Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы Күшін жойған



жүктеу 257,51 Kb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата01.01.2018
өлшемі257,51 Kb.
#6744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

бірақ энергиямен жабдықтаушы ұйымға тиесілі құрылыстардың, коммуникациялардың және жылу

қондырғыларының сақталуына жауапты болады.

      33. Жылумен жабдықтауды сенімді қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы: 

      1) тұтынылған жылу энергиясы үшін уақытылы ақы төлеуге; 

 

      2) энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін түсіру



крандарын, арматураларды, жылу энергиясын есептеу желісіне дейін орналасқан бақылау-өлшеу

аспаптарын пломбылауды жүргізуі үшін жіберуге және қойылған пломбылардың сақталуына, ал

оларды алып тастауды энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның

рұқсатымен жүргізуге; 

 

      3) жылу тұтынудың тапсырылған режимдерін сақтауға; 



 

      4) мемлекеттік энергетикалық қадағалау (бұдан әрі - Мемэнергияқадағалау), энергия

беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін жылу желілерінің,

жылу тұтыну қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының техникалық жай-күйін

тексеруге жіберуге міндетті.

  8. Тұтынушыларға жылу энергиясын беруді 

шектеу және тоқтату шарттары

      34. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын жіберуді тұтынушымен жасалған

жылумен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес жүргізеді.

      35. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым, тұтынушыға мынадай

жағдайларда жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы: 

 

      1) жылумен жабдықтауға немесе жылу энергиясын беруге арналған шартта көзделген



жағдайда; 

 

      2) шартта белгіленген мерзімдерде жылу энергиясы үшін төлем құжаты төленбеген



жағдайда; 

 

      3) жылу желісіне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушыларды өз бетінше қосқанда



 

      4) коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылғанға дейін жылу тұтыну жүйелерін

қосқанда; 

 



      5) жылумен жабдықтаушы ұйымның келісімінсіз шартпен белгіленген ең жоғары сағаттық

жүктемелерден және тұтынудың шарттық режимінен асып кеткен жағдайда; 

 

      6) егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат



көлемінің кемінде 30%-ын қайтарса; 

 

      7) жылу тұтыну жүйелеріне қызмет көрсету үшін тиісті біліктіліктегі қызметші



болмаған жағдайда; 

 

      8) Мемэнергияқадағалаудың ұйғарымдарын белгіленген мерзімдерде орындамаған және



энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйым берген техникалық шарттардың талаптарын

бұзған жағдайда; 

 

      9) Мемэнергияқадағалау органдары мен энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия



беруші ұйымының өкілдерін жылу тұтынатын жүйелерге және (немесе) жылу энергиясын

коммерциялық есепке алу аспаптарына жібермеген жағдайда; 

 

      10) тұтынушы адам өміріне қауіп төндіретін апаттарды жою жөнінде шұғыл шаралар



қабылдамағанда; 

 

      11) жылу тұтынатын қондырғылар мен желілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа



дайындық актісінсіз және сараптамалық ұйымның қорытындысынсыз энергия беруші ұйымды жылу

желісіне қосқан жағдайда

 

      12) қосалқы тұтынушылар Ереженің талаптарын бұзғанда оларды ағытып тастау жөніндегі



энергиямен жабдықтаушы ұйымның ұйғарымдарын орындамаған жағдайда. 

      Бұл ретте энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым: 

      1), 2), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12) тармақшаларда айтылғандай, егер шартта өзгеше

көзделмесе, жылу беруді тоқтатуға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік уақыт қалғанда

тұтынушыларды хабарландыра отырып, толық немесе ішінара тоқтатуға; 

      3), 4), 10) тармақшамен - дереу тоқтатуға құқылы.

      36. Жабдықтарды жөндеу мен жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды

жүргізу үшін резервтік қорек болмаған кезде жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшін

тұтынушыларды ажырату тәртібі көзделуі тиіс.

      37. Тұтынушы желі суын рұқсатсыз алған, жылу тұтыну жүйесіне өз бетімен қосылған,

тұтынушы коммерциялық есептеу аспаптарын бүлдірген, есептеу торабында орнатылған

пломбылар бүлінген немесе болмаған жағдайда энергия беруші және (немесе) энергиямен

жабдықтаушы ұйым акт жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемінде екі



еселенген мөлшерде қайта есептеу жүргізіледі. 

      Ыстық су бойынша қайта есептеу жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу жүйесі үшін жылыту

маусымының басынан бастап осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлар байқалған

сәтке дейін жүргізіледі. 

      Акт энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің және тұтынушының немесе оның өкілінің қолы

болған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда

да, бірақ энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және/немесе

құрамында кемінде үш адам бар кондоминиумның басқару органының комиссиясы ресімдеген

жағдайда, жарамды болып саналады.

      38. Өз торабындағы апаттың алдын алу немесе оны жою жөнінде шұғыл шаралар қолдану

үшін энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым міндетті түрде хабардар етумен,

энергиямен жабдықтаушы ұйым толық бермеген жылу үшін қайта есептеумен, тұтынушының жылу

тұтыну жүйесін уақытша ажыратуға құқылы.

  9. Тұтынушыларға жіберілетін будағы жылу 

энергиясының мөлшерін анықтау

      39. Тұтынушыға жіберілген жылу энергиясының мөлшері жылу желілерінің теңгерімдік

тиесілі шекарасында есептеледі. Желілердің бөліну шекарасынан кейінгі жылу энергиясының

барлық шығындары, егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тұтынушыға

жатқызылады.

      40. Тұтынушыға келіп түсетін будағы жылу энергиясының мөлшері бу мөлшерін оның жылу

ұстауына көбейтіндісі ретінде анықталады.

      41. Қайтарылатын конденсат үшін тұтынушыға төлем мөлшері оның жылу ұстауын ескеру

арқылы шартпен белгіленеді.

      42. Жылумен жабдықтауға арналған шарттарда жылу тасымалдағыштың әрбір параметрі

бойынша ең көп сағаттық жүктеме, сондай-ақ тұтынушыға жылу энергиясын жіберудің жалпы

көлемі белгіленеді.

      43. Тұтынушыға шартпен көзделген өткір, кемітілген немесе іріктелген бу жіберілген

кезде тұтынушымен есеп айырысу тұтынушы шын мәнінде алған бу үшін белгіленген тариф

бойынша жүргізіледі.

      44. Жылу энергиясын тұтыну режимінің ауытқуы шарттық шамадан 

10 %-дан аспауы тиіс. 

+_ 


      Жылу энергиясын тұтыну шарттық шамадан +_±10 %-дан аса 

ауытқыған жағдайда экономикалық санкциялар шарт ережелеріне сәйкес 

қолданылады.

  10. Тұтынушыларға жіберілетін ыстық судағы жылу 

энергиясының мөлшерін анықтау



жүктеу 257,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау