Анализ работы



жүктеу 1,18 Mb.
бет1/8
Дата10.02.2018
өлшемі1,18 Mb.
#9309
  1   2   3   4   5   6   7   8

Әдістемелік кеңес отырысында қаралды

АӘК меңгерушісі

______________А.Смағұлов

___ 2013 жыл

«Бекітемін»

Бөлім бастығы

______________Н.Нурпеисова

___ 2013 жыл


2013 жылға арналған аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс
Ж О С П А Р Ы


Бақанас, 2013ж.
Мазмұны


  1. Әдістемелік кабинеттің құрылымы

  2. Әдістемелік кабинеттің 2012 жылғы жұмысына сараптамасы және 2013 жылға мақсат-міндеттері

  3. Әдіскерлерге кураторлық жауапкершілікті міндеттеу реті

  4. АББ кеңесінде қаралатын мәселелер

  5. АББ бастығы жанындағы кеңесінде қаралатын мәселелер

  6. ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ 2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ЖОСПАРЫ

  7. ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІСІ ЖАНЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ КЕҢЕСТЕР

  8. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ жоспары

  9. БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРЫ

  10. СЕМИНАРЛАР, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ, ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКТЕР

  11. КӘСІБИ БАЙҚАУЛАР, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР, ДЕБАТ

  12. ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТІЛЕТІН ОЛИМПИАДА, ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАРЫСЫ, КҒА-НЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ, ПӘН ОҚУЛАРЫ

  13. ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНІМДЕРІ

  14. БІЛІМ БЕРУ МОНИТОРИНГ ҚЫЗМЕТІ

  15. Әдістемелік кабинеттің циклограммасы

  16. Пәндер бойынша бекітілген әдістемелік күндер кестесі

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ 2012 ЖЫЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР НЕГІЗІНДЕ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Балқаш аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті аудан мектептерінің және мұғалімдерінің ғылыми - әдістемелік орталығы болып табылады. Білім беру саласын реформалау, ұлттық білім беру моделін қалыптастыру мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне негізделеді. Аудандық әдістемелік кабинет 2012 жылы «Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын арттыруға жағдай жасау» атты проблемалық тақырыпты басшылыққа алды. Осы проблеманы жүзеге асыруда «Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби құзырлық және педагогикалық шеберлік деңгейлерін үздіксіз жетілдіру» атты мақсатпен және төмендегі міндеттерді алға қойып жұмыс жүргізді.

Педагог мамандардың оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі тиімді әдістерді игеруі, шығармашылықпен еңбек ету ұмытылыстарын арттыру мақсатында жұмыс істеу аймақтары- ұстаздардың кәсіби деңгейінің өсуі, білімін жетілдіру, АОМКДИ, ББЖКБАРИ институттарымен байланыс, пән бірлестіктерімен жұмыс, жас ұстаздар мектебі, озат тәжірибе мектебі, шығармашылық топ, дарынды оқушылармен жұмыс, әдістемелік қызмет, инновациялық білім және ақпараттық технологиялар, ЖОО байланыс болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін бүгінде мектепке жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан құзіретті мұғалім қажет.

Әдістемелік кабинетте кабинеттің меңгерушісі және 5 әдіскер жұмыс істейді. Олардың барлығы да жоғары білімді.

Аудан білім мекемелерінде 880 педагог еңбек етуде. Оның 760-ы жоғары білімді, 96 мұғалім арнаулы орта білімді, аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер саны-24. Біліктілігі жоғары санатты мамандар -92, І санатты – 269, ІІ санаттағы – 246, Келешектің бастамасы киелі шаңырақ –мектепте. Ондағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз- үнемі үздіксіз «ізденуші». Бұл сөз жоқ мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті талап етеді.

Ұстаздық – мәңгі көнермейтін, қандай қоғам, қандай кезең болса да өзінің қайта түлейтін қуатқа ие қасиетті де абыройлы мамандық. Ғұмыр бойы ізденуді, мазасыз толғанысты «өзін- өзі рухани жетілдіру» керек екенін мектеп мұғалімдері жақсы біледі.

Әрбр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі- бүгінігі жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білімді, саналы болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Осы талапты орындау мақсатында мұғалімдердің білімін жетілдірудің жоспары жасалып, пән мұғалімдері уақытында арнайы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтына барып өз білімдерін жетілдіріп қайтты.

Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білімді,саналы болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Осы талапты орындау мақсатында мұғалімдердің білімін жетілдірудің жоспары жасалынып, пән мұғалімдері уақытында арнайы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтына, республикалық білім жетілдіру институтына және Н.Назарбаев зияткерлік мектебіне барып өз білімдерін жетілдіріп қайтты.

Аудан бойынша 372 мұғалім кәсіби біліктілігін жетілдірді. 2012 жылдың қаңтар айында мектеп психологтары мен жаңа педагогикалық технологиялар бойынша Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің және Бақанас мектеп-интернатының базасына көшпелі курстар қатар ұйымдастырылды.

Ақпараттың дәстүрлі әдістері қазіргі заманғы компьютерлік құрылғыларға ығысып орын беруде. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық мәселесінде кәдімгі технологияларды тиімді, жаңаша компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды дамыту, нақты жүзеге асыру. Осы мақсатта облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығынан арнайы мамандар келіп, интеактивті тақтаны пайдалану және ЛМК бойынша курс жүргізді.

2012 жылдың қараша айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ,үйірме жетекшілері, еңбек пәні және ақпараттық технология бойынша аудан мұғалімдеріне АОПҚБАИ-нан көшпелі курс шақыртып, білімдерін жетілдірді.Осы аталған үш пәннен 100-ден аса мұғалім курсқа қатысты.

Сонымен қатар шығармашыл ұстаздардың біліктілігін арттыру, оларды өз кәсібіне ынталандыруға бағытталған үш айлық курстарға аудан бойынша 11 мұғалім қатысып, олардың 8- і арнайы сертификатқа ие болды. Аталған жылдың 10-қыркүйегі мен қараша айының 25-і аралығында аудан бойынша 10 мұғалім АОПҚБАИ-нан үш айлық білім жетілдіру курсына қатысты. Қатысқан барлық мұғалімдер арнайы тестілеуде жақсы нәтиже көрсетіп, сыннан сүрінбей өтті.

Алдағы уақытта да аудан мұғалімдері жоспар бойынша кәсіби білімін арттыру курстарына қатысады.

Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейгі көтеретін – дарынды да талапты ұрпақ. Сондықтан әрбір ұстаз алдындағы міндет-өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәулесі бар, талапты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оны дамыта білу.

Адамзат баласының үшінші мыңжылдықта дамуындағы білім беру ісі мен тәрбие үрдісі күрт жаңа арнаға бет бұрғаны баршамызға аян. Оның үстіне дербес ел болып, жаңа қоғамдық – экономикалық формацияға көшкен Қазақстан Республикасындағы педагогика жүйесі ерекше ізденіске, өзгеше құрылымға құрылуы асқан қажеттіліктен туындап отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев оқыту жүйесін білім берудің әлемдік стандарты деңгейіне көтеру, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жолындағы балабақшалардың ролін айқындау мәселесіне баса назар аударып отыр.

ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылдың 28 қыркүйек күні «Біліктілікті арттыру жүйесінің ғылыми - әдістемелік мүмкіндіктері: жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми – практикалық конференцияға аудан мұғалімдерінің баяндамалары жинақталып, жинаққа шықты.

29 қыркүйек күні «Ұстаздар күніне» орай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Бұл мерекелік шараға аудан мектептері «Құттықтау бұрыштарын» ұйымдастырса, кейбір мектептерде интерактивті тақтада жыл бойғы жасалған жұмыстары көрсетілді.

«Білім беруді модернизациялау жағдайында жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында халықаралық Ғылыми – практикалық конференцияға №1Жамбыл атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі В.Балқыбаева қатысып қайтты.

2 қараша күні №1Жамбыл атындағы орта мектепте «Жергілікті есептегіш желіні басқару және онлайн режимінде сабақтарды өткізу технологиясы» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.

4 қараша күні Ақдала ауылы, «Балауса» балабақшасында «Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында мектепке дейінгі шағын орталық және балабақша тәрбиешілеріне арналған аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.

Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінде АӘД пәні мұғалімдеріне «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында педагогтардың білімін үздіксіз жетілдіру ортасын қалыптастыру тәжірибесін тарату мақсатында әдіскерлер мен оқу ісі орынбасарларына арналған «Үздіксіз оқу – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің негізгі шарты» атты семинарға әдістемелік кабинет меңгерішісі А.Смағұлов пен Үшжарма орта мектебінің оқу - ісі жөніндегі орынбасарлары К.Әбдіқайымова қатысты.

18 қараша күні Қаратал ауданы Үштөбе қаласында өткен «Қазіргі таңда қоғамдық пәндерді оқыту: проблемалар, шешу жолдар» тақырыбында қоғамдық пәндер мұғалімдер күні аясында педагогикалық марафонға ауданнан 9 мұғалім қатысып қайтты.

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтына 2011 жылдың 30 қараша күні өткен «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің үдерісті және мазмұнды компоненттері» тақырыбындағы облыстық Интернет-конференцияға іріктеуге аудан мұғалімдері жіберілді

Ауданның мектепке дейінгі тәрбие мен оқу жүйесінде 790 бала қамтылған «Арман» Бақбақты ауылы, «Жасұлан» Бақанас ауылы, «Балауса» Ақдала ауылы, «Балдәурен» Миялы ауылы, «Толғанай» Бірлік ауылы, «Бөбек» Қарой ауылы 6 балабақша, 522 бала қамтылған Н.Бозжанов ат.о.м, Үлгілі о.м, Ж.Бәрібаев ат.о.м, Береке о.м, Ы.Алтынсарин ат.о.м, №2 Жамбыл ат.о.м, Д.Қонаев ат.о.м, Қарағаш о.м, Ә.Ахметов ат.о.м, Топар о.м, Жиделі о.м, Ақкөл о.м, Аралтөбе о.м, Көкжиде о.м, Үшжарма о.м. 15 шағын орталықтар жұмыс істейді.

Ауданда 0-7 жас аралығындағы бала саны - 4705, оның ішінде қазақ балалар – 4484, орыс балалары – 153, басқа ұлт өкілдері – 68.

Сонымен бірге аудан бойынша мектептерде /6 жасарлар/ мектеп алды даярлықта 31 сынып, онда 536 бала оқып, тәрбиеленуде. Балабақшаларда мектеп алды даярлықта /6 жасарлар/ 4 топ бар, онда - 85 бала тәрбиеленуде. Барлығы - 621 бала.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Балабақша – мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейрімділік, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы. Бала тәрбиесі басты мәселе екені баршамызға белгілі. Әсіресе, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде, олардың тіл байлығын дамытуда балабақша тәрбиешілеріне жүктелер жауапкершілік зор.

Ауданның мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сатысында бүгінгі таңда - 127 педагог еңбек етуде. (Оның жоғары білімді – 58, аяқталмаған жоғары - 10, арнаулы орта білімді - 43. Орта білімдісі – 16. Біліктілік санаты бойынша жоғары санатты - 0, бірінші санатты - 7, екінші санатты -17, санатсыз – 103).

Педагог тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үрдісіне отандық және шет елдік озық технологияларды, жаңашыл әдістерді енгізуге талпыныстар жасауда. «Ынтымақтастық педагогикасы, дамыта оқыту» және «Ақпараттық» технологияларын тәрбиешілер пайдалануда, сонымен бірге компьютерді пайдаланып қана қоймай, интернет желісінен тиісті материалдарын тауып пайдалануда.

Балабақшалар мен шағын орталықтардың бөлмелері заманауый талаптарға сай эстетикалық талғам беріліп, көрнекілікпен толықтырылып, жүйеленуде.

Аудан балабақшалары мен шағын орталықтарда ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс - әрекетін шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асыруда. «Балбөбек», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Қарлығаш» бағдарламалары да қосымша іске асырылады. Сондай–ақ әдістемелік, дидактикалық нұсқау кітапшалар, демонстрациялық үлестірмелі материалдар, ақпараттық техникалық жабдықтар, газет-журналдар, мерзімді баспасөз материалдар қоры ұйымдастырылған, сондай-ақ нормативтік құқықтық қор құрылып, құжаттармен қамтамасыз етілген.

Балалар бақшасының күн тәртібі мен оқу іс-әрекетінің кестесі аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісіліп, бекітілді. Жылдық жоспар бойынша бақылау мен басшылық кезінде бес білім беру салалары бойынша бақылау жүргізілді.

«Денсаулық» білім беру саласы

Мақсаты: Өз денсаулығына санала қөзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиетін қалыптастыру. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: дене шынықтыруда, валеологияда жүзеге асырылады.



«Қатынас» білім беру саласы

Мақсаты: Ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасымен ауызша және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, сауат ашу және жазу, мемлекеттік, орыс және басқа тілдерде жүзеге асырылады.



«Таным» білім беру саласы

Мақсаты: Танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға қаблетті тұлға қалыптастыру. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: Сенсорика, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, құрастыру, экология негіздері, қоршаған ортаны таныстыруда жүзеге асырылады.



«Шығармашылық» білім беру саласы

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: Сурет салу, жапсыруда жүзеге асырылады.



«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Мақсаты: Әлеуеттік ортада жағымды мінез-құлық пен қатынасқа қаблетті әлеуметтік – бейімделген шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: қоршаған ортамен таныстыру, экология, көркем әдебиетте жүзеге асырылады.

Аудан балабақшаларында тәрбиешілер жоспарға сәйкес кесте бойынша ашық оқу іс-әрекеттерін өткізеді. Қыркүйек айында тілдер мерекесіне орай тәрбиешілер арасында «Ана-тілім ардағым» атты байқау әр балабақшада ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілге – құрмет, туған еліне, оның негізін құрайтын халыққа құрмет. Мемлекеттік тілді білу азаматтық парыз, оны іске асыру, қолдау - парыз дегендей, барлық топ тәрбиешілері атсалысып марапаттауға ие болды. Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазым менің ұстазым», күз мерекесіне «Алтын күз» мерекелік іс-шаралар өткізілді. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 шара» атты іс-шаралар жоспарланып, төмендегідей тақырыптар бойынша өткізілді:

* «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» ашық іс-шара;

* «Тәуелсіздік-тұғыры» топтар арасында сурет көрмесі;

* «Біз бақытты отбасы» отбасылық эстафеталық жарыс;

* Аудандық мұражайға саяхат;

* «Әлем балалар көзімен» табиғи материалдардан көрме;

* «Мақта қыз бен мысық» т.б. қуыршақ театры;

* «Балауса» би байқауы;

* «Мен бақытты балдырған» ертеңгілік т.б. Барлық тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қатысуымен қуыршақ театры және театрландырылған қойылымдар қойылды. Сонымен қатар ауданымыздың, халқымыздың бір туар азаматы Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған іс-шаралар өткізілді.

* «Ізі өшпес ізгі адам» көрме

* «Туған өлкем» балалар шығармашылығы көрме

* «Ғасыр саңлағы» қабырға газеті

* «Аяулы есімді ардақ тұтамыз» әдеби музыкалық монтаж.

Аудан балабақшаларында жыл бойы оқу іс-әрекеттері, ертеңгіліктер, тренингтер, эстафеталық сайыстар, мерекелік шаралар, іскерлік ойындар, қойылымдар өткізіліп отырылды.

Балабақша өміріндегі ең бастысы ата-анамен қарым-қатынас жасау. Баланың рухани – адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір балабақшада жылына төрт рет ата-аналар жиналысы өткізіліп ата-аналарға балалардың жеткен жетістіктері, шығармашылығы туралы ақпараттар бүлдіршіндер портфолиосына жинақталып көрсетіледі. Балабақша топтарында балалардың отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ата-аналарға арналған сауалнамаларға жауап алу, баламен және оның ата-анасымен жеке сұхбаттар жүргізу, баланы бақылау, отбасына қатысты тақырыптарға салынған суреттерін зерделеу жұмыстарын жүргізді. Ол үшін отбасылық тәрбие атты ата-аналармен жұмыс жоспары бекітілген. Жоспардың мақсаты: Баланы тәрбиелеу мен дамыту үрдісінде өзара әрекеттерінің стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық қолдау көрсету, білімін көтеру. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін бірлесіп шешуге тарту. Бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілді.


    • «Таныс болайық» /сауалнама/ барлық топтарда

    • Ата-ана құқықтары мен міндеттері /ата-ана бұрышы/ барлық топтарда

    • Баланың балабақшаға бейімделуі /ауызша кеңес/

    • Топтық ата-аналар жиналысы. Мысалы: Мектепке дейінгі жастағы балаларға психологиялық, физиологиялық сипаттама. Жаңа стандарттың мақсат, міндетімен, ата-ана құқығы мен міндеттерімен таныстыру. /жиналыс/

    • Жалпы ата-аналар жиналысы. Тақырыбы: Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ұстаз бен ата-аналар ынтымақтастығы.

    • Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек. /үнемі/

    • Ата-аналар үшін ашық есік күндері. /кесте бойынша/

    • Ата-аналар сұрағын қанағаттандыру. /сауалнама/

    • Ата-аналармен біріккен спорттық мереке «Қөңілді достар» т.б.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 Қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын» іске асыру жоспарының 14 тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункттерін құру тапсырылған.

«Мектепке дейінгі білім бағдарламаларымен қамтылмаған балаларға және отбасыларына психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуде ата-аналармен жұмыс жүйесі» тақырыбында ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастыру «Жасұлан», «Балауса», «Арман» балабақшалары мен №2Жамбыл, Д.Қонаев, Топар, Жиделі орта мектептеріндегі шағын орталықтарда 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап консультациялық пункт жұмыс атқарады. Консультациялық пункттерге өтініш қабылданып, 125 бала кезекке қойылды.

Консультациялық пунктерге мамандар бекітіліп, жұмыс жоспары жасалып, бекітілді, әр түрлі бағытта жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Ата- аналардың қабылдау туралы тілек-өтініштері телефон арқылы немесе жазбаша түрде тіркеуге алынды. Жоспарға сәйкес әр аптаның бейсенбі күні ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні ата-аналардың сұрақтары бойынша консультация беріледі және ата-анамен, балалармен диагностика жүргізілді. Ата-аналармен «Сіз қандай ата-анасыз?», «Баланың бас ұстазы ата-ана» және баланың ақыл ой деңгейі мен қабілетін зерттеу мақсатында «Танысу» және зейінін тұрақтандыру, қорқыныштан арылуға арналған «Өз қорқынышыңның суретін салып, оны жең» ойындары жүргізілді.

Балабақша психологтары «Балаңыздың қызығушылығын тани білесіз бе?», «Ата-аналарға арналған өзіндік диагностика» тақырыптарында тренингтер жүргізіліп, тәрбиешілер тарапынан балалармен дамытушы сабақтар өткізіліп отырылды.

«Қуанышы әр үйдің, денсаулығы сәбидің» әңгіме, «Өрт тілсіз жау» атты іс-шараға балалар қатыстырылды. «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!» т.б. мерекелік ертеңгіліктерге тартылды, сонымен бірге «Әкем, шешем және мен» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен сауықтыру іс-шаралары өтті.

Осы бағытта ата-аналармен балаларға педагогикалық – психологиялық қолдау көрсетіліп отырылды.

Қазақ халқы «Бала тәрбиесі бесіктен» деп бекер айтпаған. Баланың үлкен өмірге қадам басуында балабақшаның орны ерекше. Аудандық, облыстық іс-шараларға педагог тәрбиешілер қатысуы қамтамасыз етілген. Мамыр айында Бақбақты ауылындағы «Арман» балабақшасында аудандық «Үздік балабақша - 2012» байқауы болды. Оған балабақшалар мен шағын орталық тәрбиешілері қатысты. Сайысқа түскен 15 тәрбиешінің ішінен оза шығып, бас жүлдені «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Тілепбергенова Әсел жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. АОПҚБАИ ұйымдастырылуымен өткізілген облыстық «Үздік тәрбиеші-2012» байқауында ол Алғыс хатпен марапатталды.

Оқу жылы ішінде тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар ұйымдастырылып, тәжірибелері талданып, пікір алмасылды. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерінің жан – жақтылығын дамыту мақсатында «Балабақшада балаларды тәрбиелеуде ойынның маңызы», «Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру», «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныпта оқытудың өзара сабақтастығы», «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» т.б. тақырыптарында аудандық тәжірибелік семинарлар өтілді. Семинарға қатысқан педагог тәрбиешілердің іс-тәжірибелері жинақталып, аудан көлеміне таратылды. Семинарда білім технологиялары бойынша тәжірибе алмасу сабақтары, дөңгелек стол, психологиялық тренинг және әр түрлі мәселелер қаралып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Жоғарыдағы аталмыш семинарлар ұстаздарының алдағы уақытта жұмыстарын жаңашылдықпен тиімді ұйымдастыруға нақты бағыт берді. Семинардың өткізілуі ұстаздарды игі ізденістерге ұмытылдырып, шығармашылық мүмкіндіктерін ұштады.

Балабақшада жалпы бастауыш білім беру мекемелерімен сабақтастық жүйе қалыптасқан. Балабақшамен мектеп арасында тығыз байланыста жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Сабақ алмасу, ертеңгіліктерге қатысу және балалардың таным қабілеттерін саралау т.б. Балабақша ұландары баратын Б.Бейсекбаев, №1Жамбыл атындағы орта мектептің ұстаздары тәрбиешілердің сабақтарына қатысып әдістемелік алмасулар жасалуда.

Жылдық жоспар – кестеге сәйкес ауданда қараша айының 7 -12 жұлдызы аралығында көшпелі курс ұйымдастырылып, онда шағын орталық және балабақшалар тәрбиешілері / 51 педагог тәрбиеші/ кәсіби біліктілігін аттырды.

Балабақша еліміз бойынша қашаннан күн тәртібінен түспей, барынша қордаланған мәселелердің бірі болатын. Елбасымыз айрықша назарға алып, нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеуінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып, мәселе түйіні шешіле бастады.

Елбасының Жолдауында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбие беру ісін жетілдіру жөніндегі тапсырмасына орай «Балапан» бағдарламасының қолға алынуы қала мен ауылда бірнеше жүздеген балабақшалардың ашылуына мүмкіндік тудырып, сәбилерге қуаныш сыйлады. Осыған орай Балқаш аудандық білім бөлімінде кең көлемде іс-шара, жоспар жасалды.

2011-2012 оқу жылында мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қамтылуы /3-6жас/ - 52,5% құрады, 2013 жылы 65%, 2015 жылы 70% қол жеткізу көзделіп отыр.

Алдағы уақытта ауданда 7 елді мекенде балалар бақшасын ашу жоспарлануда. Ақжар ауыл әкімдігінің есебінде бос тұрған ғимарат, Көкжиде, Құйған ауылдарында тұрған ескі мектептер, Бура ауылында «Ақмаржан» Бақбақты ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасының ғимараттарын мақсаттық қызметке қайтару бойынша ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы Балатопар, Бақанас ауылдарында балабақшаның жаңа құрлысы салынады деп жоспарлануда.

Балалар – ел болашағы келешектің иесі. «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей»,- дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойына ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру баршамыздың міндетіміз. 12 жылдық білім беру табалдырығын аттағалы тұрған сәтте ұрпақ болашағына жауапкершілікпен барынша көңіл бөліп, қолдағы бар мүмкіндікті жасау басты міндет екенін естен шығармау парызымыз.

Бала – жеке тұлға. Ол өзінің жалқылығымен, қайталанбастығымен, өзіне ғана тән ешкімде жоқ қабілеттерімен, икемділігімен, қызығуымен оқшауланады. Бала бойында осындай қасиеттердің бар екенін білетін ұстаз ғана үнемі ізденіс үстінде болады. Сондықтан әріптестеріме айтарым: Үнемі ізденісте болайық! Педагогикалық технологияларды оқып біліп, меңгеріп оқу – тәрбие үрдісінде батыл, ұтымды пайдалана білейік! Балабақшалар бейбіт те, егеменді еліміздің ертеңгі азаматтарын табысты тәрбиелейтін қасиетті мекенге айналсын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектептке дейінгі және орта білім департаменті қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2009 жылдын бері еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Осы дәстүр бойынша 2012 жылдың 10 ақпанында Бақанас орта мектебінің базасында «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. «КАТЕV» қоғамдық қорының 2010 жылғы 18 қарашадағы №201/136 бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес алты бағыттағы «Тілші әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші – бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сахна саңлақтары» конкурстар бойынша жүргізілді.

Нәтижесі төмендегідей:

«Сахна саңлақтары» конкурсы бойынша




жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау