№33 (10636) 18 тамыз 2017 жыл Өңір К



жүктеу 364,73 Kb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата04.01.2018
өлшемі364,73 Kb.
#6975
1   2   3   4   5   6   7

№33

18 тамыз  2017 жыл

  5

Аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы білім 

беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған 

баяндамасынан тезистер

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы 3.0 – білім беру үлесі»

Спорттық 

жетістіктерге 

тоқталсам, 

мектеп 

оқушыларының 8-ші қысқы облыстық Спартакиадасында 



“Шағын  футбол”  жарысында  қыздар  командасы  (Шаған 

және Подстепный қазақ ЖОББМ-нің қыздар құрамасы) 1 

орын иеленіп, Петропавл қаласында өткен республикалық 

спартакиадаға  қатысып  келді.    Ұлдар  командасы  (Фе-

доров  №1,  Федоров  қазақ,  Шаған,  Восход,  Новопав-

лов  ЖОББМ)  ІІ  орынға  ие  болды.  Шаңғы  жарысында  ІІІ 

орынды иеленді (Ақсуат, Магистралды). Облыстық қысқы 

Президенттік  көпсайыста  Чапаев  ЖОББМ-нің  10  сынып 

оқушысы Кошта Анна жүлделі 3-ші орын иеленіп, Астана 

қаласында өткен республикалық жарысқа қатысып келді. 

Мектеп оқушыларының 8-ші қысқы облыстық Спартакиа-

дасында  жалпы  командалық  есепте  Теректі  ауданының 

оқушылары 3 орын иеленді. “Шұбар доп” облыстық турни-

рінде Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ-нің командасы 3 орынға 

ие болды.

“Мен  чемпион”  облыстық  спорттық  ойынында  Федо-

ров №1 ЖОББМ-нің 6-7 сынып оқушылары (И.Киянский, 

А.Дуйсенгалиев, 

К.Пустовая, 

Д.Хамидуллова, 

Н.Казамшиев, Д.Крутько, Ж.Абдульманова, Ж.Балгереева, 

К.Журавская,  А.Райсов,  Е.Онбаев,  Д.Бердникова)  1 

орынды  иеленіп,  Петропавл  қаласына  осы  ойынның 

республикалық кезеңіне жолданды.



Білім беру ұйымдарындағы 

тәрбие беру қызметі 

Қазіргі  таңда  білім  саласында  31  мектеп 

директорларының  тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынба-

сарлары, оның ішінде жоғарғы санатты-2, 1санатты-12, 

2 санатты-13, санатсыз- 3, 30 тәлімгер  жұмыс жасайды.   

Қосымша білім беру негізінде 6 мектептен тыс мекеме 

жұмыс жасайды: 3 саз мектебі,1 балалар шығармашылық 

үйі,1  спорт  мектебі,1  балалар-жасөспірімдер  туризмі 

және  экология  орталығы.  Ауданның  барлық  мектеп-

терінде қосымша мекемелердің түрлі бағытта үйірмелері 

жұмыс жасайды. Барлығы  4900 оқушы мектептен тыс 

және мектепшілік үйірмелерде  және спорттық секция-

ларда жұмыстануда. 

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және СӨС тәрбие 

бағыты  бойынша  ауданымызда  30  «Жас  Ұлан» 

ұйымдары жұмыстанды. 2016 жылы  Орал қаласында 

өткен  «Ұланымыз ұлы елдің» аймақаралық форумында  

Подстепный қазақ ЖББОМ  «Жас Ұлан» ұйымы   «Үздік 

ұйым» аталымына ие болды. 

БҚО  білім  басқармасының  және  денсаулық 

сақтау  департаментінің  біріккен  бұйрығы  негізінде  

ауданның  30  мектебінде  наркобекеттер  құрылып,  10-

11  сынып  оқушыларынан  құрылған  үгіт  бригадалары 

жұмыстануда. 

Мектеп  пен  ата-аналар  арасындағы  қарым-

қатынасты  күшейту  мақсатында    мектептер  ата-ана-

лар,  «Ақсақалдар  кеңесі»,  «Әкелер  кеңесі»,  «Әжелер 

кеңесі», «Аналар мектебімен» біріге жұмыс жүргізеді. 

Тәрбие  жұмысы  бойынша  педагог  кадрлардың 

іс-тәжірибелерін  тарату  мақсатында  Подстепный 

қазақ  ЖББОМ  сынып  жетекшілері  Г.Карманова  және 

М.Утепкалиева «Ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру» 

облыс  көлемінде,  Ақсуат  ЖББОМ  сынып  жетекшісі 

А.Маштаевтің  «Ата-анамен байланыстың инновациялық 

тәсілдері»,  Подстепный  қазақ  ЖББОМ  (педагог-психо-

логтар Ж.Хамзина, Р.Сакипкалиева) зиянды заттардың 

алу  алу  шаралары  және  салауатты  өмір  салтын  на-

сихаттау  бағыты  бойынша    «Күресеміз  тағдырдың  ін-

детімен,  жойылсын  нашақорлық  жер  бетінен»  аталған 

жинақ-кітапшалары аудан көлемінде таратылды. 

Педагог кадрлардың біліктілігін көтеру  мақсатында 

(Алматы  қаласында  ҚР  ПКБАИ  базасында)  №1  Фе-

доров  ЖББОМ-нен  Д.Кульниязова,  Ақсуат  ЖББОМ 

К.Бохаева,  аудандық  лингвистикалық  гимназиясы-

нан  А.Макарова,  Восход  ЖББОМ-нен    Т.Жанабилова, 

Подстепный  қазақ  ЖББОМ-нен  Б.Габдыгалиев  сынды 

тәрбие  ісі  меңгерушілері 

курстан  өтті.  2015-2017  жыл-

дары    5  тәрбие  ісі  жөніндегі  меңгерушілер,  8  тәлімгер 

оқытылды  және  облыстық  семинарларға  15  тәрбие  ісі 

жөніндегі  меңгерушілер,  әлеуметтік  педагог,  психолог, 

тәлімгерлер қатысты.



Қосымша білім беру

Ауданда  білім  беру  бөліміне  қарасты    1  балалар 

шығармашылық  орталығы,1  балалар-жасөспірімдер  ту-

ризмі  және  экология  орталығы,1  спорт  клубы  және  3 

саз мектебі жұмыс жасайды.  Мектептен тыс ұйымдарда 

жұмыс жасайтын үйірмелердің жалпы саны - 100. Жалпы 

үйірмелермен қамтылған балалар саны - 2639 бала (48%). 

Аудандық  Балалар  шығармашылық  үйінде  35  үйірмеде 

(техникалық, қолданбалы шығармашылық, хореография, 

фольклор) 21 қосымша білім беретін педагог жұмыстануда. 

Ағымдағы оқу жылының соңында  облыстық кеме үлгілеу 

спорттық  жарысы  бойынша  Подстепный  қазақ  ЖОББМ-

нің  жас  кеме  үлгілерін  жасаушылары  3  бірінші,3  екінші 

және 3 үшінші орындарды жеңіп алды.

Теректі  аудандық  балалар-жасөспірімдер  туриз-

мі  және  экология  орталығы    2016-2017  оқу    жылдың 

жоспары  бойынша  13  шара  және  1  облыстық  шара, 

экологиялық  экспедиция  отрядтарының  слеті  жоғары 

дәрежеде  ұйымдастырылды.  2015-2016  оқу  жылы 

оқушылар жалпы саны 543 (9,2%) болса, 2016-2017 оқу 

жылы 44 үйірме, соның ішінде 3 экология, 11 өлкетану, 29 

туризм,  1  спорттық  бағдарлау  үйірмелері  жұмыстанды. 

Аудан бойынша жалпы оқушылар саны 5900 болса соның 

- 585 (10 %) - оқушысы туризм орталығы үйірмелерімен 

қамтылды. 

 «Ақжайық» балалар саз мектебінде 160 оқушы, 7 сы-

нып  бойынша  қосымша  білім  алады,  21  оқытушы  дәріс 

береді. 


Подстепный  ауылындағы  №3  балалар  саз  мек-

тебінде  23  оқытушы    247  оқушыға    қосымша  білім  бе-

руде.  Облыстық  онлайн  режимінде  қосымша  білім 

беру  ұйымдарының  басшылары  және  оқу  ісінің 

меңгерушілерінің  қатысуымен    өткен  «Мәңгілік  ел  иде-

ясы арқылы педагогтардың этномәдени құзыреттіліктерін 

қалыптастыру»    тақырыбындағы  семинарда  «Бала-

лар  саз  және  өнер  мектептерінде  оқу-тәрбие  үрдісін 

ұйымдастырудың  жаңа  тәсілдері»,  «Этносольфеджио 

пәнін жүргізудің негізгі жұмыс түрлері және  бағыттары» 

тақырыбында мектеп директоры М.Габбасова баяндама 

жасады. Сондай-ақ, ол ЮНЕСКО ұйымының шақыруымен 

Алматы  қаласында  болып,  саз  мектебінің    осы  ұйымға 

мүше болу құрметін иеленіп қайтты.



Оқушылардың жазғы 

демалысын ұйымдастыру

Теректі  ауданының  білім  беру  бөлімінің  2017 

жылғы  28  сәуірдегі  №300  «2017  жылдың  жазғы  ка-

никул  кезеңінде  балалардың  сауықтыру  демалысын, 

жұмыспен қамтылуын,бос уақытын ұйымдастыру тура-

лы»  бұйрығы және Теректі ауданының  әкімдігінің 2017 

ж  23  мамырдағы  №180  «Жазғы  кезеңде  балалар  мен 

жасөспірімдердің  демалысын,сауықтырылуын  және 

жұмыспен  қамтылуын  ұйымдастыру  туралы»  қаулы  

негізінде    аудан  бойынша  5  маусымнан  39  мектеп 

жанындағы  жазғы  демалыс  лагерлері  тамақтануымен 

және  3 шілдеден  10 лагерь  профильдік бағытта және 

шатырлы лагерь    ашылып,  5414  оқушы демалды. 

Орал  қаласында    «Дарын»    сауықтыру  лагерін-

де  14  маусым-1  шілде  аралығында    18  оқушы    ауы-

сымдар  бойынша  демалды.  Х.Есенжанов  атындағы 

ЖОББМ  күрделі  жөндеуден    өтуіне  байланысты  

Шалқар  көлі  жағалауындағы  «Жасұлан»  лагерінің 

жұмысы    биыл  Подстепный  ауылындағы    ауданның 

лингвистикалық гимназиясының  интернаты базасында 

ұйымдастырылып, демалыспен  200 оқушы қамтылды. 

Лагерьдің жоспарына сәйкес, әрбір ауысымда Шалқар 

көліне және Орал қаласына экскурсия болды. Астанаға 

«ЭКСПО-2017»  халықаралық  мамандандырылған 

көрмесін тамашалауға ауданымыздан 420 оқушы бара-

ды. Бұл мақсатқа 22 млн. 500 мың теңге қаражат бөлінді.  

Италияға  2 оқушы, КПО Қарашағанақ компаниясының 

жолдамасы  бойынша  6  оқушы    «ЭКСПО-2017» 

халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды.

 2017 жылы  жазғы демалыспен аудан оқушыларының 

99,1 пайызын қамту жоспарлануда. Мектеп жанындағы, 

шатырлы,  профильді,  аудандық  лагерлерде  және  Ас-

тана  қаласында  өтетін  «ЭКСПО-2017»  халықаралық 

мамандандырылған  көрмені  тамашалаумен    барлығы 

5900 оқушыны қамту жоспарда.  

Арнайы түзеу және инклюзивті 

білім беру жұмыстары 

Теректі  ауданының  білім  беру  бөлімінің  есебінде  583 

даму мүмкіндігі шектеулі бала бар. 74 мүгедек бала аудан 

мектептерінде  білім  алуда.  16  бала  денсаулық  жағдайына 

байланысты  оқытуға  жатпайды.  25  бала  жеке  оқытылады. 

22 бала облыстық мамандандырылған мектептерде  оқиды. 

Мектептерде    67  оқушыны  қамтитын  13  түзету-дамыту 

сыныбы,    16  дефектолог,  8  логопед  бар.  Мектепке  дейін-

гі  ұйымдарда  арнайы  топтар  жоқ.  Подстепный  ауылында 

«Бәйтерек» балалар бақшасында даму мүмкіндігі шектеулі 

балаларға  арналған    инклюзивті  кабинет  жұмыс  жасайды. 

Барлық балалар саны - 17.  Инклюзивті білім беруді енгізу-

ге жағдай жасаған мектептер үлесі 2016-2017 оқу жылында 

жалпы мектептер санының 49 %-ын құрап отыр, 2015-2016  

оқу  жылында  бұл  көрсеткіш  46  %-ын  құраған  болатын.  

2015-2016 оқу жылында жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар 

санының 70,7  %-ы инклюзивті білім берумен қамтылған бол-

са, 2016-2017 оқу жылында  75 %-ды құрады. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіру және әлеуметтік 

бейімдеу  бойынша  үлкен  жұмыс  жүргізілуде.  Жыл  сайын 

даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  мектепке  даярлауда 

материалдық көмек көрсету мақсатында «Жолашар» акци-

ясы өткізіледі.  2017 жылдың 22 ақпаны күні даму мүмкіндігі 

шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» шығармашылық  

аудандық  фестиваліне    36  бала  қатысты.  20-21  сәуірде  

Орал  қаласында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған 

«Жұлдызай» шығармашылық фестиваліне Покатилов  ЖОБ-

БМ-нің  9 сынып оқушысы Дмитрий Байков қатысты. 19-20 

сәуіріде өткен І облыстық  «Жұлдызай» спартакиадасында  

мини-футболдан  1  орын  алған  №1  Подстепный  ЖОББМ  к 

Алматы қаласына өткен  «Жұлдызай» мүмкіндігі  шектеулі  

балалардың    республикалық    спартакиадасында  3  орын 

алған болатын.

2017 жылдың 23 қаңтарында  облыстық «Арнайы білім 

беру ұйымдарындағы ерекше білімді қажет ететін балалар-

мен жұмыс істеу бойынша  ең үздік әдістемелік нұсқаулық» 

сырттай байқауының аудандық кезеңі  өткізілді. І орын - №1 

Подстепный ЖОББМ  түзете дамыта оқыту сынып мұғалімі 

Азаткул  Мусагалиеваға  берілді.  Ол  байқаудың  облыстық 

кезеңінде де І орын алды.

«Логопедиялық  калейдоскоп»  байқауында  І  орын  №1 

Подстепный  ЖОББ мектебінің логопеді Айнагүл Макутоваға 

бұйырды.    ІІ  орын  –  Подстепный  қазақ  ЖОББ  мектебінің 

логопеді  Мейрамгул  Куангалиева  қанжығасында.  ІІІ  орын 

– Шаған ЖОББ мектебінің  логопеді Гүлзар Сарсекеноваға 

тиесілі.    Байқау  жеңімпазы  Айнагүл  Макутова  облыстық 

кезеңде номинацияға ие болды. 

Әлеуметтік–психологиялық  қызмет 

 

Ауданда  бүгінгі  күні  35  психолог  жұмыс  істейді,оның 

ішінде    базалық психологиялық білімімен 35, 6 - бірінші 

санатқа,  17-і  екінші  санатқа  және  12    психолог  санатсыз. 

3  психологтың  1-3  жыл  дейін,  15  психологтың  5  жыл,  9 

психологтың  10 жылға дейінгі және  8-нің 10  жылдан астам 

еңбек өтілі бар.     2016-2017 оқу  жылында аудан мектеп-

терінде  24  әлеуметтік  педагог  жұмыс  істейді,оның  ішінде 

базалық  педагогикалық  білімімен  23  әлеуметтік  педагогі. 

Жоғары санатымен жоқ, бірінші санатымен 6, 2 санатымен 

-3, қалған 15-сі санатсыз.  

2016  жылдың  қыркүйек-қараша  айлары  аралығында 

ауданының  6  психологі  «Превенция  суицида  среди  не-

совершеннолетних»  тақырыбында  курстан  өтті.  Оқу  3 

кезенңен  тұрды.  Денсаулық  сақтау  Министрлігі  психоте-

рапия  және  наркология  әлеуметтік  даму  Республикалық 

психиатриялық  ғылыми–практикалық орталығымен психо-

логтарды  оқуға шарт жасалды. Аудан мектептерін  тарат-

па  және  көрнекі  материалдармен  қамтуға  950  мың  теңге 

бөлінді. 

Кәмелетке толмағандар арасында суицидті  болдырмау 

мақсатында  30  мектепте  психологиялық  тестер  өткізілді. 

Сауалнама қорытындысы бойынша «жоғары қауіп-қатер то-

бында»  22 бала, «тәуекел тобында» -36 оқушы көрсетілді. 

Мектеп  психологтары  суицидтік  мінез-құлық  анықталған 

оқушыларды бақылауға алды, жеке жұмыстар жүргізіледі.



«Өзін-өзі тану» пәні 

Аудан  мектептерінде  76  өзін-өзі  тану  педагогы  жұмыс  

істейді.  Олардың  ішінде  жоғары  білімімен  -  60,  орта  ар-

наулы білімімен -16.  Оның ішінде жоғары және І санатты 

мұғалім жоқ, ІІ санатты - 5, санатсыз - 71 педагог. Жас ма-

мандар саны – 5. Балабақшаларда 4 өзін-өзі тану педагогы 

жұмыс  істейді.  Жоғары  білімімен-3,  орта  арнаулы  білімі-

мен-1.  Мектептер  мен  балабақшалардағы    65  педагогтар 

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілігін арттыру курстары-

нан өткен, сертификаттары бар.

2016-2017  оқу  жылында    «Өрлеу»  біліктілікті  арт-

тыру  Ұлттық  орталығы»  АҚ-ның  БҚО  бойынша  педагог 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  жанында 

өтетін  үш  деңгейлік  біліктілігін  арттыру  курсының  үшінші 

(базалық)  деңгей  бағдарламасы  бойынша  біліктілігін  арт-

тыру курсына  өзін-өзі тану пәні бойынша  7  мұғалім курс-

тан  өтті. 2016 жылдың 5 қыркүйек -25 қараша   аралығында 

Алматы  қаласында  «Бөбек»  ұлттық  ғылыми-практикалық 

білім  беру  және  орталығында    «Өзін-өзі  тану»  адамгер-

шілік  –рухани  даму  бағдарламасы  бойынша  өтетін  педа-

гог кадрлардың  біліктілікті арттыру курсына  Магистраль-

ный    ЖОББМ    «Өзін-өзі  тану»  пәні  мұғалім  Г.Құрмашева 

қатысты.



жүктеу 364,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау