69
ұшыру амалдарын жүзеге асырады. Станция торы ұшыруды ба-
қылау полигон трассасынан Вознесения аралына дейін созылып
жатыр. АҚШ ғарыштық бағдарламаларының бар лығына Кеннеди
мүйісіндегі кешен негізгі базасы болып табылады (4.6-сурет).
АҚШ-тың ғарыштық батыс айлағы да бар. Ол Калифор-
ния штатының батыс жағалауында орналасқан жəне ол Лос-
Анджелестен оңтүстікке қарай Тынық мұхит жағалауыдағы ең
үлкен зерттеу орталығы. Бұл ғарыштық айлақ Сан-Францисконың
оңтүстік жағы АҚШ-тың жағалауындағы, Гавай аралындағы,
Уэйк, Энивектокта, Кваджилейнде жəне Австралиядағы бақылау
станцияларына жəне басқа да жер бетіндегі кешендерге қызмет
көрсетеді. Үнді мұхитында Батыс полигон трассасы Шығыс трас-
самен түйіседі. Шығыспен салыстырғанда Батыс полигонның
географиялық мүмкіншілігі мол деп саналады.
4.6-сурет. а – АҚШ-тың «Шатл» жəне ə – Қытайдың «Шэньчжоу-5»
ғарыштық кемелерінің ұшу сəттері
Қытай елінің тек орталық бөлігінде үш космодромы бар: Шу-
аньченщы (41˚ с. е.; 100˚ ш. б.), Тайюань (38˚ с. е.; 112˚ ш. б.)
жəне Сичан (28˚ с. е.; 102˚ ш. б.). Қытайдың шығыс жəне батыс
жақтарындағы ғарыш айлақтары əртүрлі бағыттағы ғарыштық
аппараттарды ұшыруды қарастырады. 2003 жылдың 15 қазанын-
да Қазақстанға жақын орналасқан ең үлкен Цзюцюань ғарыш
айлағынан «Шэньчжоу-5» кемесімен тұңғыш қытай ғарышкері
орбитаға ұшырылды. Содан бері Цзюцюань пилоты бар ғарыш
70
кемелері ұшырылатын əлемдегі үш ғарыш айлақтарының қата-
рына қосылды (4.6-сурет).
Франция . Зерттеу жəне ғарыштық кеңістікті қолдану бойынша
Европалық мемлекеттердің ішінен Франция ерекше белсенділік
көрсетуде. Ең бірінші француз ғарыштық аппараты Алжир тер-
риториясынан ұшырылды. Негізгі космодром Куру (кешеннің
жалпы ауданы 460 шаршы мильді құрайды) 5˚30' солт. ендікте
Францияның Гвиана территориясында орналасқан. Бұл кешен
Францияның сенімді жəне бəсекелестікке түсе алатын «Ариан-4»
пен «Ариан-5» ракета-жақтаушыларын күнделікті эксплуатацияға
шығаруға мүмкіндік береді.
Жапония – екі космодромы бар: Кагосима ауданындағы
Кюсю аралында, жəне Танегасима аралында. Біріншісі, кішігірім
ғылыми-зерттеу серіктерін ұшыруға арналған, ал екіншісі ауыр
ракета-жақтаушыларын (сондай-ақ жүктемелі) ұшыруға арналған
база болып табылады.
Үнді елі – бұл ел Шрихариота (13˚ с. е.; 80˚ ш. б.) аралдық
космодромынан ұшыруды жүзеге асырады. Үнді бағдарламалары
ғарыштық кеңістікті қамтуды ориентирге алған, ең басты, дис-
танционды зондтау, метеорология, байланыстың практикалық
есебін шешуге негізделген.
Австралия. Австралия басқармасы əлемде ең бірінші ха-
лықаралық коммерциялы космодромын құруға қатысуды болжап
отыр жəне оны Нью-Йоркте (12˚ о. е.) орналастырады. Олар елдің
политикалық жəне экономикалық тұрақтылығы потенциалды
клиенттеріне космодроммен ұзақ мерзімді əрі сенімді байланыс
орнатуға мүмкіндік туғызады.
Сол себепті, болашақта глобалды позиционирлеу жүйесі
дамыған құрылымы ғарыштық кешенде жалпының назарында бо-
лады, ал жұмыс істеп тұрған навигациялы ғарыштық аппараттың
саны азаймайды.
4.3. Жерсеріктік радионавигациялық жүйе
координаталарын анықтаудың принциптері
Қазіргі кезде Ресейдің ГЛОНАСС жəне АҚШтың жалпы
GPS деп аталып кеткен NAVSTAR Жерсеріктік навигациялық
жүйелері ғарыш кеңістігінде қызметтерін атқаруда. Координат-
71
тарды анықтау принципі екі жүйеде де бірдей. Жерде орналасқан
пункттің орнын сол нысаннан ЖЖС-ке дейінгі өлшенген
арақашықтық бойынша есептеп шығарады. Бірден объекттің
орналасқан орнын анықтау үшін өлшемнің төрт серікке дейінгі
арақашықтығының шешімі болу керек. Төртінші серікке дейінгі
арақашықтықтың өлшемін білу үшін техниканың күшіне жүгіну
қажет (4.7-сурет).
ЖРНЖ-тың негізіне ғарыштық дальнометр қойылған. Бірнеше
ғарыштық серіктердің позициясын сол өлшемнің алыстығына
қатысты нүктенің координатасын анықтайды. Мұндай жағдай-
да ЖЖС тірек (координаталары жоғары дəлдікпен анықталған)
пункт терінің рөлін атқарады.
4.7-сурет. Кеңістік триангуляциялары
ЖРНЖ-тың жұмыс істеу тəртібі төрт (ЖЖС-нің триангуля-
циясын құру, ЖЖС-не дейінгі қашықтықты өлшеу, абсолюттік
нақты уақытты өлшеу, ЖЖС-нің орнын анықтау) сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда ЖЖС триангуляциялайды да, GPS қабыл-
дағыштары радиотолқындарының өту уақытын пайдаланып,
қашықтықтарды өлшейді. Мəселен, өзіміздің тұрған жерімізді
үш ЖЖС-нен қалай анықтауға болатынын қарастырайық. Ол
үшін бірінші ЖЖС-нен қашықтық өлшейміз, оның 18 000 км тең
72
екенін көреміз. Сонда сфера бетіндегі 18 000 км арақашықтықта
мүмкін болатын нысандар осы радиусқа тең болады.
Содан кейін екінші ЖЖС-не дейінгі қашықтықтың 19 000
км-ге тең екенін анықтаймыз. Демек біздің тұрған жеріміз, яғни
нысан тек бірінші сферада ғана емес, сонымен қатар, екінші
ЖЖС-нен 19 000 км қашықтықтағы сферада да орналасқанын
көрсетеді, яғни біздің тұрған орнымыз осы екі сфера қиылысқан
жерде орналасқан. Егер үшінші ЖЖС-не дейінгі қашықтықты
өлшесек, онда ол нысан ЖЖС-не дейін 20 000 км қашықтықта
орналасқаны белгілі болады, онда қашықтығы 20 000 км сфера
алғашқы екі сфераның қиылысуы көмегімен тұрған жеріміздің
координатасын анықтаймыз.
Үш ЖЖС-ке дейінгі қашықтықты өлшеу, біздің екі нүктемен
мүмкін орналасқан жерімізді қысқартады. Алынған екі нүкте-
нің қайсысында тұрғанымызды шешу үшін төртінші ЖЖС-ке
дейінгі қашықтықты өлшеу қажет. Алайда көптеген жағдайда екі
нүктенің біреуі сенімсіз болып шығады (Жерден тым алыс ор-
наласуы немесе тым өте үлкен жылдамдықпен қозғалуы мүмкін
жəне оны өлшеусіз жіберуге де болады. GPS-қабылдағыштар
компьютеріне бірнеше алгоритмдер енгізілген, соның көмегімен
дұрыс емес нүктеден дұрыс нүктені ажыратуға болады.
Осылай, ЖРНЖ-тың негізіне тірек нүкте ретінде ғарыштық
серіктерді қолдана отырып, триангуляция əдісімен жер бетіндегі
объектінің орналасқан орнын есептеп шығару енгізілген. Жүйеде
қалғандары – техникалық анықтамалар, серіктердің қашықтығын
анықтау процесін оңайлатады жəне олардың жоғарғы дəлдігін
максимальды жеңіл орындауға мүмкіндік береді.
Кез келген нысанның үш координаталарын (бойлық, ендік
жəне теңіз деңгейінен биіктік) анықтаудан басқа GPS:
- нысанның үш жылдамдығын құраушыларды анықтауды;
- 0,1 сек-тан кем емес дəлдікпен нақты уақытты анықтауды;
- нысанның нақты жолдық бұрышын есептеуді;
- көмекші ақпаратты қабылдау жəне өңдеуді қамтамасыз етеді.
Сонымен, жерсеріктік навигациялық жүйе – құрлық пен те-
ңіздегі, Жер бетіне жақын жəне ғарышта орналасқан нысандар-
дың орындарын (координаталарын), қозғалу параметрлерін тəу-
ліктің кез келген уақытында анықтауға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |