Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет12/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61

43
ЖЖС-нің теңдеулері Жер массасының центріне байланысты 
болғандықтан, пункт координаталары геоцентрлік координата-
лар жүйесінде (гринвичтік жүйеде) анықталады. Ал (58) теңдеу 
ғарыштық геодезиядағы жалпы динамикалық əдіске негізделген.
Ғарыштық геодезияның кейбір жеке есептерін, мəселен бір 
уақыт аралығындағы мəліметтерді өңдеу кезінде, потенциалды 
ескермейтін жағдайда dψ

= 0 болғанда, (58) теңдеу мынандай 
түрге келеді
  
r
èçì
i
V
r
r
R
R
r
E
E
r
=



+
Δ




Δ





)
(
0
ρ
ρ
,              (2.18)
жəне бұл формуланы орбиталдық əдістің негізгі теңдеуі деп атай-
ды. Орбиталдық əдіс орбита элементтері мен ғарыштық триан-
гуляция пункттерінің координаталарын анықтауда қолданылады. 
2.2.2. Жердің негізгі параметрлерін анықтап отыру
Жердің іргелі тұрақтылары. Геодинамикалық мəселелерді 
шешу үшін жəне Жердің пішінін зерттеу үшін салыстыру фигу-
ралары, яғни айналу эллипсоиды, үш остік эллипсоид жəне геоид 
сияқты фигуралар қолданылады.
Бұл фигуралар өздерінің геометриялық параметрлерімен 
қатар, массасының гравитациялық параметрлерімен, бұрыштық 
айналу жыламдығымен, потенциалдық тартылыс жəне салмақ 
күштерімен сипатталады. Мұндай жағдайда салыстыру фигура-
сын «Жердің гравитациялық пішіні» деп атайды.
Жер инерциясының негізгі орталық моменттерін көрсететін 
үшостік эллипсоидты «Жердің динамикалық пішіні» дейді. Қа-
зіргі кезде Жердің жасанды серіктерін пайдалану арқылы Жер 
пішінінің параметрлерін жəне оның сыртқы гравитациялық 
алаңын сенімді анықтауға мүмкіндік туғызды. Алынған өлшеу 
нəтижелерінің уақытқа тəуелді өзгерістерін бағалап отыру жəне 
оларды Жердің іргелі тұрақтыларымен келістіріп отыру бүгінгі 
күннің өзекті мəселесі. Төмендегі 2.1-кестеде Жер мен Айды са-
лыстыру үшін Дүниежүзілік геодезия жəне геофизика одағының 
XVII Бас Ассамблеясы (1979 ж.) ұсынған тұрақты параметрлері 
берілген.


44
2.1- кесте. 
Жер жəне Ай параметрлері
Параметрлер
Жер G1
Жер G2
Ай S1
fM, км
3

2
a
e
, м
I
2
 

 10
6
ω
, рад/с
398600,5
(атмосфераны 
ескергенде)
6378140
1082,63
0,7292115

10
-4
398600,5
6378137
1082,63
0,7292115

10
-4
4902,709
1738000
210,00
0,26616955

10
-5
Сөйтіп, Бас ассамблея қабылдаған Жердің іргелі тұрақты-
лары: екі осьті эллипсоид өлшемдері а = 6378137 м, α = 1:298,257; 
жарықтың вакуумдағы жылдамдығы, с = 299 792 458±1,2 м/с; 
Жердің бұрыштық айналу жылдамдығы, ω=0,7292115·10
-4
 рад/с;
геоцентрлік гравитациялық тұрақтысы fM= 39860047·10

м
3
с
-2
;
экваторлық салмақ күші γ
е
=978033·10
-5
м·с
-2
; геоидтағы потен-
циалдық салмақ күші W

= 62636860 м
2
с
-2
; Жер ат мос ферасының 
геоцентрлік гравитациялық тұрақтылығы fM

=35·10
7
м
3
с
-2

əмбебап гравитациялық тұрақтылығы f = 6672·10
-14 
м
3
с
-2
кг
-1
 тең.
Жердің динамикалық парметрлері: А
0
=8,01602055298·
10
44  
г·см
2
; В
0
=8,01619595712·10
44 
г·см
2
; С
0
=8,04242790440·10
44 
г·см
2
; α
р
=0,0016376320; α
е
=0,0000109407; λ
0
=14,9° з.д.; мұнда А
0
, В
0

С
0
 – Эллипсоид остерімен салыстырғандағы орталық моменттер; 
а
0
, в
0
, с
0
; α
р
 – полярлық сығылу, α
е
 – экваторлық сығылу; λ
0
 – ең 
үлкен меридианның бойлығы.
Жер динамикасы. Жер литосферасы: Евразиялық, Амери-
калық, Африкалық, Тынықмұхиттық, Индиялық, Антарктикалық 
болып 6 плитаға бөлінеді. Литосфералық плита жер бетінің қатты 
блогі, ол жан-жағынан сейсмикалық жəне тектоникалық күшті 
жарылыстармен шектелген. Бұл плиталар қозғалысының бір-
бірімен байланысы, жарылымдар зоналары қайталап жүргізіліп 
отырылатын геодезиялық өлшеулер арқылы бағаланады. Мə-
селен, Америкалық плитаның Тынықмұхиттық плитамен салыс-
тырғандағы жылдамдығы 4 см/жыл екендігі анықталды.
Арнайы геодинамикалық полигондарда жүргізілетін кезеңді 
қайталап нивелирлеу нəтижесінде жер бетінің вертикаль жыл-


45
жуларын да анықтайды. Мысалы, Алматы қаласының маңайын-
дағы жер қабығының вертикаль жылжуы жылына 10 см екендігі 
анықталды.
Өздерінің потенциалдық энергиялары мен аномалиялық ман-
тияларынан плиталардың жылжуынан басқа, оларға техноген-
дік əсерлер де ықпалын тигізеді. Осы техногендік əсер ықпалы 
соңғы жылдары күннен-күнге өсуде. Жер динамикасын полюстер 
қозғалысы мен айналудың біркелкі еместігі арқылы анықталып 
отырады.
Полюстардың қозғалыс параметрлерін анықтап отыратын 
ендік стансалары: Карлофортта, Китабта, Мидзусавада, Гей-
терс бергте, Юкайяда орналасқан, Халықаралық полюстер қозға-
лысының қызметі жұмыс істейді. Ендік стансалардың жұмысы 
жұлдыздарды бақылап, сол стансалардың ендіктерін мезгіл-
мезгіл анықтап отырудан тұрады. Полюстар қозғалысы пункттер 
ендіктерін мезгілдік өзерістерге ұшыратып отырады, яғни Жердің 
бір жарты шарында олардың шамасы кішірейсе, екінші жарты 
шарда үлкейіп отырады. 
Жердің айналу жылдамдығының өзін үш түрге бөлуге бола ды: 
жылдамдықтың ғасырлық азаюы, мезгілдік ауытқулары, бірде 
өсіп, бірде өшіп отыратын кезеңдік өзерістер. Жылдамдықтың 
ғасырлық азаюы Ай мен Күннің тартылыс күштерінен туындай-
ды жəне ол бір ғасырда 0,0014 секундты құрайды. Жер айналуы 
жылдамдығының мезгілдік ауытқуы Жер атмосферасындағы 
мезгілдік өзгерістер мен Жер инерциясына тəуелді. Тəуліктің өзі 
бір жыл ішінде 0,001секундқа өзгеріп отырады. Жердің айналу 
жылдамдығы шілде мен тамыз айларында өседі де, наурыз ай-
ында азаяды. Ал Жердің кездейсоқ ауытқулары əлі күнге дейін аз 
зерттелген. 
Жердің іргелі тұрақтыларын планетаны толық қамтыған хор-
далар тораптары арқылы Жер динамикасының уақытқа байла-
нысты өзгеру заңдылықтарын, одан əрі қарай Жердің пайда болу 
тарихын білуге жəне Жердің болашағын болжауға мүмкіндік 
туғызады. 
Жердің негізгі параметрлерін анықтап отыру.
Нормалды Жер параметрлері. Нормальды Жер - ол Жердің а 
жəне жарты осьтері мен салмағы М белгілі айналу эллипсі тəрізді 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау