Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы Күшін жойған



жүктеу 257,51 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата01.01.2018
өлшемі257,51 Kb.
#6744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

уәжделген бас тарту беріледі. 

      Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.



  5. Тұтынушылардың жылу тұтынатын 

қондырғыларын пайдалануға жіберу

      18. Барлық жаңадан қосылатын және жаңғыртылатын жылу тұтыну жүйелері энергия беруші

және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалуы

тиіс.


      19. Пайдалануға жіберілгенге дейін және әрбір жылыту маусымының алдында жылу тұтыну

қондырғылары қабылдап алу-тапсыру (техникалық дайындық актісімен көзделген техникалық)

сынақтарынан өтуі және сараптамалық ұйымның қорытындысын алуы тиіс. 

      Жылу тұтыну жүйесін пайдалануға жіберу тұтынушының тиісті дайын персоналы мен жылу

тұтыну қондырғыларының сенімді әрі қауіпсіз жұмысына жауапты адамы, немесе осындай қызмет

түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарты бар болғанда ғана

мүмкін болады. 

      Энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйым жылу тұтыну жүйесін тұрақты

пайдалануға оларды сынақтан өткізгеннен, осы кезде табылған ақауларды жойғаннан және

сараптамалық ұйымнан қорытынды алғаннан және жылумен жабдықтау шартын жасасқаннан кейін

рұқсат береді.

      20. Техникалық-экономикалық негіздемелер және жаңаларын салу мен 500 және одан да

жоғары тоннашартты отынның отын-энергетикалық ресурстарын жылдық тұтынумен жұмыс істеп

тұрған объектілер мен кәсіпорындарды кеңейту жобалары міндетті түрде энергия үнемдеу

 жатады.

сараптамасына



  6. Коммерциялық есепке алу аспаптарын 

орнату және пайдалану

      21. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу

энергиясы үшін есеп айырысуға қажетті коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз

етілуі тиіс. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу энергиясын есепке алу және

жылу тасымалдау тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік-техникалық құжаттардың

талаптарына жауап беруі тиіс.

      22. Жылу энергиясын есепке алу үшін тұрпаты өлшем бірлігін қамтамасыз етудің

мемлекеттік тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиіс.

Бұл ретте олардың осыған құқылы ұйымдардың алғашқы немесе кезеңдік тексеруі туралы

белгісі болуы қажет. 

      Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзімді тексеруді, жөндеуді және техникалық

қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым немесе тұтынушымен жеке шарты бойынша осындай қызмет

түріне рұқсаты бар басқа мамандандырылған ұйым жүргізеді.

      23. Жылу энергиясын жіберуді есепке алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу

желілерінің бөліну шекарасында жүргізілуі тиіс. 

      Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың пайдалану жауапкершілігі шекарасында

орнатылғанда, бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған орынға

дейінгі желі учаскесіндегі шығындар теңгерімінде көрсетілген желі учаскесі бар тұлғаға




жатқызылады. 

      Жылу шығындарын есепке алуды немесе жылу шығындарына сынақ өткізуді энергия беруші

ұйым тұтынушымен бірлесіп жүргізеді.

      24. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру аралық тексеру

интервалына сәйкес аспапқа әдістемеде көрсетілген мерзімдерде, сондай-ақ мүдделі

тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән

келтірілген жағдайда жүргізіледі.

      25. Жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізілген жағдайда салыстырып тексеру

жөніндегі шығындарды жоспардан тыс салыстырып тексеруді талап еткен тарап көтереді.

      26. Егер салыстырып тексеру кезінде коммерциялық есепке алу аспаптарының

көрсеткіштері олардың дәлдік сыныбы рұқсат еткен кінаратынан асып кетсе, онда жоспардан

тыс салыстырып тексеру жөніндегі шығындарды аспаптардың иесі төлейді. Басқа жағдайда

тексеру жөніндегі шығындарды жоспардан тыс салыстырып тексеруді талап еткен тарап

көтереді.

      27. Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының ақаулылығын тапқан жағдайда

тұтынушы энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлайды.

      28. Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеруден өткізу туралы өтініш беруі

тұтынушыны белгіленген мерзімде өзі тұтынған жылу энергиясына ақы төлеуден босатпайды.

      29. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын коммерциялық есепке алу

аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші ұйымның өкілдері тұтынушының өкілдерінің

қатысуымен жүргізеді. Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алудың мүмкіндігі болмаған

кезде тұтынушының кінәсі бойынша екі есептік кезең ішінде және бұл ретте тұтынушы өзінің

тұтынған жылу энергиясының саны туралы мәліметті энергия беруші ұйымға ұсынбаса, онда

энергиямен жабдықтаушы ұйым өткен жылдың осыған ұқсас кезеңі үшін жылу энергиясының

орташа тәуліктік шығысы бойынша есеп жүргізуге құқылы.

  7. Тұтынушылардың жылу пайдалану 

жүйелерін пайдалануы

      30. Жылуды пайдалану жүйелерінің жай-күйі және қызмет көрсетуі үшін тұтынушы мен

энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің

шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігімен немесе келісу бойынша айқындалады және жылумен

жабдықтауға жасалған шартқа қоса берілген тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісінде

бекітіледі.

      31. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымға тиесілі жылу

құбырларында тұтынушыға тиесілі құрылғылар немесе жабдықтар болмауы тиіс.

      32. Тұтынушы оның қарауындағы жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйі мен

пайдаланылуына және жедел-диспетчерлік тәртіптің сақталуы мен оның аумағында орналасқан,




жүктеу 257,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау