Ақпараттық буклет
2016-2017
оқу жылы
Назарбаев Университеті студенттерінің
АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді өзіңіздің ұлыңыздың/қызыңыздың оқуға
түсуімен және республикамыздағы ең жас әрі серпінді
дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі
– қуатты материалдық-техникалық базасы, сапалы
ғылыми-педагогикалық құрамы, көптеген шетелдік
серіктестерімен тығыз әрі жемісті байланыстары бар
Назарбаев Университетінде жаңа оқу жылын бастауымен
шын жүректен құттықтаймын.
Назарбаев Университеті студенттерінің
қауымдастығына оқуға түсу – бұл сіздің балаңыздың
еңбегі және сіздің тәрбиеңіздің, өмірдегі белсенді
ұстанымыңыздың, тынымсыз еңбегіңіз бен
табандылығыңыздың нәтижесі. Назарбаев Университетінің басты активі және зор мақтанышы
болып табылатын студенттердің жоғары дәрежелі білім алумен қатар тұлға ретінде жан-жақты
даму мүмкіндігі бар. Назарбаев Университетінің студенті болу құрметті әрі дәрежелі болумен
бірге үлкен жауапкершілік те жүктейді. Университетте Қазақстанға және барша әлемге
барынша тиімді қызмет көрсетуге бейім азаматтарды қалыптастыруға қызмет ететін студенттің
әмбебап моделінің қалыптасуы мен дамуына жағдайлар жасалған. Назарбаев Университетінің
студенттеріне арнаған сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті: «егер Университет
еліміздің жоғары оқу орындары үшін үлгі-өнеге болып табылса, онда оның әр студенті өзінің
барлық құрдастары үшін жарқын үлгі әрі біздің ғылымымыздың мақтанышы болуы тиіс» деп атап
көрсетті.
Балаларыңыздың зияткерлік білім алуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз,
олар Назарбаев Университетінің қабырғасында одан әрі дамуын жалғастырады және олардың
болашақ кәсіби және жеке жетістіктерінің берік негізіне айналады.
Құрметпен және ізгі ниетпен,
Қадиша Нұрділдақызы Даирова
Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі Вице-президент
3 |
Бейімделу аптасы дегеніміз не және ол
қай кезде өткізіледі?
Бейімделу аптасы әдетте оқу жылының басында
өткізіледі және жаңадан келген студенттерге және
олардың ата-аналарына арналған түрлі таныстыру
іс-шараларын өткізуді білдіреді. Назарбаев
Университетінің (НУ) Бейімделу аптасының
бағдарламасы студенттердің Университетте тез
және жеңіл бейімделуіне мүмкіндік береді және
Университеттегі студенттік өмірмен, ережелер
мен оқу процесінің ерекшеліктерімен, оқытушы-
профессорлар құрамымен танысуды, Астана
қаласы бойынша экскурсияны және басқа да
қызықты іс-шараларды қамтиды.
Ата-аналар Бейімделу аптасына қатыса ала
ма? Бейімделу аптасы кезінде жатақханада
ата-аналарға орын бөліне ме?
Біз ата-аналарды Бейімделу аптасының бірінші
үш күніне қатысуға шақырамыз, бұл білім беру
қызметтерін көрсету шартына қол қою, жатақханаға
орналасу, Университет басшылығы мен НУ Мектеп
Декандары өткізетін салтанатты жиналысқа қатысу
шараларын қамтиды.
Бейімделу аптасын өткізу кезінде студенттердің
ата-аналарына жатақханада орын бөлінбейді.
Студенттің НУ кампусының аумағында
тұруы міндетті ме?
Кампустың аумағында тұру міндетті болып
табылмайды. Студенттер кампуста да, сондай-ақ
одан тыс жерлерде де тұра алады.
Жатақханада тұру талаптары қандай?
Назарбаев Университеті студенттердің жайлы
жағдайда тұруы мен сабаққа дайындалуы үшін
барлық қолайлы жағдайларды жасап отыр. НУ
жатақханаларында тұру ақылы. Бөлмелер 4
адамға арналған және барлық қажетті заттармен
жабдықталған. Әрбір студентке кереует, шкаф-
гардероб, тумбочка, ілгіштер, жалюзи, төсек орын
(ортопедиялық матрас, матрас қап, көрпе, жастық,
төсек жапқыш, бет орамал, үлкен орамал) беріледі.
Әрбір бөлмеде душ бар.
Жатақхананың бірінші және екінші қабаттарында
студенттердің белсенді демалуына арналған
орындар бар, мұнда студенттер бейне және теле
бағдарламаларды көре алады, музыкамен, бимен
айналыса алады және үстел теннисін ойнай алады.
Бұдан басқа, жатақханада студенттерге медпункт,
дәріхана, минимаркет, кір жуатын бөлме, химиялық
тазалау, төлем терминалдары қызмет көрсетеді.
Студенттердің қауіпсіздігін ұйымдастыру
мақсатында жатақханада ID-карталар бойынша
өткізу режимі белгіленген. Студенттерге келген
қонақтар үшін қонақ ID-карталары қарастырылған.
Қонақ ID-картасын алу үшін келген адамның жеке
басын растайтын куәлігі болуы керек.
Студент өз бөлмесінде болмаған жағдайда,
келушіге жатақханаға кіруге болмайды.
Келу уақыты: жұмыс және демалыс күндері сағат
8.00-ден 22.00-ге дейін.
Жатақханаларда тұру ережелерімен НУ-ға
келгеннен кейін танысуға болады.
Студенттерді жатақханада орналастыру
қандай қағидат бойынша жүргізіледі?
Cтуденттерді жатақханаға және бөлмелер
бойынша орналастыру мен оларды бөлуді
Студенттік істер департаменті жүргізеді. Студент
бөлу барысында берілген бөлмеге орналасуы тиіс.
Ата-аналар қонаққа келген жағдайда
оларды орналастыру мәселесі НУ-да
қарастырылған ба?
Назарбаев Университеті студенттердің ата-
аналарын кампустың аумағында үй-жаймен
қамтамасыз етпейді.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
| 4
Балама поштамен сәлемдеме жіберу
үшін қандай пошта мекенжайын көрсету
қажет?
Егер Сіздің балаңыз НУ кампусының аумағында
тұратын болса, онда Сіз келесі пошта мекенжайын
көрсетесіз: 010000, ҚР, Астана қ., Қабанбай Батыр
даңғ., 53, блоктың, бөлменің нөмірі; студенттің ТАӘ
және студенттің сәйкестендіру нөмірі.
Балам қай жерде тамақтанатын
болады?
Cтуденттерге арнайы тамақтану жоспары
ұсынылады, осыған сәйкес олар белгіленген айлық
төлем арқылы асханада студенттерге арналған
жеңілдіктермен тамақтануға болады.
Асхана заманауи ас үй жабдығымен қамтамасыз
етілген. Кәсіпқой аспаздар күн сайын табиғи және
балғын өнімдерден түрлі тағамдар әзірлейді.
Студенттер асханасынан басқа НУ кампусының
аумағында кафе, кафетерий және шағын маркет
орналасқан.
Студенттердің НУ кампусының
аумағында тұру жағдайы қаншалықты
қауіпсіз?
Кампустың аумағы, оның ішінде жатақханалар
тәулік бойы күзетіледі. Университет кампусының
аумағына кіру рұқсаттамалар бойынша жүргізіледі.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында
Университеттің әрбір блогында бейне бақылау
орнатылған. Өрт қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істейді.
О қ у к о р п у с т а р ы н ы ң б ө л м е л е р і н д е ,
жатақханаларда, спорт және басқа да
ғимараттарда төтенше жағдайлар туындаған
кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында НУ-дың жауапты бөлімшелері
Университеттің персоналы мен студенттеріне оқу
жаттығулары мен нұсқамалық шараларды тұрақты
түрде өткізіп тұрады.
Жалпы, кампустың аумағында қылмыстар мен құқық
бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау
мақсатында Университет елеулі жұмыстар атқарып
отыр, алайда біз НУ-дың барлық студенттерін
кампустың аумағында және одан тыс жерлерде
өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты болуға және
өзі байқаған құқық бұзушылықтар туралы НУ-
дың қауіпсіздік қызметіне уақытылы хабарлауға
шақырамыз.
Егер балам бөлмеде бірге тұратын
көршісімен жанжалдасып қалса, кімге
өтініш білдіруі керек?
Көршілермен жанжал жағдайлары және
жатақханада тұруға байланысты проблемалар
туындағанда студент Студенттік істер жөніндегі
департаментке өтініш білдіруі қажет.
Балам ауырып қалса, бірінші кезекте
оған қайда бару қажет?
Ауырып қалған жағдайда немесе студентке
шұғыл медициналық көмек қажет болса, сондай-
ақ медициналық қызмет көрсетудің барлық
мәселелері бойынша ақпарат алу үшін НУ
базасындағы медицина пунктіне күн сайын сағат
8.00-ден 19-30 сағатқа дейін сұрап білуге болады,
телефондары 708977, 706432, немесе сақтандыру
компаниясының Call-орталығына қоңырау
шалуға болады, телефоны студентке берілген
медициналық пластикалық картада көрсетілген.
Университеттің аумағында медициналық
сақтандыру компаниясының дәрігерлік кабинеті
жұмыс істейді, онда мынадай қызмет түрлері
көрсетіледі:
• алғашқы медициналық жәрдем алу;
• ауырған пациенттерді күнделікті тексеру;
• салауатты өмір салты мәселесі бойынша
консультация беру.
Жедел медициналық көмек қажет болған жағдайда,
студент 103 нөмірі бойынша қоңырау шалуы қажет.
Қосымша дәрігерлік консультациялар Астана
қаласының №10 студенттер емханасында беріледі.
Университетте психолог бар ма? Қандай
жағдайларда және қандай мәселелер
бойынша оған өтініш білдіруге болады?
У н и в е р с и т е т т е с т у д е н т т е р г е к ә с і б и
консультациялық және психотерапиялық көмек
көрсететін Психологиялық Қолдау көрсету
Орталығы жұмыс істейді.
Университет студенттері психологтан консультация
ала алады, ал қажет болған жағдайда психотерапия
курсынан өтуіне болады. Студенттер мынадай
жағдайларда психологқа өтініш білдіре алады:
• емтихан алдындағы стресс, өз күшіне
сенбеушілік;
5 |
• эмоциялық тұрақсыздық (қорқыныш,
фобиялар, беймазалық, депрессия,
агрессиялық);
• күйзеліс жағдайлары (ата-ананың
айырылысуы, жақын адамдардың қайтыс
болуы, ауыр сырқат және т.б.);
• жеке тұлғалар арасындағы жанжалдар;
• ұйқының бұзылуы және т.б.
Университетте тұрақты түрде тренингтер мен
семинарлар өткізіліп тұрады, онда студенттер
психология бойынша білім алады және мақсатты
тұжырымдау ұстанымдарын, тайм-менеджмент,
өзін-өзі реттеу және өмір сүру сапасын арттыратын
басқа да көптеген дағдыларды тәжірибеде
қолдануға мүмкіндік алады.
Университет алдындағы дайындық
бағдарламасы дегеніміз не және оның
ұзақтығы қандай?
Университет алдындағы дайындық бағдарламасы
(NUFYP) – «Назарбаев Университеті» Мектептеріне
бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу
алдындағы дайындықтың бір жылдық жедел курсы.
Осы курстың шеңберінде 2 семестрден тұратын
бір оқу жылының ішінде студенттер академиялық
ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіреді,
сондай-ақ таңдап алған мамандықтарына сәйкес
пәндер бойынша базалық білім алады.
Бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда, білім
алушыларға НУ Мектептерінің бакалавриат
бағдарламаларына түсу үшін университет
алдындағы дайындықтың біржылдық жедел
курсынан өткендігі туралы сертификат беріледі.
Сертификат алу студенттің НУ-дың бакалавриат
бағдарламасына оқуға түсуіне кепілдік бермейді.
Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз не?
Кредит – бұл американдық және еуропалық
жүйелерде қолданылатын, өткен курстарды есепке
алуға арналған бірлік. Әрбір американдық кредит
әрбір апта ішінде сабақтарда өткен сағат сандарын
білдіреді. Демек, 3 кредиттік немесе 3 модульдік
курс әдетте семестрдің ішінде аптасына үш рет
өткізілетін пәнді білдіреді. Кредиттер оқу орнын
бітіруге арналған талаптардың бір бөлігі ретінде
есепке алынуы немесе есепке алынбауы мүмкін.
Grade Point Average (GPA) дегеніміз не?
Бұл АҚШ-тың көптеген колледждері мен
университеттері және кейде Еуропада
пайдаланылатын студенттердің академиялық
жетістіктерін бағалау жүйесі, ол бойынша бағалау
кезеңі аяқталған соң берілген әріптік бағалар
сандық көрсеткіштерге өзгертіледі. Назарбаев
Университетінде GPA 4 балдық шкала бойынша
есептеледі. Студенттің GPA ағымдағы оқу кезеңі
ішіндегі кредиттердің жалпы санына әрбір пән
бойынша алынған балдың цифрлік баламасына
кредиттердің көбейтілген сомасының арақатынасы
болып табылады.
НУ Бакалавриат бағдарламасының
ұзақтығы қандай? Бакалавриат
бағдарламасын аяқтау үшін қанша
кредиттік сағаттар жинау қажет?
Университет Мектептері үш академиялық кезеңді
қамтитын академиялық күнтізбеге сәйкес жұмыс
істейді, олар – күзгі және көктемгі семестрлер
және жазғы семестр, егер ұсынылған болса.
Жазғы семестр әрбір Мектеп жеке белгілейтін
талаптарда ұсынылуы мүмкін. Мақсаты
бағдарламаның талаптарына бейімделу болып
табылатын Бейімделу аптасы күзгі семестрдің
басында өтеді. Күзгі және көктемгі семестрдің
ұзақтығы 17 аптаны құрайды, 16 апта сабақтарға
және 1 апта семестрлік емтихандарға бөлінеді.
Жазғы семестрдің оқу кестесін әрбір Мектеп жеке
белгілейді.
Бакалавр дәрежесін алу үшін студенттерге әрбір
Мектептің талаптарына сәйкес кредиттердің
нақты санын жинау қажет (орта есеппен алғанда
120 ECTS кредит). Қойылатын талаптарға әдетте
міндетті түрде оқытылатын және элективті (таңдау
бойынша) пәндердің тізімі мен жинауға қажетті
кредиттердің ең төменгі саны кіреді. Мектептердің
нақты талаптарымен танысу үшін студенттер
әрбір Мектептің студенттің оқуға түсер сәттегі
қолданыстағы Студентке арналған нұсқаулық атты
құжатымен танысулары тиіс.
НУ-да студенттердің қазақ тілін
үйренуіне қаншалықты көңіл бөлінеді?
Университетте қазақ тілін, әдебиетін және
мәдениетін оқытуға арналған арнайы бағдарлама
әзірленген. Қазақстандық және шетелдік
әдістемелерінің ең жақсы нұсқауларын қамтитын
| 6
бұл бағдарлама НУ-дың әрбір студентіне қазақ
тілі мен мәдениеті туралы терең білімін дамытуға
мүмкіндік береді. Қазақ тілін меңгеру студенттерге
білім берудің жалпы талаптарының бір бөлігі болып
табылады. НУ-ды бітіргені туралы диплом алу үшін,
студент қазақ тілі пәні бойынша 6 кредит алып,
КАЗТЕСТ-ті тапсыру арқылы сертификаттаудан
өтуі қажет (ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен
дамытылған Қазақстан Республикасының
азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін
жүзеге асыратын шетел азаматтарының
мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық
жүйесі).
Студенттерге каникул уақытында
үйлеріне бару және кері қайту
жолақылары төлене ме?
Бакалавриат студенттері жылына екі рет,
қысқы және жазғы каникул кезінде 4 еселік АЕК
мөлшерінде жол жүру өтемақысын алатын болады.
Дайындық орталығының біл алушылары жылына
бір рет, қысқы каникул кезінде 4 еселік АЕК
мөлшерінде жол жүру өтемақысын алатын болады.
НУ студенттерінің стипендия мөлшері
қандай?
Ағымдағы жылы Дайындық орталығының
тыңдаушыларына берілетін стипендия 17 807
теңгені құрайды және ол ай сайын төленеді.
Бакалавриат бағдарламасының студенттеріне
берілетін стипендия – 20 949 теңге,
жоғарылатылған стипендия – 24 091 теңге.
«Назарбаев Университетінің» магистратура
бағдарламасы стипендиясының мөлшері – 100
000 теңге.
«Назарбаев Университетінің» стипендиясы
тыңдаушыларға оқытудың барлық мерзіміне
тағайындалады және ай сайын төленеді.
Оқытудың бірінші семестрінде стипендия
«Назарбаев Университетінің» бакалаврлар мен
магистранттарына талапсыз тағайындалады және
ай сайын төленеді.
Оқытудың келесі семестрлерінде бакалаврлар
мен магистранттарға «Назарбаев Университеті»
стипендиясын тағайындау және төлеу
критерийлеріне сәйкес «Назарбаев Университеті»
стипендиясы емтихан сессиясының қорытындысы
бойынша тағайындалады.
Баламның бағаларын маған көруге бола
ма? Оның оқу үлгерімі туралы кімнен
білуге болады?
Әрбір студент қол қоятын шартқа сәйкес студенттің
ата-аналарының білім алушының бағаларын көруге
рұқсат болады. Құпияны сақтау үшін осындай
ақпаратты Регистратор Офисі ата-аналар өздері
жеке қатысқанда және міндетті түрде жеке басын
куәландыратын құжат бергенде ғана ұсынылады.
Бұндай ақпарат телефон және/немесе электронды
пошта бойынша жарияланбайды.
«Студенттің академиялық мәртебесі»
дегеніміз не және мәртебенің қандай
түрлері бар?
НУ-дың бакалавриат бағдарламасын сәтті бітіру
үшін, Университет студенттері академиялық
прогрестің қажетті деңгейін көрсетуі тиіс.
Бағаланатын тиісті әрбір кезеңнен кейін
бакалавриат бағдарламасында оқып жатқан
студенттердің оқу жетістіктерінің орташа өлшемді
бағасы есептелініп, келесі өлшемдерге сәйкес
академиялық мәртебесі анықталады:
- Жақсы академиялық мәртебе. Егер де студенттің
жалпы GPA көрсеткіші 2.0-ге тең немесе одан
жоғары болса, студент, жақсы академиялық
мәртебеге ие болады.
Жалпы GPA көрсеткіші 2.0-ден кем немесе
семестрлік GPA көрсеткіші кез келген семестрде
нормадан төмен болған студент академиялық
сынақ мерзімінде жүрген болып саналады. Жалпы
GPA ең төменгі деңгейі 2.0-ге тең. Семестрлік
GPA ең төменгі деңгейі 1.5 тең. Жалпы немесе
семестрлік GPA осы ең төменгі мәндерден түсіп
кеткен студенттер академиялық сынақ мерзімінде
жүрген болып саналады.
Кейбір жағдайларда студентке «шартты түрде
қабылданған студент» (Conditional Student)
мәртебесі берілуі мүмкін. Ондай жағдайда студент,
белгілі бір НУ Мектебінің түсу талаптарының
кейбіреулеріне сәйкес келмегендіктен, НУ-дың
бакалавриат бағдарламасына шартты түрде
қабылдануы мүмкін. Бұл мәртебеден құтылу үшін
студент белгіленген мерзім ішінде белгілі бір
талаптарды орындауы қажет.
7 |
Плагиат дегеніміз не?
Студенттік плагиат дегеніміз студенттің ақпарат
көзіне сілтеме жасамай, қағаз бетінде және
электрондық тасымалдағышта жарияланған
бөтен мәтінді жазбаша жұмысында пайдалануға
байланысты Назарбаев Университетінде
белгіленген академиялық нормалар мен
ережелерді бұзғаны болып табылады. Интернеттің
пайда болуына байланысты плагиат елеулі
проблемаға айналды. Кейде студенттер
интернеттен тұтастай абзацтар мен беттерді
көшіріп алады да ақпарат көзіне сілтеме жасамай,
басқа адамның жұмысын өзінің еңбегі ретінде
көрсетеді. Осындай бұзушылық елеулі академиялық
теріс қылық болып табылады, бұл үшін студентті
Университеттен оқудан шығару сияқты жазалау
шаралары қолданылуы мүмкін.
Студент Назарбаев Университетінен
қандай себептер бойынша оқудан
шығарылуы мүмкін?
Студентті Университеттен оқудан шығаруға негіз
болатын себептер:
1. ақылы негізде білім алушының білім алғаны
үшін төлем талаптарын бұзуы;
2. оқуға қабылдау кезінде көрінеу жалған
құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынуы;
3. дәлелді себептерсіз сабақтардың белгілі
бір санына қатыспауы;
4. GPA және/немесе СGPA ең төменгі
деңгейіне сай болмауы;
5. бағдарлама бойынша білім алуын
жалғастыру үшін қажетті талаптарды
орындамауы;
6. Студенттердің мінез-құлық кодексі мен
Университеттің тәртіптік рәсімдерінде
көзделген негіздер бойынша;
7. ішкі қағидаларды және/немесе
Университетке қабылдауды, білім
алушыларға арналған нұсқаулықты қоса
алғанда Университетте білім беру процесін
ұйымдастыруды реттейтін Университеттің
кез келнген басқа да ішкі құжаттарын бұзуы;
8. кредиттердің ең төменгі санына тіркеуінің
болмауы;
9. оқудың бірінші аптасының аяғында қандай
да бір пәнге тіркелуінің болмауы;
10. дәлелсіз себеп бойынша академиялық
демалыстан шықпауы;
11. шартты түрде оқуға қабылданған жағдайда
білім алуды жалғастыруға арналған
талаптарды орындамауы;
12. Қазақстан Республикасының
заңнамаларында және Университеттің ішкі
құжаттарында көзделген өзге де себептер.
Назарбаев Университеті өз түлектерінің
жұмысқа орналасуына қандай көмек
көрсетеді?
Назарбаев Университетінде студенттерді еңбекке
дайындау мен кәсіби дамытуға, сондай-ақ оқу
кезеңі ішінде студенттік практиканы ұйымдастыру,
НУ-да жұмыс берушілердің презентациясы мен
Кәсіби даму бағдарламасын, экскурсиялар, бос
жұмыс орындары жәрмеңкесін және т.б. өткізу
арқылы түлектерді жұмысқа орналастыруға
бағытталған Студенттерді кәсіптік бағдарлау және
дамыту орталығы (СКБДО) құрылды.
Назарбаев Университетінде әлеуетті
жұмыс берушілерді тарту бойынша
қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?
СКБДО қызметкерлері Астана қаласының
аумағында және одан тыс жерлерде мұнай газ
секторы, денсаулық сақтау, ғылыми-зерттеу
орталықтары, химия өнеркәсібі, министрліктер,
үкіметтік емес ұйымдар, зауыттар мен басқа да
қызметті қоса алғанда, қазақстандық, сондай-ақ
халықаралық ұйымдармен бірге түрлі салаларда
тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Назарбаев
Университетінің студенттері – бұл еліміздің
индустриалдық-инновациялық дамуына үлес
қоса алатын ұлттық ғылыми және техникалық
элитаның жаңа буыны. Осы себептен жұмыс
берушілер біздің студенттеріміздің өсіп дамуын
бақылап отырады. Өткен кезеңдегі практиканы
талдау компаниялардың НУ студенттерін болашақ
кәсіпқойлар ретінде қабылдағанын және оларға
әлеуетті қызметкерлер ретінде қарағанын көрсетті.
НУ-да студенттік практика қалай
ұйымдастырылған?
Әдетте студенттік практика жаз айларында өтеді.
Студенттерге практикадан өту мүмкіндігі туралы
хабарландыру жіберіледі, бұдан кейін олар
| 8
қажетті құжаттарын тапсырады және тестілеу мен
әңгімелесуді қамтуы мүмкін конкурстық іріктеуден
өтеді. Практикадан өту мәселесін талқылау іріктеу
ресімінен кейін жеке негізде өткізіледі. Практика
компания қоятын талаптарға сәйкес ақылы
немесе ақысыз болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда
студенттер өз шығыстарын өздері өтейді.
Практикадан өту кезінде күнделікті және қорытынды
есептер мен тәлімгерлердің, студенттердің
пікірлері бойынша студенттің дамуына мониторинг
жүргізіледі. Осы талдау практиканың сапасы мен
НУ студенттерінің дайындық дәрежесін бағалауға
мүмкіндік береді.
Оқу кезеңінде кәсіби практикадан өтудің
артықшылығы неде?
НУ студенттері Қазақстандағы компанияларда,
сондай-ақ шетелдегі компанияларда практикадан
өту мүмкіндігін алады. Мысалы, осы жазда
АҚШ, Франция, Испания, Германия, Польша,
Үндістан және Оңтүстік Корея елдерінде практика
бағдарламалары сәтті өтті. Студенттер кәсіби
практиканы өздері таңдап алған кәсіп бойынша
практикалық дағдыларды меңгеру, ұйымның
ұжымына кіру, мамандармен қарым-қатынас
жасау және әлеуетті жұмыс берушілермен
кәсіби байланысты орнату сияқты мүмкіндіктерін
қарастырды.
Назарбаев Университетінің студенті
бола тұрып шетел университетінде бір
семестр немесе бір жыл оқуға бола ма?
Болады. Ағылшын тілін жоғары деңгейде
меңгеру және шетелдік әріптестердің бар болуы
Назарбаев Университетінің студенттеріне шетелде
халықаралық оқу бағдарламаларына қатысуға
мүмкіндік береді. Осы жазда НУ-дың 35 студенті
АҚШ-тың UW-Madison және 5 студент 5 студентов
University of Illinois at Urbana Champaign серіктес
университеттердің жазғы бағдарламасына қатысты.
«Шет елде оқу» (Study Abroad Program)
бағдарламасына кім қатыса алады?
Университет бағдарламаның қатысушыларына
мынадай талаптар қояды:
• академиялық үлгерім көрсеткіші (GPA);
• «Conditional» (Шартты түрде қабылданған
студент) немесе «Probation» (Сынақ
мерзімінде) мәртебесінің болмауы;
• үміткердің жасы 18-де және одан жоғары
болуы тиіс.
Студенттік Үкімет дегеніміз не?
Университеттің студенттік Үкіметі – студенттердің
өзін-өзі басқарудың жоғары органы, сондай-
ақ оқу және оқудан тыс қызметпен байланысты
мәселелерді шешуге бағытталған студенттердің
бастамаға толы бірлескен қызметі. Студенттік
Үкімет Университет әкімшілігі және басқа да кез
келген ұйымдар алдында студенттердің мүддесін
білдіреді, сондай-ақ студенттердің қоғамдық
мәнге ие бастамаларын іске асырады, студенттер
ортасында тәрбие жұмыстарына, демалысты, спорт
пен бос уақытты ұйымдастыруға көмектеседі.
Студенттік Үкімет өз қызметінде заңдылық,
жариялылық, ашықтық, өзін-өзі басқару және
еріктілік қағидаттарын басшылыққа алады.
Студенттік Үкіметті бір академиялық жылға
сайланатын Президент басқарады. Президент өз
кезегінде олардың мүшелері Студенттік Үкіметтің
негізгі бағыттарын қадағалайтын министрлер
кабинетін қалыптастырады.
Назарбаев Университетінің студенттері
бос уақыттарын қалай өткізеді?
Назарбаев Университеті өз студенттерінің бос
уақытын ұйымдастыруға барлық жағдайларды
жасап отыр.
2013 жылдан бастап кампустың аумағында спорт
кешені ашылды, онда НУ студенттері шағын футбол,
баскетбол, волейбол сияқты және спорттың басқа
да түрлерімен айналысатын болады.
Сондай-ақ Университетте 134 студенттік ұйымдар
мен клубтар жұмыс істейді, олар түрлі зияткерлік
даму, ғылыми-зерттеу қызметі, шығармашылық,
ойын-сауық, қоғамдық, мәдени және өнер және
спорт саласындағы түрлі қызметті қамтиды.
Студенттік ұйымдарға кірудің жаңа достар табу,
дағдылар мен қабілеттерді дамыту, талантты ашу,
білімді тереңдету, командада жұмыс істей білу, алға
қойылған мақсаттарға жету, уақытты пайдалы өткізу
және жақсы демалу сияқты артықшылықтары бар.
9 |
| 10
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Бейімделу
Студенттің НУ-дағы жаңа студенттік өмірге
бейімделу кезеңі әр түрлі болуы мүмкін. Егер
студенттер кейбіреуі жаңа орынға жеңіл және тез
бейімделсе, ал кейбіреулеріне бейімделу кезеңі
қиындықтар туғызады. Атап айтқанда, студент үйін
сағынады, жаңа достарына үйренісе алмайды
немесе оқи алмаймын деп күйзеледі және т.б.
Балаңызбен ұдайы хабарласып отырыңыз. Онымен
сөйлесіңіз, Университеттегі студенттік өмір туралы
сұраңыз, әрдайым қолдау көрсетіңіз және көңілін
көтеріңіз. Осы арқылы ол өз үйінің сүйіктісі екенін
және әрдайым асыға күтетінін білетін болады.
Жаңа ортаға бейімделу кезеңінің ерекшеліктері
туралы ұлыңызға/қызыңызға түсіндіріп қойыңыз.
Осы жағдайдың уақытша екендігі және жақын арада
барлығының өз орнына түсіп, жақсы болатындығы
туралы айтып беріңіз.
Университетте студенттерге қиын уақытта олардың
проблемаларын шешуге көмек көрсетуге дайын
қызметтердің жұмыс істейтіні туралы және оларға
ұялмай өтініш білдіруге болады деп, ескертіңіз.
Оқудағы қиындықтар
Астана – заманауи, әсем және өркендеп келе
жатқан қала. Осында бірінші рет келгенде
студенттер түрлі ойын-сауық шараларын бірінші
орынға қояды да, оқу жағы нашарлап қалады.
Кей жағдайларда ата-аналар баласының нашар
үлгерімі туралы кеш біледі. Осындай жағдайларды
болдырмау үшін:
Өз балаңыздан оқу үлгерімі, жетістіктері туралы
ұдайы сұрап отырыңыз.
Оқуда қиыншылық болған жағдайда, тікелей пән
оқытушысына өтініш білдіруге кеңес беріңіз. НУ-
дың әрбір оқытушысы «офистік сағат» уақытында
студенттерді қабылдайды, оларға көмек көрсетеді.
Денсаулыққа қатысты проблемалар
Ауру-сырқаудан аман болу, созылмалы аурулардың
алдын алу үшін балаңыздың қажетті медициналық
тексерістен уақытылы өтіп отыруын қадағалаңыз.
Балаңыз ауырып қалса және Университеттің мед
персоналына дәрігерлік көмек алуға бармаса,
дереу медпунктқа бару қажет екендігін және өзін
өзі емдеуге болмайтынын түсіндіріңіз.
Балаңыздың жақын достары мен бөлмеде бірге
тұратын балалардың байланыс телефондарын
жазып алыңыз, олар күтпеген жағдайларда қажет
болуы мүмкін.
Астананың климатын ескере отырып (ызғарлы
және қарлы қыс, қатты жел, жаңбыр, құбылмалы
ауа райы) балаңызға жылы киіну қажеттілігі туралы
және қыстыгүні (қатты суықта) кампустан тыс жерге
шықпауға кеңес беріңіз.
Қауіпсіздік
Көптеген балалар Астанаға Назарбаев
Университетінде оқу үшін кішкентай қалалар мен
ауылдардан келеді. Ірі қалалардың тұрғындарына
қарағанда, олар қандай да бір қауіпсіздік
шараларын қолдануға машықтанбаған. Осыған
орай, оларға мұқият болуды, бөлмеден далаға
шыққанда және ұйықтар алдында есік пен
терезелерді кілтке жауып отыруды, сондай-ақ ірі
ақша сомасын өздерімен алып жүрмеуді және
көрінетін жерде қалдырмауды түсіндіріңіздер.
Астана – біздің Республикамыздың елордасы,
еліміздің бас қаласы. Қала басшылығы тұрғындар
мен келген қонақтардың қауіпсіздігін барынша
қамтамасыз етуге бар күшін салады. Мемлекет
тарапынан қолданылып жатқан қауіпсіздік
шараларымен бірге әрбір адам көшеде,
ғимараттарда сақтық шараларын сақтаулары тиіс.
Осыған орай, студенттерге қалада түнгі уақытта
жүрмеуді, күдікті адамдарға сенім білдірмеуді
және олармен қарым-қатынас жасамауды тағы да
естеріне салу артық болмайды.
11 |
СТУДЕНТТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН НУ
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Студенттік істер жөніндегі департамент
Студенттік істер жөніндегі департамент (СІД)
студенттердің өміріне қатысты стратегиялық
саясатты әзірлеу мен дамытуға бағытталған
озық құрылымдық бөлімше болып табылады.
СІД Университеттің әкімшілігімен және НУ
Мектептерімен бірге Студенттік Үкімет пен
ұйымдардың қызметіне, оның ішінде студенттердің
күнделікті істерін басқаруға көмек көрсетеді. СІД
қызметкерлері түрлі сабақтан тыс зияткерлік,
спорттық және шығармашылық бағдарламаларды
ұйымдастыру мен дамыту саласында НУ-дың
оқытушыларымен және студенттерімен бірге тығыз
жұмыс істейді.
Бекжанов Асхат Орымбайұлы
Директор
Тел.: 8 (7172) 70 60 85
E-mail: abekzhanov@nu.edu.kz
Бахтияр Рахимов
Аға менеджер
Тел.: 8 (7172) 70 90 26
E-mail: bakhtiyar.rakhimov@nu.edu.kz
Нұрмұхамедов Қасымхан
Студенттік істер жөніндегі мектебiнiн менеджері
Тел.: 8 (7172) 70 65 75
E-mail: kasymkhan.nurmukhamedov@nu.edu.kz
Жасенов Айбек
Студенттік істер жөніндегі мектебiнiн менеджері
Тел.: 8 (7172) 70 60 56
E-mail: gshokatova@nu.edu.kz
Регистратор офисі
Регистратор офисі (РО) – студенттің барлық оқу
жетістіктерінің тарихын тіркейтін бөлімше болып
табылады.
РО студенттің оның академиялық мақсаттарына
қол жеткізуге көмектесуіне бағытталған негізгі
функциялары:
• студенттердің деректер базасын жүргізу;
• академиялық күнтізбені құру;
• оқу процесін ұйымдастыру және
мониторингілеу;
• студенттердің жеке істерін сақтау.
Сайт: http://registrar@.nu.edu.kz/
Ребекка Картер
Регистратор
Тел.: 8 (7172) 70 60 65
E-mail: rebecca.carter@nu.edu.kz
| 12
Студенттерді кәсіптік бағдарлау және
дамыту орталығы
Назарбаев Университетінің Студенттерді кәсіптік
бағдарлау және дамыту орталығы мамандық таңдау,
мансапты жоспарлау, практикадан өтетін жерді
ойластыру, магистратура бағдарламаларында оқу
мүмкіндіктері, академиялық ортадан кәсіби ортаға
өту сияқты мәселелер бойынша ақпарат іздеген
студенттерге көмек көрсететін бірден-бір орталық
болып табылады.
Орталықтың негізгі функциялары:
• студенттерді кәсіптік бағдарлау
(консультация беру және тестілеу);
• кәсіби бағдарлау және мансаптық өсу
тақырыптары бойынша дамыту тренингтері
мен оқыту семинарларын ұйымдастыру және
өткізу;
• мектебін/мамандығын ауыстырғысы келетін
студенттерді қоса алғанда, дәреженің жалпы
талаптары бойынша ақпарат беру;
• түлектерді жұмыспен қамтуға және жұмысқа
орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған
іс-шаралар әзірлеу және іске асыру,
сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік
емес ұйымдармен, Қазақстанның іскерлік
қоғамдастығымен өзара іс-қимыл жасау;
• оқу практикасы бағдарламаларын
ұйымдастыру, консультациялық көмек
көрсету және сүйемелдеу;
• жұмыс орнын іздеуге көмек көрсету;
• әлеуетті жұмыс берушілермен өзара іс-
қимылдар жасау;
• Назарбаев Университеті түлектері
Қауымдастығымен өзара іс-қимыл жасау.
Сайт:http://nu.edu.kz/portal/faces/mainmenu/
resources2/careerandadvisingcenter
Евгения Ким
Директор
Тел.: 8 (7172) 70 90 16
E-mail: yevgeniya.kim@nu.edu.kz
Нұргүл Ұларханова
Аға менеджер
Тел.: 8 (7172) 69 45 26
E-mail: nurgul.ularkhanova@nu.edu.kz
Ғайни Есембекова
Аға менеджер
Тел.: 8 (7172) 705886
E-mail: gaini.yessembekova@nu.edu.kz
Лилия Тлеукенова
Менеджер
Тел.: 8 (7172) 69 45 25
E-mail: liliya.tleukenova@nu.edu.kz
Университет алдындағы дайындық
мектебі (CPS)
Студенттердің «Назабаев Университеті»
Мектептерінің бакалавриат бағдарламаларына
оқуға түсуі үшін бір жылдық жедел дайындық
бағдарламасын жүзеге асырады.
Лесли Прайс
Бас директор
E-mail: Lesley.price@nu.edu.kz
Маржан Кабдулшарипова
Атқарушы директор
Тел: 8 (7172) 70 60 57
E-mail: mkabdulsharipova@nu.edu.kz
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылым-
дар мектебі (ГӘҒМ)
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар
саласында маманданумен бакалавриат және
магистратура білім беру бағдарламалары
бойынша оқытуды жүзеге асырады.
Сайт: http://shss.nu.edu.kz/shss/Home1
Филип Энс
Академиялық мәселелер жөніндегі Вице-декан
Тел: 8 (7172) 70 66 80
Email: philip.enns@nu.edu.kz
Жоламанова Альмира
Студенттік істер жөніндегі координатор
Тел.: 8 (7172) 70 66 38
Email: azholamanova@nu.edu.kz
13 |
Туркменова Малика
Студенттік істер жөніндегі координатор
Тел: 8(7172) 70 91 93
E-mail: malika.turkmenova@nu.edu.kz
Ғылым және технологиялар мектебі
Сайт: http://sst.nu.edu.kz/sst
Василиус Турасис
Декан
Тел.: 8 (7172) 70 90 89
vassilios.tourassis@nu.edu.kz
Майкл Льюис
Академиялық мәселелер жөніндегі Вице-декан
Тел.: 8 (7172) 70 65 59
mlewis@nu.edu.kz
Гульден Шокатова
Студенттік істері бойынша администратор (акаде-
миялық үлгерім және кестесі)
gshokatova@nu.edu.kz
Тел.: 8 (7172) 70 63 83
Инженерия мектебі
Сайт: http://seng.nu.edu.kz/seng/
Анатолий Вахгельт
Декан
Тел.: 8 (7172) 70 65 48
E-mail: anatoli.vakhguelt@nu.edu.kz
Айнур Байжанова
Консультант
Тел.: 8 (7172) 70 65 48
E-mail: ainur.baizhanova@nu.edu.kz
Динара Ибраева
Менеджер
Тел.: 8 (7172) 69 46 29
E-mail: dibrayevas@nu.edu.kz
Аида Султанали
Менеджер
Тел.: 8 (7172) 70 65 43
E-mail: asultanali@nu.edu.kz
Студенттер жатақханасы
Байланысатын тұлға: Мэлс Күмісбеков
Тел.: 8 (7172) 70 60 84
E-mail: mels.kumisbekov@nu.edu.kz
Психологиялық қолдау орталығы
Айгүл Дүйсембаева
Психолог
Тел.: 8 (7172) 70 60 83
E-mail: aigul.dyussembayeva@nu.edu.kz
Бауыржан Әренов
Тел.: 8 (7172) 70 65 83
E-mail: barenov@nu.edu.kz
Ерден Нұртаев
Тел.: 8 (7172) 70 57 35
E-mail: yerden.nurtayev@nu.edu.kz
Медпункт/«Республикалық диагности-
калық орталық» АҚ Дәрігерлік кабинеті
Студенттер жатақханасы, 19 Блок, 2 қабат
Астана қаласының №10 студенттер
емханасы
Астана қ., 188 көш., 8
Тел.: 8 (7172) 70 87 13, 70 86 63
Сайт: http://www.emhana10.kz/
СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАТАҚХАНАЛАР
КАМПУС КАРТАСЫ
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
ОҚУ КОРПУСЫ
Қабанбай батыр даңғылы
Тұран даңғылы
Достарыңызбен бөлісу: |