№33
18 тамыз 2017 жыл
4
Аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы білім
беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған
баяндамасынан тезистер
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы 3.0 – білім беру үлесі»
ҰБТ нәтижелері
Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылын барлығы 5889
оқушы аяқтады (былтырғы оқу жылында - 5891 оқушы).
Аудан бойынша білім сапасы 59,1% (былтырғы оқу жылын-
да 58,6%) құрап отыр. Жалпы, 5889 оқушының 3478 – үздік
және екпінді оқитындар. 6 оқушы (1-і - Ақжайық ЖОББМ-
нен (мектеп директоры Ш.Б.Какижанова), 2-і - Подстепный
№1 ЖОББМ-нен (мектеп директоры - А.А.Каймулдинов),
1-і – Покатилов ЖОББМ-нен (мектеп директорының м.а.-
Г.М.Бектембаева), 1-і – Ы.Алтынсарин ЖОББМ-нен (мек-
теп директорының м.а. - Н.У.Шналиев), 1-і - Долин НЖББМ-
нен (мектеп директоры - А.С.Ихсанова) шекті деңгейден
өте алмады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жалпы білім беретін орта
мектептің 307 мектеп бітірушісінің 207-і қатысты.
ҰБТ-ға қатысушылардың 166-ы қазақ тілінде, 41-і орыс
тілінде тапсырды. Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ор-
таша жинақ балл 83,69% құрады. Аудан бойынша 2 түлек
ең жоғары 136 балл жинады (Айгалиева Айфара, Адило-
ва Сабрина - аудандық лингвистикалық гимназиясының
түлектері ).
«Алтын белгі» белгісіне 33 түлек ие болды. 100-ден
жоғары балл жинаған түлектер саны - 47.
79 түлек оқу орындарына мемлекеттік грант иеленді.
Жалпы оқумен қамту мен ыстық
тамақты ұйымдастыру
Ауданның 35 (89,7%) мектебінде ыстық тамақпен
3908 (61,7%) оқушы қамтылған. Аз қамтылған отбасынан
шыққан оқушылардың 94,6%-ы (1226 оқушы) бір мезгілдік
ыстық тамақпен және 1-4 сынып оқушыларының 93,4 %-ы
(2323 оқушы) ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.
2017 жылы ыстық тамаққа 1-4 сынып оқушыларына
65642,9 мың теңге, аз қамтылған отбасылардан шыққан
балаларға 18087,6 мың теңге бөлінді. Бір мезгілдік
тамақтың сомасы – аз қамтылған отбасы балаларына -
239,5 теңге, 1-4 сынып оқушыларына – 212,5 теңге, интер-
нат ұйымдарында 804,1 теңге.
Бүгінгі таңда бейімделген ғимараттарда орналасқан
Айтиев, Қоныссай, Шалқар, Шайхы Онашев атындағы
бастауыш мектептерде ыстық тамақ ұйымдастыру мүмкін
болмағандықтан, сүт және печенье бөлінді.
Барлық мектептерде ет өнімдерді қабылдау
ветеринариялық анықтама негізінде жүргізіледі. 2016
жылы білім беру ұйымдарының тамақтандыру пункттерін
технологиялық жабдықтармен қамтуға, оның ішінде ыдыс
аяқтар – 557,0 мың теңге, газплиталар, мұздатқыш каме-
ралар мен тоңазытқыштарға 2213,0 мың теңге бөлінді.
Мектептерге
оқушы
тасымалдануы
мектеп
автокөліктерімен жүзеге асырылып келеді. 2016-2017
оқу жылында 428 оқушы 14 елді мекеннен 13 мектеп-
ке күнделікті тасымалданады. Білім беру ошақтары мен
елді мекен арасындағы қашықтық 3-17 км құрайды. Ин-
тернат желісі 7 бірлікті құрап, онда 300 оқушы қамтылған.
3 интернатта жалпы саны 281 орындықты асхана бар,
ал қалған мектептерде тәрбиенушілерді мектеп асхана-
сында тамақтандыру ұйымдастырылған. 3 интернатта
медициналық бақылауды сапалы және уақытылы жүргізу
үшін медициналық бөлме бар. Интернаттарда жұмыс жа-
сайтын 17 тәрбиешінің 12-сі (65 %) жоғары білімді және 5-і
(35 %) - арнаулы орта білімді.
Әдістемелік жұмыс
2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру
мазмұнына көшуге 173 педагог қызметкер тартылуы
көзделді. Аудандық білім бөлімі «Өрлеу» БҚО ПКБА ин-
ституты және «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен
«Назарбаев зияткерлік мектебі» арқылы жаңартылған
білім беру мазмұнына көшу бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілік арттырып, қайта даярлауда.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 53 657 000
теңге, оның ішінде, сандық интернетті инфрақұрылымға
16 673 000 теңге бөлінді. Үш тілдік оқытуға 25994 000
теңге бөлінген еді. 4250000 теңгеге қызмет көрсетуді ұтып
алған «Қадірәлі» ЖК өз міндетін орындамағандықтан сотқа
беріліп, сот шешімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап
өз күшіне енді. Контентпен қамтамасыз етуге 10 990 000
теңге бөлініп, «Bilim Media Group» ЖШС-мен келісімшарт
жасалып, ай сайын төленуде. Осыған қарамастан аудан
педагогтері арасында «BilimLend» білім беру порталының
қолданылуы төмен деңгейде екенін байқалады.
20 шағын жинақталған және 5 толық жинақталған мек-
тептерге 69 интерактивті құрылғы сатып алуға 34590000
теңге бөлініп, «КазИнтерСервис» ЖШС тауар жеткізді.
2016 жылы ауданның 11 мектебінде 5-7 және 8-10 сынып-
тар үшін «Робототехника» кабинеттерін ашуға 32 175 мың
теңгеге базалық жинақтар алынып, мұғалімдерді қайта
даярлау үшін 383 мың теңге бөлінді. Аудан мектептерін-
де үштілділікті енгізу бойынша биылғы оқу жылы физика,
инофрматика, химия, биология пәндерінің 60 мұғалімі тіл-
дік курстардан өткізілетін болады. Бұл жұмыстың барлығы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық болып
табылады.
Әдістемелік семинарлардың, кәсіби байқаулардың мо-
ниторингісі жүргізіледі. Оқыту семинарлары мен тренинг-
терінде, аудандық деңгейдегі тәжірибелік және теориялық
іс-шараларда 2016-2017 оқу жылында 48 семинар мен 54
байқау өткізіліп, оған 2264 адам қатысты.
Аудан педагогтерінің көптеген іс-тәжірибелері облыстық
әдістемелік кабинетінің эксперттік комиссиясының отыры-
сында қаралып, облыс көлемінде таратылды. Олардың
қатарында Ақжайық ЖОББМ педагог-психологы Б.С. Ку-
анаева, лингвистикалық гимназия мұғалімі К.Т.Утупова,
Федоров №1 ЖОББМ мұғалімі А.Б. Бестаубаева, Шаған
ЖОББМ директоры, тарих пәні мұғалімі У.С. Муратованың
және т.б ұстаздардың жұмыстары бар. Әдістемелік
кабинеттің қолдауымен ақпараттық-коммуникативтік тех-
нологиялар белсенді енгізілуде. Бүгінгі таңда ауданда
ИКТ технологиясымен жұмыстанатын - 353 мұғалім, сыни
тұрғысынан ойлау технологиясымен - 315 мұғалім, БиС
технологиясымен - 147 мұғалім, модульді технологиямен
- 26, степ-бай-степ технологиясымен - 43 МДҰ педагогтары
оқыды. Аудан көлемінде Кембридж технологиясы бойын-
ша деңгейлік курстардан 203 мұғалім өтіп, сертификат-
талды. Оның І деңгейі 37 мұғалім, ІІ деңгейі 33 мұғалім, ІІІ
деңгейін 133 мұғалім оқыды. Тамыз-желтоқсан айларында
8 мұғалім І деңгей бойынша курсқа баратын болса, 2 мек-
теп директоры басшылар курсынан өтті.
Тәжірибе көрсеткендей, педагогтың құзыреттілік
деңгейі білім сапасына тікелей пропорционалды.
Педагогтың құзыреттілігін анықтау мақсатында аудандық
және облыстық әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес
кәсіби байқауларды өткізу дәстүрге айналды. Аудан
мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктері облыстық
және республикалық байқаулардағы жүлделі орындары-
мен көрінуде.
Республикалық деңгейде өткен «Білім саласының
үздігі» байқауында Ақсуат ЖОББМ-нің мұғалімі
Р.Сүлейменова «Білім саласының үздігі» медалімен
оралса, “Тәрбие негізі - патриотизмде” республикалық
шығармашылық байқауында Федоров ауылындағы
“Ақбота” бөбекжайының тәрбиешісі Н.Әділханова мен
Сарыөмір ауылындағы “Өркен” бөбекжайының тәрбиешісі
Г.Қадырғалиева І орын иеленді.
Облыстық «Үздік ресурстық орталық – 2017» атты
тірек мектептер (ресурстық орталықтар) мұғалімдерінің
шығармашылық байқауында Б.Қуанаева, Б.Испанова,
В.Жиренова, Б.Альжанова, Ұ.Ахметова бастаған Ақжайық
ЖОББМ-нің ресурстық орталығы командасы қатысып,
«Үздік ізденімпаз ресурстық орталық» аталымымен І орын-
ды иеленді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ фи-
лиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
ұйымдастырылуымен өткен “Сабақтың үздік контенті”
облыстық байқауына 27 мұғалім қатысып, К.Абдуайтова,
А.Исмакова, Н. Азаматова, Л.Елбаева, Ж.Гиззатова,
Н.Ержанова жүлдегер атанса, қалған мұғалімдерге
қатысушы сертификаттары табысталды.
Педагогикалық кадрлар
Бүгінгі таңда ауданда 38 жалпы білім беретін мектеп
жұмыс істейді, оның ішінде 21 мектеп – орта, 9 - негізгі, 8
- бастауыш. Мектептердің 23-і - қазақ тілінде, 3-і - орыс
тілінде, 12,-і аралас тілде оқытады. 29 мектеп шағын
жинақталған мектеп болса, 11 мектеп толық мектеп болып
табылады. 2016-2017 оқу жылында – 1234 мұғалім жұмыс
жасайды. МДҰ-84 тәрбиеші, қосымша білім беру педаго-
гы-139.
Педагог қызметкерлерді
аттестаттаудан өткізу
Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында өтініш берген
педагогтарды аттестаттау 18-27 сәуір күндері аралығында
өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 375 өтініш түсті. Оның ішін-
де, жоғары санатқа – 48 педагог, І санатқа – 148 педагог, ІІ
санатқа – 179 мұғалім.
Жоғары санатқа өтініш бергендердің 10-ы растауға,
38 педагог иеленуге өтініш берді. Мерзімінен бұрын бер-
ген 10 аттестатталушының 2-і тестілеуден өте алмады.
Мерзімі бойынша аттестатталушының 3-і өз еркімен
жоғары санатқа аттестатталудан бас тартты, 1-і – жұмыс
орнын ауыстырды, 1-і декреттік демалыста. Барлығы 41
педагогтің шығарашылық зертханасы Батыс Қазақстан
облыстық білім басқармасы жанында құрылған аттестат-
тау комиссиясының қаралуына жолданып, жоғары санатқа
өтулері жоспарлануда. Оның 30-ы – мектеп мұғалімдері, 6-
ы - қосымша білім беру мекемесінің педагогтері, 1-і – АББ
АӘК әдіскері, 4-і мектепке дейінгі ұйым педагогы.
І санатқа өтініш бергендердің 39 растауға өтініш біл-
дірсе, 109 педагог иеленуге өтініш берді. 94 педагог
мерзімі бойынша аттестаттаудан өтсе, 54-і мерзімінен
бұрын аттестатталуға өтініш берді. 54 мерзімінен бұрын
аттестатталушының 20-ы тестілеуден өте алмады.
Оның нәтижесінде ауданымыздағы 111 педагогтың
жұмысы «атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп»
шешім қабылданып, І санат иеленді.
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жасалатын жұмыстар 2003
жылғы «Дарынды балалар» республикалық бағдарламалар
негізінде құрылуда, жыл сайын өзгертулер енгізілетін
ақпараттар банкі құрылған. 9-11 сынып оқушылары ара-
сында ғылым негіздері бойынша республикалық олим-
пиада өткізу дәстүрге айналды, оған 13 жалпы білім
беру пәндері қосылған. Биылғы оқу жылында аудандық
кезеңге 318 оқушы қатысып, 109 жеңімпаз анықталды,
оқушылар көбіне жаратылыстану-математикалық бағытты
таңдады. Олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданнан
14 оқушы қатысты. Теректі аудандық лингвистикалық
гимназиясының оқушылары - Арман Рамазан математика
пәнінен І орын, қазақ тілі пәнінен Алтынбек Мерсадықов
III орын, Ақнұр Садыкова ІІІ орын, биология пәнінен Ая-
жан Демеуова ІІІ орын иеленді.
2016-2017 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары
арасында аудандық олимпиадада 3-4-сыныптардан
230 оқушы қатысты, 85 жеңімпаз анықталып, Подстеп-
ный қазақ ЖОББМ, Подстепный №1 ЖОББМ, Федоров
қазақ ЖОББМ, Федоров №1 ЖОББМ жоғары көрсеткіш
көрсетті.
Орыс тілі пәнінен Халықаралық Ломоносов турнирін-
де №1 Подстепный ЖОББМ оқушысы Анэль Бахтыгере-
ева 3 орынға иеленсе, облыстық «Ұстазға арналады аяу-
лы әнім» ән байқауында Социализм НМ оқушысы Ержан
Шайхиев 1 орын, экологиялық олимпиадада Ақсуат ЖБ-
БОМ оқушысы Айша-Бибі Дуйсекова 2 орын иеленді. Бе-
кайым Аубакирова, Ангелина Степаненко, Амиржан Си-
сенов, Мариям Кумаргалиева, Бижанов Алибек, Шайхиев
Дат жүлделі орындары үшін марапатталды.
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен ХІІІ
облыстық «Intel-junior-2017» зияткерлік олимпиадасында
Подстепный қазақ ЖОББМ-нің оқушысы Бекзат Усенов 2
орын иеленсе, Айнур Есенбек 2 орын мен Алғыс хатқа ие
болды. Ақсуат ЖОББМ-нің оқушысы Аяулым Серікқызы
Алғыс хатпен марапатталды. Білімге құштар, санасы зе-
рек оқушыларымыздың тізе беруге болады.
2016 жылдың 3-10 желтоқсан күндері Ақтау қаласында
өткен республикалық (аймақтық) «Әбіш оқулары»
байқауына Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы-
нан Ерданат Ергенбаев, Бектас Максимов, Асқар Сайын,
Мейрамбек Қадырбеков, Аяжан Жаншахан, Бауыржан
Мұқанбетов қатысып, жүлделі I орын алып келді.
Аудандық білім беру бөлімінің 2016 жылдың
29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес Әбіш оқуына
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шебер
шыңдап, жоғары нәтижеге қол жеткізуге септігін тигіз-
ген Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының
мұғалімдері
К.Утупова,
Ж.Нұрғазы,
Г.Ажкеева,
А.Хасановаларға алғыс жарияланды.
Облыстық М.Мақатаев оқуына Подстепный қазақ
ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Альмира Әлмәмбет
қатысып, III орынға ие болды.
V облыстық Қадыр оқуына Подстепный №1 ЖОББМ-
нің 8-сынып оқушысы Лунара Мадиева (мұғ: Б.Нагимова),
Подстепный қазақ ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Нұрдана
Темір (мұғ: Н.Баубекова) «Алғыс хатпен» оралды. «Тіл
- мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт оқушы-
лары арасындағы қашықтық олимпиаданың облыстық
кезеңіне ауданнан 10 оқушы қатысты. I орын алған Алек-
сандр Завертяев 2017 жылдың 26-31 наурызы аралы-
ғында Астана қаласында өткен олимпиадаға қатысып,
I дәрежелі дипломмен марапатталды.2017 жылдың 8
сәуірі күні Алматы қаласында Алаш партиясының 100-
жылдығына орай өткен, I республикалық «Ахмет оқуында»
аудандық лингвистикалық гимназия оқушылары Гүлдара
Рахымжан ІІ орын, Жандос Асанов І орын иеленді. І
республикалық байқаудан Мейрамбек Шулумов күміс
жүлде (көркем сөз), Шұғыла Амангелді - алтын жүлде
(ғылыми жоба), Нұрсәлім Сәлім - алтын жүлде (көркем
сөз), Гүлдария Кабдулханова күміс жүлдемен оралды.
Оқу жылын қорытындылау мақсатында ағымдағы
жылдың 17 мамыры күні аудан әкімі М.Мұқаев аудандық
әкімшілікте мектеп оқушыларымен өткізген «Дарынды
ұрпақ – ел болашағы» кездесуіне дарында 14 оқушы
және олармен жұмыстанып жүрген ауданның 10 мұғалімі
қатысып, аудан әкімі қолынан Алғыс хат алды.