туындаған жағдайда тараптар дауларды шешу үшін сараптау ұйымына жүгінеді.
Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар тұтынушы авариялық және
(немесе) технологиялық бронь жөніндегі электр энергиясы үшін ақы төлеу кепілдемесін
орындаған жағдайда, авариялық және/немесе технологиялық бронь тізбесі бойынша енгізілген
объектілерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Авариялық және/немесе технологиялық бронь тізбесіне қосылған тұтынушылардың
объектілерін электрмен үздіксіз жабдықтаудың техникалық мүмкіндігін сараптау ұйымы шарт
бойынша анықтайды және келіседі.
6. Тұтынушының өзі тұтынатын электр қуатын шартта көрсетілген мәннен (техникалық
шарттар бойынша қуат шегінде) ұлғайтуына, сондай-ақ жаңа қосалқы тұтынушыларды қосуына
тек энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының келісімімен шартқа тиісті
өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана жол беріледі.
7. Тұтынушы өзіне тиесілі желілерге өз электр қондырғыларын шартта көрсетілген қуат
шегінде, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарының қосымша рұқсатынсыз, ал
осы қуаттан жоғарыны, қосылған қуатқа қарамастан, тек энергиямен жабдықтаушы ұйымның
рұқсатымен ғана қоса алады.
3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын
қосуға арналған техникалық шарттар
8. Тұтынушылардың электр қондырғыларын электр желілеріне қосуы ЭЖЕ-нің 3-тарауына
сәйкес жүргізіледі.
Техникалық шарттарды тұтынушының жазбаша өтінімі бойынша энергия беруші ұйым
береді.
9. Тұтынушының өтінімінде:
1) объектінің толық атауы және оның жай-күйлік жоспары қоса берілген мекен-жайы;
2) объектінің ең жоғары жүктемесі, электр энергиясын тұтыну сипаты;
3) шағын тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының сипаттамасы;
4) электр жүктемелерін жылдар бойынша іске қосу мерзімдері;
5) тұтастай электр қабылдағыштардың және жекелеген технологиялық қондырғылардың
энергиямен жабдықтау сенімділігі жөніндегі техникалық құжаттамалар нормаларының
талаптарына сәйкес келетін санаты;
6) мәлімденген қуаттың негіздемесі;
7) лизингті, сенімді басқаруды және энергиямен жабдықтау объектісінде пайдаланудың
өзге де түрлерін қоса алғанда, меншік құқығын немесе мүліктік жалға алғандығын растайтын
құжаттың көшірмесі көрсетіледі.
10. Тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттарды
мынадай:
1) жаңа электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйымның желілеріне қосылған;
2) электр қондырғыларының тұтынатын қуаты өзгерген;
3) сыртқы электрмен жабдықтау схемасы өзгерген;
4) энергия қондырғыларын пайдалануға қойылатын техникалық талаптар өзгерген;
5) тұтынушының электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгерген;
6) объектінің иеленушісі өзгерген жағдайларда тұтынушы сұратып алуға және
энергиямен жабдықтаушы ұйым беруге тиіс.
11. Энергия беруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін бір айлық мерзімде
жаңадан құрылатын немесе қайта жаңғыртылатын қолданыстағы кәсіпорындардың, ғимараттардың,
құрылыстардың, олардың кезектерінің немесе жекелеген өндірістердің электр қондырғыларын
қосуға арналған техникалық шарттар мен жиынтық қуаты 1000 квт. дейінгі осы объектілердегі
электр энергиясын есепке алуды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар береді.
Объектілердің жиынтық қуаты 1000 квт. асқан кезде алдын ала техникалық шарттар
беріледі.
12. Жаңа кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерін, жекелеген
өндірістерді немесе сырттан электрмен жабдықтау схемасын өзгертуді талап ететін
кеңейтілетін және жаңғыртылатын жұмыс істеп тұрған объектілерді энергиямен жабдықтау
жөніндегі тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу желісіне тұтынушы жалғанған энергия
беруші ұйыммен жүргізіледі.
Жылдық отын-энергетикалық ресурсы 500 және тоннадан жоғары шартты отын тұтынатын
жаңа және жұмыс істеп тұрған объектілер мен кәсіпорындар құрылысының
техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалары міндетті түрде энергия үнемдеу
жатады.
сараптамасына
13. Электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының желілерінен
қоректенетін қосалқы абоненттер техникалық шарттарды энергия беруші ұйыммен келісу
бойынша тұтынушылардан алады.
14. Электр желілеріне тұтынушыны қосуға арналған техникалық шарттарда:
1) объектінің орналасқан жері (кент, көше), жалғаным нүктелері (шағын станция,
электр станциясы немесе электр беру желілері), объектіні қоректендіру орындалуы тиіс
әуелік және кабельдік желілердегі кернеу, жалғаным нүктелеріндегі кернеудің күтілетін
деңгейі;
2) жаңа тұтынушының пайда болуымен байланысты қолда бар тораптарды күшейту
жөніндегі негізделген талаптар - сымдардың қиылысын арттыру, трансформаторлардың қуатын
ауыстыру немесе арттыру, тарату қондырғыларының қосымша ұяларын салу және заңнамаға қайшы
келмейтін өзге де талаптар;
3) қысқа тұйықталу тоғының есептік мәні, релелік қорғауға, автоматикаға,
телемеханикаға, байланысқа, қорғаныш жерлендіргішіне, оқшаулауға және кернеулерден асып
кетуден қорғауға қойылатын талаптар;
4) реактивті қуатты өтеу, электр энергиясының сапасын бақылау мен есепке алу,
желіге жалғанған нүктедегі электр энергиясының сапасына тұтынушының ықпал ету дәрежесі,
тұтынушы жүктемесінің тәуліктік кестесін реттеу жөніндегі талаптар;
5) болжамды жүктеме мен электр тұтынуды көрсетумен тұтынушының торабына қосылатын
шағын тұтынушылардың тізімі;
6) пайдалануға рұқсат етілген қуат;
7) электрмен жабдықтау схемасының электр қабылдағыштардың сенімділік санаттарына
сәйкестігі;
8) электр энергиясын есепке алуды ұйымдастыру талаптары;
9) электрді тұтынудың сипаты (тұрақты, уақытша, маусымдық);
10) техникалық шарттардың қолданылу мерзімі көрсетіледі.
15. Қажет болған және берілген техникалық шарттардың негізділігіне күмәнданған
жағдайда тұтынушы сараптау ұйымына жүгінеді.
16. Желісіне тұтынушы жалғанған энергия беруші ұйым берген техникалық шарттардың
орындалуы тұтынушылар үшін де, электрмен жабдықтау жобасын әзірлеу тапсырылатын жобалау
ұйымдары үшін де қажет.
17. Техникалық шарттарды алу жаңадан құрылған және бұрын жұмыс істеген ұйымдардың
базасында қайта ұйымдастырылған ұйымдар үшін міндетті. Техникалық шарттарды беру және
қайта рәсімдеу үшін төлем алынбайды.
4. Тұтынушылардың электр қондырғыларын
пайдалануға рұқсат ету
Достарыңызбен бөлісу: |