ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
34
практикалық
нұсқаулық
тЕСт
1. Интернет-басылымдағы жаңалық газеттегі жаңалықтан еш ерекшеленбейді деген
дұрыс па?
a. Толықтай дұрыс, интернет-басылымдағы жаңалық пен газеттегі
жаңалықтың еш айырмашылығы жоқ
b. Жартылай дұрыс, азғантай айырмашылық бар
c. Дұрыс емес, үлкен айырмашылық бар
2. Интернет-басылымдағы жаңалықтың қызметі не?
A. Оқырманға
ақпарат беру
B. Оқырманның көңілін көтеру
C. Оқырманның көзін ашу
D. Оқырманның көңілін жайландыру
3. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:
A. Интернеттегі жаңалық шапшаң жазылуы керек
B. Интернеттегі жаңалық қысқа да нұсқа
болуы керек
C. Интернеттегі жаңалық оқырманға түсінікті болуы керек
D. Интернеттегі жаңалық әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша жазылуы керек
4. Танымал блогер банк ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама жариялады.
Сіздің әрекетіңіз (дұрыс нұсқаларын таңдаңыз):
A. Сол арада жаңалықты жариялап жіберемін, танымал блогер өтірік айтпайды
B. Жаңалықты жариялаймын, содан кейін өрт сөндіру қызметіне хабарласып,
оны тексеремін
C. өрт сөндіру қызметіне хабарласып, олар растағаннан кейін ғана жаңалықты
жариялаймын
D. өртті көрген басқа да адамдарды іздеп, әзірге жаңалықты жарияламай тұра тұрамын
5. Басылымыңыздың журналисі ірі жол апатына куә болып, оны редакцияға хабарлады.
Редакцияның әрекеті (дұрыс нұсқаларын таңдаңыз):
A. Журналист
хабарлаған ақпаратты қолданып, жаңалықты жариялайды
B. Жаңалықты жариялап, оқырманға егжей-тегжейін кейінірек хабарлаймыз дейді
C. Сол жол апаты туралы полицияның ресми баспасөз хабарламасын күтіп, содан кейін барып
жаңалықты жариялайды
D. Жол-көлік оқиғасының басқа да куәгерлерін іздейді
6. Сізбен бәсекелес басылым экономика министрі отставкаға кеткені туралы жазды.
Сіздің әрекетіңіз (дұрыс әрекет нұсқаларын таңдаңыз):
A. Бәсекелес басылымға сілтеме
жасап жаңалықты жариялайсыз
B. Бәсекелестің жаңалығын көшіріп жариялап, «маған оны ақпарат көзі хабарлады» деймін –
түбінде расталатын ақпарат қой.
C. өзімнің ақпарат көздеріме хабарласып, олар растаса – соларға жаңалықты сілтеме жасап
жариялаймын
D. Отставка туралы ресми хабарламаны күтіп, жаңалықты содан кейін ғана жариялаймын
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
35
7. Мына тақырыптардың қайсысы «жаға ұстатады» және іскер немесе кәсіби интернет-
басылымда қолданылмауға тиіс (мүмкін нұсқаларының барлығын таңдаңыз)?
A. Баян Есентаева тұрмысқа шығады
B. Баян Есентаеваның көңілдестігі некеге ұласпақ
C. Есентаева алдағы жоспарларын айтты
D. Баян Есентаева
жалғыздықпен қош айтысты
8. Интернет-басылымдағы жаңалықтың лиді қандай болуы керек?
A. іскер және ресми
B. не, кім, қайда, қашан деген сұрақтарға жауап беретін
C. Көңіл көтеретін
D. Қызғылықты
9. Қашаған кен орны қайтадан іске қосылатыны туралы жаңалықтың бэкграунды қандай
болғаны дұрыс?
A. Кен орны қашан ашылғаны туралы ақпарат
B. Кен орнының жұмысы апат салдарынан тоқтағаны және ол апат қашан болғаны туралы
ақпарат
C. Кен орнын игеру құқықтары кімге тиесілі екені туралы ақпарат
D. Жоғарыда
аталғанның барлығы
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз.
ГлОССаРИй
Веб
— интернет
Интернет-басылым, интернет-БАҚ
— интернетте жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат
құралы
Аккаунт
– әлеуметтік желі қолданушысының профайлы
Фейк
— жалған ақпарат
лид
— жаңалықтың/мақаланың алғашқы абзацы
Бэкграунд
— анықтама ақпарат