№33 (10636) 18 тамыз 2017 жыл Өңір К



жүктеу 364,73 Kb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата04.01.2018
өлшемі364,73 Kb.
#6975
1   2   3   4   5   6   7

 №33 

18 тамыз  2017 жыл

6

Аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы білім 

беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған 

баяндамасынан тезистер

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы 3.0 – білім беру үлесі»

Жетім және ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған  

балалардың құқықтарының қорғалуы 

Ауданы бойынша қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы 

жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала-

лар саны қазіргі уақытта – 57, қамқорлық (қорғаншылықта) 

-  46  бала,    патронаттық  тәрбиеде  11  бала  тәрбиеленуде. 

Қамқоршылар  саны  -  38,  патронат  отбасы  (тәрбиеші)  - 

8.    Соңғы  үш  жылда  жалпы  жетім  балалар  үлесі  негізінен 

тұрақты. 2016 жылы 11 бала есептен алынса, қабылданған 

бала саны – 8. Жалпы 2016-2017жылы патронаттық тәрбиені 

дамытуға бағытталған шаралар жүргізіліп, 5 бала   облыстық 

балалар  үйлерінен,  ауруханадан  алынды.  Бұл  отбасылар 

жан-жақты тексеріліп, балаларды тәрбиелеуге беру туралы 

1 жылға  келісімшарттар жасалды.  40 бала мектеп оқушысы, 

9 - студент, мектеп жасына дейінгі бала-7. 

Қамқорлықтағы  барлық  балаларға    2011  жылдың  та-

мыз айынан бастап   ҚР Үкіметінің 2011жылғы 1тамыздағы 

№380 Қаулысына сәйкес 22690 тенге жәрдемақы төленеді. 

Патронаттық тәрбиешілерге жәрдемақылар білім беру бөлімі 

арқылы төленеді. 

Асырап  алушы  отбасында  тәрбиеленіп  жатқан 

балалардың жалпы санынан 32 бала (57%)  таза жетімдер  

болып  табылады.  Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балалардың үлес салмағы - 24бала (43%). Оның ішінде бір 

асыраушысынан  айрылуына байланысты 9 балаға,барлығы 

41балаға        жәрдемақы  төленеді.  Балаларды  асырап-

бағуға  әлеуметтік  жәрдемақы  барлық  56    балаға  төленеді. 

Жәрдемақы төлеуге құқықтары қорғалмаған жетім және ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ауданда жоқ. 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 13 баланың ата-

анасы ата-аналық құқығынан айырылған. Жалпы білім беру 

бөлімі тарапынан 2013  жылдан бері қарай 15 ата-ананың 

ісі  сотқа  беріліп,құқықтарынан  айырылған  және  шектел-

ген.Жәрдемақыға,  алиментке  және  басқа  да  әлеуметтік 

төлемдерді  тағайындауға  тоқсан  сайын  өзгерістер  ен-

гізіледі.

Жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балалардың  ішінен  3  балаға  тұрғын  үйге  жеке  және  үлес 

меншік  құқығы  бекітілген.  Мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан 

тұрғын  үй  алулары  үшін  кезекке  барлық    бала  қойылған, 

бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің есепке 

қойылған мерзімі мен кезекті нөмірін көрсете отырып берген 

мәліметімен расталған. 

Осы  санаттағы  балаларды  оқуға,еңбекке  орналасты-

ру  жұмыстары  да  күн  тәртібінен  түспейді.  2015  жылы  –  8, 

2016  жылы  -11,  2017  жылы  –  3  жетім  және  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балалар  оқуларын  аяқтады. 

Биылғы  16  түлек  оқуларын  мектепте  және  колледждерде  

жалғастырады.

Қорғаншылық,  қамқоршылыққа  және  патронаттық 

тәрбиеге  берілген  балалардың  денсаулығына,  өмір 

сүру,  тәрбиелену  және  білім  алу  жағдайына  бақылау  жа-

сау  асырап  алушы  отбасыларды  зерттеу  қорытындысы 

мен  қамқоршылар  есептері  арқылы  жүзеге  асырыла-

ды.  Бақылауды  ұйымдастыруға  аудандық  білім  беру 

ұйымдарының педагогтары, білім беру мекемелерінің сынып 

жетекшілері мен психологтары тартылады. 

Осы  санаттағы  балаларға  жаппай  оқыту  қорынан  киім-

кешектер,оқу құралдары  беріліп отырылады. Мейрамдарда, 

қамқорлық акцияларында демеушілер тарапынан сыйлықтар 

жасалады.  Тамыз  айында    облыстық  «Дарын»  қосымша 

білім  беру  орталығының    «қамқоршы  отбасыларға»  арнап 

ұйымдастырған  ауысымына  7  отбасынан  9  бала    демал-

ды.  Алматы қаласында «Бөбек» ҒСО-на 3 оқушы,облыстық 

әкім шыршасына осы санаттан 5 бала қатысты.  Италияға 

2оқушы барып қайтты. «Аджип Карашығанақ» компаниясы 

ұйымдастырған ЭКСПО көрмесіне саяхатқа осы санаттан 4 

оқушы барды. Қалған балалар аудандық бюджеттен дема-

лып қайтты. 



Білім беру жүйесін ақпараттандыру

Аудан  мектептерінде  білім  беру  сапасын  арттыру 

мақсатында  үнемі  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар  ендірілуде.  Қазақстанда  білім  беру  жүйесін 

ақпараттандыру  ҚР  Президентінің  жарлығымен  бекітілген 

орта  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  жөніндегі  мем-

лекеттік  бағдарламаға  сәйкес  қарқынды  дамып  келеді. 

Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі - мектептерді ком-

пьютерлік техникамен қамтамасыз ету. 

Қазіргі  уақытта  ауданымыздың  11  мектебі  -  Чапаев, 

Богданов, Приречный, Федоров №1, Федоров қазақ, Под-

степный №1 ЖОББМ, Подстепный қазақ ЖОББМ, «Үміт» 

гимназиясы, Шаған, Ақжайық, Аңқаты ЖОББМ кең жолақты 

Internet  Megalinе  жүйесіне  қосылған.  Қазіргі  таңда  бұл 

қызмет  72,5  %  «Қазақтелеком»  ААҚ  арқылы  жүзеге  асы-

рылуда. Мектептер Megaline жүйесіне қосылған соң sabak.

kz. сайтында жүргізілетін on-line сабағын интерактивті көру 

мүмкіндігі пайда болды. Ауданының 5 мектебі «е-learning» 

бағдарламасына сәйкес жабдықталды, сонымен қатар мек-

тептер  үшін 2016 жылы 52  компьютер сатып алынды.

Жергілікті  бюджеттен  оқулықтарға  және  әдістемелік 

нұсқаулықтарды  сатып  алуға  173  млн  713  мың  теңге 

және көлік қызмет көрсетулеріне 5527 мың теңге бөлінді. 

Сонымен  қатар  келісімшарт  бойынша  15  тамызға  дейін 

оқулықтар,  электронды  оқулықтар,  дәптерлер,  сөздіктер 

мен көркем әдебиеттер жасалған  толық жеткізілуі қажет. 

2016-2017  оқу  жылына  оқулықтарға,  дәптерлерге  және 

оку-әдістемелік кешендерге 43186 дана тапсырыс беріліп, 

толық қамтамасыз етілді.

Үштілділік туралы ұлт 

жоспарының жүзеге асырылуы 

Елбасы Тілдердің үш тұғырлығы туралы мәдени жобасын 

кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Қазіргі таңда қазақ тілі-мем-

лекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі 

- әлемдік кеңістікке тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр 

сабақта  қолданып,  жаңаша  оқытудың  тиімді  жолдарын  та-

уып,  жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформа-

сы аясындағы «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» іске асыры-

луда. Аталған жоспардың 79-қадамы білім жүйесінде жоғары 

сыныптарда және жоғары оқу орындарында ағылшын тілін-

де оқытуға кезең-кезеңмен өту. Ауданымызда да үштілді да-

мыту бойынша жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. 

Үштілде  білім  беруді  енгізу  бойынша  4  пән  -    «Информа-

тика»,  «Биология»,  «Химия»,  «Физика»  пәндері  бойынша 

мұғалімдерді  оқыту  2016-2019  жылдар  аралығында  кезең-

кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 2019 жылдан бастап 

аталған 4 пән ағылшын тілінде 10-11 сыпыптарда жүргізілетін 

болады. 

2016 жылы 26 қыркүйек пен 12 қараша аралығында Ба-

тыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің 

менеджмент  және  тіл  факультетінде  ауданымыздағы  60  

мұғалімі  үштілділіктің  бірінші  кезеңі  бойынша  курска  оқып 

келді.  Оқуға  барлығы  2  миллион  352000  теңге  қаражат 

бөлінді.  Үштілділіктің  екінші  кезеңіне  баға  ұсыныстарын 

сұрату  арқылы  ЖК  «Қадір  Әли»  мен  4  миллион  250000 

теңгеге  келісім  шарт  жасалды.  Алайда  ЖК  «Қадір  Әли» 

жосықсыз жабдықтаушы болып табылғандықтан үштілдіктің 

екінші  кезеңі  кейінге  қалдырылды.  Курс  бітірген  60  пән 

мұғалімдерінің ағылшын тіліндегі білім деңгейлері тексеріл-

геннен кейін, білім деңгейі жоғары 25 пән  мұғалімдер 2017 

жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз пәндерін ағылшын тілінде 

жүргізетін болады және оларға қосымша еңбек ақы төленетін 

болады. 


Ағымдағы  жылдың  14.08-02.12  аралығында  биология 

пәні мұғалімі, 4 қыркүйектен бастап  10 айлық курсқа ин-

форматика, ағылшын тілі пәні мұғалімі, 1 қыркүйектен бас-

тап 5-биология  , 3-химия, 4-физика, 3-информатика пәні 

мұғалімдері  және  04.09-17.11  аралығында  3-биология, 

2-химия,  3-информатика,  3-физика  пәндері  мұғалімдерін 

оқыту жоспарлануда.

Ауданымыздағы  ағылшын тілі пәнінен деңгейін анықтау 

бойынша   тесттен өткен 10 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  

2017 жылдың 4 желтоқсаннан бастап оқытылады. 



Қорытынды

Құрметті  әріптестер!  Білім-  қоғам  игілігі.  Жаһандану 

жағдайында  бәсекеге  қабілетті  болу  бізден  әлемдегі  ең 

алдыңғы  қатарлы  жаңалықты  енгізудегі  ұтқырлықты  та-

лап етеді. Білім беру саласындағы табыстар – бұл ғылым 

саласындағы жетістіктер, ал ғылым саласындағы жетістік-

тер  –  инновациялық  дамудың  қайнар  көзі.Сапалы  білім 

алған ұрпақ зияткерлік ұлтымыздың қалыптасуының негізі 

болатыны сөзсіз.

Біздің  әрқайсысымыздың  Мемлекеттік  бағдарламаны 

жүзеге асыруға қосар үлесіміз зор және мемлекет басшы-

сы Н. Назарбаевтың білім саласы алдында қойған жоғары 

мақсаттарына табысты қол жеткізетінімізге сенімдімін. 

Сіздерді 

жаңа 

оқу 


жылының 

басталуымен 

құттықтаймын!Жаңа  оқу  жылының  басталуымен  алдағы 

уақытта  білім  саласындағы  үлкен  жетістіктерге  үміт  ар-

тамыз.Әрбір  педагогикалық  ұжым  алдағы  уақыттағы  да-

муында  жаңа  бастамаларға  толы  тиімді  жолдарын  таба 

берсін.Сіздерге  шығармашылық,  шабыт  пен  болашаққа 

сенім, қабілетті және саналы оқушыларды тілеймін.

Біздің  барлығымыздың  еңбегіміз  жаңа  оқу  жылында 

айтарлықтай нәтиже беріп, қуаныш пен қанағат сезімін ала 

келсін. Жаңа оқу жылы біздерге жаңа үміттер артып, білім 

беру мазмұнын жаңартуда зор міндеттер қойып отыр.

Жаңа оқу жылы қарсаңында баршаңызға зор денсаулық 

шығармашылық табыс пен шабыт тілеймін!



«Теректі ауданы әкімінің аппараты» ММ 

«Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 

орналасуға жалпы конкурс жариялайды. 

091100,  Батыс  Қазақстан  облысы,  Теректі  ауданы,  Федоров  ауылы,  Юбилей-

ная көшесі, №18, анықтама телефондары:  8-(71132)21-3-74, 21-3-85, эл.мекен-жай: 

pravotdelterekta@mail.ru,

Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты;

Приречное селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші), E-G-4 са-

наты;

Федоров селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты.



Хабарландырудың толық нұсқасы: terekta-bko.gov.kz, kyzmet.gov.kz

 интернет-ресурсында жарияланды.

ГУ «Аппарат акима Теректинского района» 

объявляет общий конкурс на занятие вакантной админист-

ративной государственной должности корпуса «Б».

091100,  Западно-Казахстанская  область,  Теректинский  район,  с.  Федоров-

ка,  ул.  Юбилейная,  №18,  телефоны  для  справок:  8(71132)21374,  21385,  эл.адрес: 

pravotdelterekta@mail.ru 

Главный специалист отдела экономики и финансов Теректинского района, катего-

рии E-R-4;

Ведущий специалист (бухгалтер) аппарата акима Приреченского сельского округа, 

категории E-G-4;

Ведущий специалист аппарата акима Федоровского сельского округа, категории     

E-G-4.


Полная версия объявления размещена на интернет-ресурсе: 

terekta-bko.gov.kz, kyzmet.gov.kz.

Назар аударыңыз!

«Батыс  Қазақстан  ғылыми  зерттеу 

институты» мекемесі Батыс Қазақстан 

облыстық ішкі саясат басқармасының 

тапсырмасымен  мемлекеттік  әлеу-

меттік  тапсырыс  шеңберінде  әлеу-

меттік-маңызды 

жобалар 

мен 

идеялардың  жәрмеңкесін    өткізуді 

ұйымдастырады.

Жәрмеңке 

әлеуметтік 

проблема-

ларды  шешуге  бағытталған  әлі  де  іске 

асырылмаған кез-келген идеялар мен жо-

баларды қарастыруды көздейді. Жәрмеңке 

өткізілу  нәтижелері  бойынша  қандай-

да  бір  жобаларды  қаржыландыруды 

көздемейді. Қатысуға саяси партияларды, 

кәсіптік  одақтарды,  діни  бірлестіктерді 

есепке  алмағанда,  коммерциялық  емес 

ұйымдарға,  басқа  да  заңды  және  жеке 

тұлғаларға жол беріледі.

Жәрмеңке  үш  кезеңде  өткізіледі: 

бірінші  кезең  -  2017  жылдың  1  шілде 

– 10 қыркүйек аралығы – өтінімдер жинау 

және  конкурстық  комиссияның  мүшелері 

баға  береді.  Өтінімдер  және  катысушы-

лар  саны  шектелмейді.  Екінші  кезең 

– 2017 жылдың 10-20 қыркүйегі аралығы 

–  конкурстық  комиссия    көрме-презен-

тациялау  үшін  қабылданған  өтінімдерді 

қарастырып,  олардын  ішінен  іріктеп  он 

үздік жоба  шығарады. Үшінші кезең - 2017 

жылдың қыркүйек айында – жобалардын 

көрме-презентация  өткізу,  үш  үздік  жоба 

таңдау.


Жәрмеңкеге  қатысу  үшін  өтінім  2017 

жылдың 1 шілдесінен 10 қыркүйегіне дейін 

ұйымдастырушының  Yarmarka-socproekt-

ZKO-2017@mail.ru электрондык поштасы-

на ұсынылады. 

Өтінім үлгісі мен қосымша ақпараттар 

алу үшін: 8 (711)2 53-64-88; 8 777 567 17 

67; 8 775 370 09 79.



Ұйымдастыру алқасы

Жаңа Жобалар 

Жәрмеңкесі



жүктеу 364,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау