Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет9/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50

ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
   
3.0 
   ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА 
прАКТИКАлЫҚ нҰСҚАулЫҚ
43
лып отыр. Бұл ұғымға өтірік жаңалықтар бұрынғыдан да жиірек пайда болып, аз уақыт ішінде кең 
таралып кететіні ғана емес, олардың саяси, экономикалық және мәдени салаларға ықпал етуге қа-
білетті екені де кіреді. Ендігі жерде фейк жай ғана бүгін бар, ертең жоқ ермек емес, қоғамда әлеу-
меттік ширығу туғыза алатын қуатты әлеуметтік фактор да. 
Осы жағдай журналист рөліне де өзгеріс ензізіп отыр. Ендігі жерде сіз оқиғаны баяндап қана қой-
майсыз, бұдан былай сіздің иығыңызға қоғамды бұрыннан бар құралдармен жеңуге келмейтін қа-
уіптерден қорғау міндеті де жүктеліп отыр.
 
МЫнАғАн ДА нАзАр АуДАрЫҢЫз:
1.  Журналистік  зерттеулерге  арналған  верификация  жөніндегі  нұсқаулық  http://verifi cation-
handbook.com/book2_ru/.
2.  Stopfake.org сайтындағы «құралдар» бөлімі.
3.    Шындықтан  кейінгі  дәуірге  дейінгі  басылымдардағы  фейктердің  салдарын  түсіну  үшін: 
«Афера Стивена Гласса» фильмі (2003).
4.  Таралым аясын кеңейту үшін ақпаратпен саналы түрде манипуляция жасайтын ресурстарды 
анықтау туралы: «The King of Bullsh*t News» мақаласы https://www.buzzfeed.com/alanwhite/cen-
tral-european-news?utm_term=.cs3o5LYN#.wvwkwlpo.
5.  өтірік жаңалықтар және шындықтан кейінгі дәуір: бәрі жаңа басталды https://geektimes.ru/
post/283046/.
6.  Әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттарды қалай анықтауға болады https://texterra.ru/blog/
kak-opredelit-feykovye-akkaunty-v-sotsialnykh-setyakh.html.
7.  Neue  Zürcher  Zeitung:  өтірік  жаңалықтарға  қарсы  нағыз  күрес  https://www.unian.net/
world/1769862-neue-zrcher-zeitung-nastoyaschaya-borba-protiv-falshivyih-novostey.html.
8.  өтірік  медицина  жаңалықтарын  қалай  тануға  болады?  http://www.bbc.com/russian/oth-
er-news-38777425.
9.  Сайтқа фотосурет іріктеп алу http://www.bbc.co.uk/academy/russian/article/art201307021121 
34575
10. Фотосуреттің растығын тексеру http://www.bbc.co.uk/academy/russian/article/art20130702112 
134581
11. Want to resist the post-truth age? Learn to analyze photos like an expert would https://qz.com/ 
902573/want-to-resist-the-post-truth-age-learn-to-analyze-photos-like-an-expert-would/?utm_
source=atlfb.
12.  Markham Nolan: How to separate fact and fi ction online https://www.youtube.com/watch?v=sN-
V4yIyxxx0.
13.  First Draft Visual Verifi cation Guide https://fi rstdraftnews.com/are-you-a-journalist-download-
this-free-guide-for-verifying-photos-and-videos/.
 
тест
1. Веб-сайттың (жаңалық көзінің) тарихы мен беделін қандай құралмен тексерген 
дұрыс?
A. Archive.org (Бұл ресурс веб-сайттың тарихы мен беделін тексеруге бәрінен лайық, өйткені 
сайтта бұрын жарияланған дүниенің бәрін көрсетеді)
B. Wolfram Alpha (Жоқ, бұл ресурсты жалпы фактілерді тексеру үшін ғана қолданған дұрыс) 
C. Network-tools.com (Веб-ресурстың қазіргі жағдайын түсіну үшін жақсы құрал, алайда оның 
тарихын тексеруге жарамайды)
D. YouTube Data Viewer (Бұл құрал  Youtube желісінде жарияланған видеоның растығын тек-
серуге арналған)


ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика    
3.0
44
практикалық нұсқаулық
2. MH17 жолаушылар ұшағы жанына оқ жаудырушы ұшақты апарып монтаждаған 
фотоның әлеуметтік желілерде жариялануы адамның дүниені қабылдауындағы қандай 
әлсіз тұсын пайдаланады?
A.  Жаны ашу (Бұл үшін адамдардың қайғырып отырғаны бейнеленген суреттер жарияланады, 
ұшақ суреті ондай эмоция тудырмайды). 
B.    Әлем  бейнесінің  тұтастығын  қажет  ету  (Иә,  өйткені  ондай  фото  фактілерге  де,  санаға  да 
қайшы келгенімен, солай деп қабылдауға қосымша дәлел бере алады).
C.  Көмектесу ниеті (Мұндай фото өзгертуге келмейтін өткеннің оқиғаларына сілтейді).
 
3. Фотоның растығын тексеру кезінде мына көрсетілгендердің қайсысы қаланы тануға 
көмектеседі?
A.  Ағаштар мен өсімдіктер (Қай қала екенін көрсетуге жарамайды, кез келген қалада бар).
B.  Ауа райы (нақты сәйкестендіруге жарамайды, тым жалпылама).
C.  Автокөліктің номері (Қай аймақ екенін тануға мүмкіндік береді).
D.  Жарнама билбордтары (Иә, онда қала коды бар телефон номері жазылған болуы мүмкін).
 
4. Фактчекинг пен верификация маңызының артуына негізгі себеп:
A.  Ақпарат арналарының дамуы және өзгеруі (Фейктер жылдамырақ тарай бастауының себебі 
де осы).
B.  Журналистерді оқыту стандарттарының өзгеруі (Верификация мен фактчекинг журналистің 
негізгі құралдары).
C.    Басылымдар  саны  артуы  (Фактчекингтің  маңызды  болуына  басылымдардың  саны  емес, 
сапасы әсер етеді).
D.  Саяси  жаңалықтардың  танымалдығы  артуы  (Олар  журналистика  пайда  болуы  басталған 
кезден-ақ танымал болған).
 
5. Ойдан шығарылған өтірік пен насихаттың басты айырмашылығы неде?
A.  насихат саяси мақсатты көздейді (Иә, бұл тұтастай саяси құрал).
B.  Ойдан шығарылған өтіріктен ешкім зардап шекпейді (өкінішке қарай, ойдан шығарылған 
нәрсе де зардап келтіруі мүмкін).
C.    насихат  тек  мемлекеттік  болуы  мүмкін  (Жоқ,  оны  кейде  коммерциялық  құрылымдар  да 
қолданады).
D.    Ойдан  шығарылған  нәрсені  жоққа  шығару  оңай  (Әрдайым  оңай  бола  бермейді,  әсіресе 
верификация  процесі  қиындап  кетті.  Мысалы,  Меркурийде  пирамидалар  бар  деп  ойдан 
шығаруға болады және оны жоққа шығару қиынға түспек).
 
6. Мына хабарламада эмоциялық акценттің қандай тәсілі қолданылған: «Украина 
«Ислам батальоны» көмегімен Таяу Шығысқа химиялық оқ-дәрі тасымалдап жатыр»
A.  негатив нарратив.
B.  Эмоцияға толы тақырып.
C.  уақыт пен кеңістіктің жылжып кетуі.
D.  Материал ұсынуда баланс жоқ.
 
7. Дәйексөздің растығын тексеру кезінде не нәрсеге мән беру керек?
A.  Бүтін мәтіндегі контекст.
B.  Айтылған уақыты.
C.  Айтылған орны.
D.  Айтқан адамның лауазымы.
E.  Аталғанның бәрі. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау