№33
18 тамыз 2017 жыл
3
Аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы білім беру
қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған баяндамасынан тезистер
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы 3.0 – білім беру үлесі»
Құрметті әріптестер, шақырылған қонақтар және
тамыз педагогикалық кеңесіне қатысушылар!
(Басы. жалғасы 4,5,6 б-беттерде)
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарынан бастап
әлемдік өркениет пен жаңа прогрессивті технологи-
яларды пайдалана отырып, жаңа серпіліс жасады.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы
анықталды. Бұл орайда қазіргі замаңғы білім жүйесінің
мағынасы мен алатын орны айрықша.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген басым-
дылықтарды орындауда ағымдағы жылда білім беруді
және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның
басты мақсаты - ҚР Президентінің «Мәңгілік ел»
идеясының негізі болатын және оны жүзеге асыратын
тұғырнама тұрғызу.Жаңа бағдарлама Президенттің 100
нақты қадам ұлт жоспары негізінде жасалған.
2016-2017 оқу жылдарында республиканың барлық
бірінші сыныптары білім берудің жаңа мазмұнына көшті.
12-жылдық білім беру жүйесіне толықтай көшу үшін төрт
жыл уақыт беріліп отыр. Білім мазмұнын жаңарту бес
күндік оқу аптасын енгізуге және 2018-2019 оқу жылынан
бастап оқытылатын пәндер санын 18-19-дан 14-ке дейін
қысқартуға мүмкіндік береді.
2016 – 2017 оқу жылында ауданымыздың 9 мектебін-
де электронды күнделікті толтыру форматы енгізілді.
Аудандық білім беру бөлімі осы қызметті жүзеге асыруға
әр мектепке ай сайын 50 мың теңге көлемінде қаражат
жұмсады. Бұл форматтың мақсаты: ата-аналардың
өз балаларының оқу процесін қадағалау, ал мектеп
ұжымының тарапынан күнделікті үй тапсырмаларын,
оқушылардың бағаларын уақытылы толтыру.
Келесі мәселе – үштілділік мәселесі. Қазіргі кез-
де болашақ білім, ғылым, ақпарат, мамандық, жалпы
бәсекелестіктің болашағы ағылшын тілін меңгеруге
байланысты екенін жоққа шығармау керек. Бұл туралы
Елбасы да айтып отыр. Дегенмен, қазақ тілін меңгеру
басымдылығы алдыңғы орында қала бермек. Сондықтан,
барлық мектептердің жоғары сыныптарында қазақ тілі
мен әдебиеті пәніне қоса, Қазақстан тарихы пәні де қазақ
тілінде оқытылатын болады. Орыс тілінде оқытылатын
мектептердегі қазақ тілі пәніне, қазақ тілінде оқытылатын
пәндердің жүктемесі 12 жылда 300 сағатқа дейін артады.
Үштілділікке көшу 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап
11-12 сыныпта физика, химия, биология, информати-
ка пәндері, барлығы аптасына 8 сағат, ағылшын тілінде
жүретін болады. Басқа пәндер сол оқу тілінде жүре береді.
Орыс тілі мен әдебиеті, дүниежүзі тарихы пәні орыс тілін-
де жүретін болады. Бұл тек 2019 жылдың 1 қыркүйегінен
бастап жүзеге асырылатынын тағы да ескертемін.
Білім беру мекемелерін
қаржыландыру және материалдық-
техникалық базасын нығайту
Білім саласын қаржыландыру жылма жыл артып
отыр.
Ағымдағы
жылы
мектептердің
материалдық-
техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен
13667000 теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде «КазИн-
терСервис» ЖШС арқылы 34590000 теңгеге 69 интерак-
тивті кешен алынып, 21 мектепке берілді. Мектептерге 4
061 000 теңгеге принтер, 5 331000 теңгеге компьютерлік
техника алынып, таратылды. Бұдан басқа дәрі-дәрмектер
және байлап-таңу құралдарына 661000 теңге жұмсалды.
Мектеп және интернат асханасына азық-түлікке 132
860 000 теңге, мектептерді жылытуға 34 859 000 теңге
бөлінді. Қосалқы бөлшектерді сатып алуға 2 081 000 теңге,
құрылыс материалдарына 16 105 000 теңге, шаруашылық
материалдары және кеңсе жарақтарына 19 052 000 теңге
қаралды. 2 323 000 теңге тұратын спорттық құрал-сай-
мандар мектептерге жеткізілді. 1085 000 теңгеге дефекто-
лог кабинеті үшін тауар сатып алынып, мектептерге тара-
тылды. 654 000 теңге техникалық персонал үшін нысан-
дар сатып алуға, 7148 000 теңге екінші жартыжылдыққа
мерзімдік басылымдарға жазылуға игерілді.
Мектептерді ағымдық жөндеу
жұмыстары
Аңқаты ЖОББМ жылыту трассасын ауыстыруға,
пандус қондыруға 982142 теңге бөлініп, жұмыстар
ағымдағы жылдың 30 маусым күні аяқталды. Аудандық
лигвистикалық гимназия төбесін жөндеуге, пандус
қондыруға 1456600 теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары
аяқталды. Социализм НМ-нің жылыту жүйесін жөндеуге
1875000 теңге бөлініп, «Баға» ЖК келісімшарт жасалған
еді. Бірақ, бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстары бастал-
мады. «Баға» ЖК ісі сотқа беріліп, ағымдағы жылдың 3 та-
мызында «жосықсыз мердігер» деген сот шешімі шықты,
келісімшарт бұзылды. Подстепный қазақ ЖОББМ жылыту
қазандығын ауыстыруға, пандус қондыруға 3584000 теңге
бөлініп, мердігер «Ингострой» ЖШС ағымдағы жылдың 30
шілдесіне дейін жұмысын аяқталды. ЖШС-мен 2099000
теңгеге келісімшарт жасалып, жұмыстар ағымдағы
жылдың 30 шілдесіне дейін аяқталды. Ы.Алтынсарин
атындағы ЖОББМ әжетханасын жөндеуге, пандус
қондыруға бөлінген 1989000 теңгені «Разак» ЖШС 30 шіл-
десіне дейін толық игеріп, жұмысын аяқтады. Богданов НМ
бу қазанын ауыстыруға, ғимаратына пандус қондыруға
қаралған 1 200 000 мың теңге орынымен жұмсалды.
Магистральный ЖОББМ әжетханасын жөндеуге, пан-
дус орнатуға бөлінген 3 000 000 мың теңгені игеру үшін
«Мансұр» ЖШС 2 177 000 теңгеге келісімшарт жасалып,
жұмыс 30 шілдеде аяқталды. Талпын ЖОББМ-нің жылыту
трассасын ауыстыруға 8 800 000 теңге бөлінген еді. Бұл
жұмысты 15 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда. Чапаев
мектебінің бу қазанын жөндеуге 1 млн. 299 мың 999 теңге
қаржы жұмсалды.
Сонымен қатар, орындалмай қалған жұмыстар да бар:
Чапаев мектебінде 49 терезе және Богданов мектебін-
де 24 терезе уақытылы қондырылмауына байланысты
мердігерлердің ісі сотқа жіберілді.
Күрделі жөндеу жұмыстары
Х.Есенжанов атындағы ЖОББ мектеп ғимаратына
күрделі жөңдеу жұмыстарына жалпы сомасы 150 556 000
тг келісім-шарт жасақталды. Жөндеу жұмысын “Алатау-
Альдан-Агро” ЖШС 2017 жылдың 20 маусымда баста-
ды, 10 қарашада аяқталады деп күтілуде. Осы жұмысқа
техникалық бақылау өткізу қызметтеріне 2017 жылдың 19
мамырында “Сәтті Сәулет” ЖШС жалпы сомасы 2 379
000 тг келісімшарт жасақталды. Авторлық бақылау өткізу
қызметтерін “Құрылысконсалтинг” Ұлттық орталығы”
акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық фи-
лиалы жалпы сомасы 352 000 тг келісімшарт бойынша
атқарады.
Ақсуат ЖОББМ ғимаратын күрделі жөндеу жобасы
бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге
2017 жылдың 5 сәуірінде ҚР Инвестициялар және даму
министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитетінің “Жобаларды мемлекеттік
ведомстводан тыс сараптау” ШҚ РМК 1 147 000 тг келісім-
шарт жасақталды. Жұмыс 2017 жылдың 20 маусымында
аяқталды.
Чапаев ЖОББМ ғимаратын техникалық зерттеу 2017
жылдың 14 маусымында “EvoCom” ЖШС жасалған, құны
237 000 тг тұратын келісімшарт бойынша басталып, 1
тамызда аяқталады.Осы мектептің ғимаратын күрделі
жөндеуге ЖСҚ дайындау “Даумшар” ЖШС мемлекеттік
сатып алу туралы шарт ағымдағы жылдың 23 тамызында
аяқталады. Жалпы сомасы - 3 900 000 теңге.
Мектепке дейінгі тәрбие беру
және оқыту
Ауданымызда мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2014
-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы
жүзеге асуда. Ауданымыздағы мектепке дейінгі ұйымдар
саны 38 бірлік: 11-бөбекжай, 27 - мектеп жанындағы
шағын орталық. Аудан бойынша жалпы 1920 бала мек-
тепке дейінгі ұйымда тәрбиеленуде, кезекте 784 бала
тұр.
2017 жылғы 28 ақпандағы Теректі ауданы әкімінің №47
«2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мем-
лекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін
бекіту туралы» қаулысына сәйкес мектепке дейінгі
ұйымдарда ай сайынғы ата-аналардың бір айдағы ақы
төлеу мөлшері - 8580 теңге.
Аудан бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды
мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету көрсеткіші -
57,8%. «Жайықплемсервис» ЖШС бастамасымен мемле-
кеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ауданымыздағы
Подстепное елді мекенінде 100 орынға арналған
бөбекжай ашылу көзделуде, қазір бұрынғы ғимаратты
қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Мектепке
дейінгі білім саласында жұмыс жасайтын 198 педагогтың
85 - жоғары білімді (43%), орта арнаулы біліммен – 113
педагог (57%), соның ішінде мектепке дейінгі арнаулы
орта біліммен - 98(47%).
2017 жылы ауданымыздағы мектепке дейін-
гі ұйым педагогтарының жұмыстары жоғары
бағаланып, Э.Ғатауова, Н.Әділханова, Н.Өміржанова,
М.Джумагазиева, Г.Аткеева, А.Сарсенова, А.Сапарова,
М.Дошайтова, Ж.Искалиева және т.б облыс көлемінде
таратылу мақұлданды. Ресейдің Самара облысы,
Кинель қаласында өткен VII халықаралық фести-
валінде «Ақжелкен», «Бәйтерек» бөбекжайларының
тәрбиешілері қатысып келді. «Білім беру мекемелерінде
отбасы жағдайында ерекше білімді қажет ететін балалар-
ды әлеуметтендіру» халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясында «Бәйтерек» бөбекжайының педагог-
псигхологы К.Турешова, педагог-психолог, дефектолог
А.Зайнуллина, логопед Л.Дюсембиева іс-тәжірбелерімен
бөлісіп, облыстық білім басқармасының «Үздік шеберлік
сыныбы» аталымымен марапатталды.
Жалпы орта білім беру
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
сапалы жалпы орта білімнің қолжетімділігі білім саласының
мемлекеттік саясатының басты міндеті болып белгіленген.
2016-2017 оқу жылы ауданда 5996 оқушы контингентімен
39 күндізгі жалпы орта білім беретін мектеп, соның ішін-
де 134 оқушы контингентімен 9 бастауыш мектеп, 412
оқушымен 8 негізгі және 5450 оқушымен 22 орта мектеп
жұмыс жасады.
Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің
24 немесе 61,5% оқытуды қазақ тілінде жүргізеді, оларда
4635 (өткен оқу жылында - 3615) оқушы оқытылды.
Шағын жинақты мектептер
2016-2017 оқу жылында ауданда 39 мектеп болса,
оның 27 (69,2 %) - шағын жинақты мектеп. Оның ішінде
бастауыш мектеп – 8 (білім сапасы – 81), негізгі мектеп
– 8 (білім сапасы – 64,8), орта мектеп-11 (білім сапасы
– 58,5).
ШЖМ барлығы 554 педагог қызмет атқарады. Жоғары
білімді – 418, арнаулы орта білімді – 136 мұғалім. Жоғары
санатты – 19, І санатты – 160, ІІ санатты – 211, санатсыз
- 164 мұғалім. ШЖМ педагогтерінің 68-і (12,2 %) деңгейлік
курстан өтті. І деңгейден – 10 мұғалім, ІІ деңгейден - 7
мұғалім, ІІІ деңгейден – 51 мұғалім сертификатталды.
Аудан бойынша Ақжайық ЖОББМ мен Ы.Алтынсарин
ЖОББМ базасында тірек мектеп (ресурстық орталық)
жұмыс жасауда. Ақжайық ЖОББМ базасындағы ресурстық
орталыққа Абай және Еңбек орта мектептерінің 7,8-сы-
ныптарынан 29 оқушысы қатыстырылса, Ы.Алтынсарин
ЖОББМ базасындағы ресурстық орталыққа Қоғалытүбек
және Құтсиық негізгі мектептерінің 7,8-сыныптарынан 21
оқушысы қатысады.