  Халқымыздың  салт-дәстүрлерінің  жағымдысын  мақтап,  жағымсыз 
жақтарынан  сақтандырып,  балаларды  ӛнер-білімге,  ғылымға,  еңбек  сүйгіштікке, 
адамгершілікке шақырады. 
Абай  бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниетанымдық  кӛзқарасын  аудармалар 
арқылы  да  қалыптастырып,  дамытуға  ат  салысты.  Кемеңгер  ойшыл  орыс  әдебиетінің 
классиктері А.С.Пушкин, Ю.Лермонтов, А.Крыловтың шығармаларын аударды. Ақын 
аудармаларының  қай-қайсысын  алсақ  та,  қазақ  тұрмысына  жақындатылып 
аударылғандықтан Абайдың ӛз шығармасындай болып кӛрінеді. 
Данышпан  ақын,  әсіресе,  А.Крылов  мысалдарын  кӛптеп  аударған.  А.Крылов 
мысалдарын  аудару  арқылы  адам  бойындағы  қулық-сұмдықты,  тойымсыздықты, 
жауыздықты, зорлық-зомбылықты, алауыздықты, әлін білмеген әлектерді сынады. 
Абай  аудармаларының  адам  бойындағы  жағымсыз  мінез-құлықты  оқушыларға 
таныс,  күнделікті  кӛріп  жүретін  туған  ӛлкесінде  мекендейтін  түрлі  жануарлардың  іс-
әрекеттерін  суреттеп  сынау  арқылы  тӛменгі  сынып  шәкірттерінің  дүниетанымын 
кеңейтіп,  дамытудағы  алатын  орны  ерекше.  Мәселен,  "Қарға  мен  түлкі"  мысалында 
қарға  сияқты  мақтан  сүйгіш,  даңғойлардың  түлкі  тәрізді  қуларға  жем  болуы 
кӛрсетілсе,  "Шырылдауық  шегірткеде"  ертеңгі  күнін  ойламайтын  жалқауларды  күлкі 
етіп, шегірткені әкеліп ӛзінен әлдеқайда кіші құмырсқаға бас игізеді. 
Абайдың  тӛл  шығармалары  мен  аудармалары    балалардың  дүниетанымдық 
кӛзқарастарын  калыптастырып,  дамыта  отырып,  тәлім-тәрбие  береді.  Абай 
шығармаларымен сусындап ӛскен әрбір бала елінің үлкен жүректі азаматы болары хақ. 
Абай  жайлы  жазылып  жатқан  әдебиеттер  ақын-философтың  рухани  мұрасына 
деген  құштарлықты  ғана  білдіріп  қоймайды,  сонымен  қатар  ұлы  ойшылдың  рухани 
байлықтарынан  нәр  алмаған  жас  қазақ  халқының  тарихын,  салт-дәстүрін,  болмыс-
бітімін, тілі мен дінін біле алмайды. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  Абай  Құнанбаев  шығармаларының  тәрбиелік,  дүниетанымдық  сипаты 
талданады.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниетанымын  қалыптастыруда  Абай 
шығармаларының маңызы аса зор. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  говорится  о  роли  и  значении  произведения  Абая  Кунанбаева  в 
формировании мировоззрения учащихся начальных классов. 
 
 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау