«Айгөлек» мдұ-ның 2016-2019 жылдарға


МДҰ қызметінің тұжырымдамалық негіздері



жүктеу 387,65 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата18.12.2017
өлшемі387,65 Kb.
#5033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

МДҰ қызметінің тұжырымдамалық негіздері 

Мектепке дейінгі балалық шақ – әрбір адамның өміріндегі бірегей кезең. 

Ересектердің міндеті – әрбір бүлдіршін үшін оның қабілеттіліктерін ашуға қажетті 

жағдайлар  жасау,  оның  өмірін  қызықты  және  мазмұнды  ету,  құрдастарымен  және 

ересектермен  қарым-қатынас  жасауға  үйрету,  білім  берудің  оңтайлы  бағдарғысын 

белгілеу.  Әрбір  балаға  және  отбасыға  қолдау  және  өз  уақытында  жеке,  аумақтық 

қолжетімді  көмек  көрсетуге  қабілетті  мамандарды  біріктіретін,  ұстанымдық  жағынан 

жаңа үлгідегі МДҰ құру заманауи қоғамның дәйекті қажеттілігіне айналып келеді. 

Мұндай  тәсілдің  өзектілігі  көптеген  отбасылар  балаларды  сапалы  оқыту  мен 

тәрбиелеуге мұқтаж болып отырған жағдайларда арта түседі. 



Стратегиялық  мақсаты:  баланың  психологиялық-денелік  жағынан  салауатты, 

құзіретті,  қатынас-байланыстық  және  шығармашылық  дағдыларды  меңгерген,  қоршаған 

дүниеде  барабар  өмір  сүруге  қабілетті,  сергек  және  еркін  ойлай  білетін  жеке  тұлғасын 

қалыптастыру. 



Міндеттері: 

 



жасы  кіші  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісін  сапалық  ресурстық  қамтамасыз 

ету; 


 

МДҰ дамуының тетіктерін жасау және олармен қамтамасыз ету; 



 

МДҰ-ның  дүниежүзілік  стандарттар  мен  уақыт  талаптарына  сәйкес  келетін 



дамытушы заттық-кеңістіктік және білім беру ортасын қалыптастыру; 

 



МДҰ қызметінің инновациялық мазмұнын әзірлеу және енгізу; 

 



МДҰ-да білім беру үдерісін жаңғырту; 

 



мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  жұмыс  істейтін  педагогтардың  кәсіптік 

құзіреттілігін арттыру; 

 

МДҰ-ды басқару үдерісін демократияландыру; 



 

білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  бәріне  субъект-субъектілік  өзара  әрекет 



ұстанымдарын енгізу; 

 



балаларды сапалы тәрбиелеу және оқыту мақсатында мемлекеттік билік, ҒӨБ, әлеумет 

өкілдерімен әлеуметтік әріптестікті дамыту; 

 

өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орын иелену; 



 

кентте, ауданда, облыста жоғары рейтингке қол жеткізу. 



Девизі:  «Әрқашан  сүйіспеншілікпен  –  қарсы  аламыз,  ал  мақтанышпен  –  шығарып 

саламыз!» 



Мақсаткерлігі:  балалық  шақтың  құндылықтарын:  таңдануды,  сенімді,  қарым-

қатынас жасауды сақтау. 



Жетекші функциясы: бүлдіршіннің жеке тұлғасын әлеуметтендіру. 

Өзекті идеясы: бәрі де балалық шақтан басталады! 

Біздің құндылықтарбалалар, отбасы, денсаулық, бақыт пен рахым. 

Біздің ұстанымдар: 

 



адамгершілік; 

 



балалар, ата-аналар, педагогтардың құқықтарын құрметтеу; 

 



балаларға деген сүйіспеншілік; 

 



сенім; 

 



ашықтық; 

 



бірге қуанып-күйінушілік пен ынтымақтастық; 

 



табысқа қарай ұмтылушылық. 

Біздің  балабақша  өз  дамуында  бағдарға  алатын  басты  нәтиже,  –  түлектің  жеке 



тұлғасы


 

 

 

 

Түлек жеке тұлғасының моделі 

 

Түлек жеке тұлғасының бұл моделін жүзеге асыру және іс-тәжірибеде қолдану оған 

МДҰ педагог-тәрбиешілерінің құзіреттілік тәсілі болған жағдайда ғана мүмкін болады. 

Сондықтан МДҰ-дағы әдістемелік жұмыс: 

 

педагог-тәрбиешілердің жеке кәсіптік резервтерін іске асыру кезінде педагогикалық 



ұжымның қызметі мен қарым-қатынасында бірлікке қол жеткізуге; 

 



педагог-тәрбиешілерде  кәсіптік  қатынас-байланыс  үдерісіне  белсенді  қатысуға 

орнықты уәждеме қалыптастыру және көрсетуге; 

 

педагог-тәрбиешілерде  төзімділікке  (балаға,  әріптесіне,  ата-анаға  педагогикалық 



ағартушылық, мәдени төзімділік пен құрмет) қабілеттілікті қалыптастыруға; 

 



педагог-тәрбиешілердің кәсіптік құзіреттілігін, ойлау мен қызметінің инновациялық 

стилін жетілдіруге бағытталған

Өз  дамуында  әдістемелік  қызмет  бағдар  алатын  нәтиже,  –  жаңа  үлгідегі  педагог-

тәрбиешінің жеке тұлғасы. 



 

 

 

 

 

Бүлдіршіннің 

даму саласы 

Жеке тұлғалық даму индикаторлары 

Денелік 

Жақсы дене және психикалық денсаулығы: дамыған денелік қасиеттері, 

қозғалыстық және мәдени-гигиеналық дағдылары, дене және психикалық 

денсаулықты сақтау тәсілдері туралы білімі бар, өз денсаулығына сергек қарай, 

валеологиялық білімін іс-тәжірибеде іске асыра және спорттың әртүрлі 

түрлерімен айналыса біледі 



Зияткерлік 

МЖББС-на сәйкес жаңа білімді, икемділіктерді, дағдыларды меңгеруге 

деген ұмтылысы, қоршаған орта туралы білімі, қалыптасқан математикалық 

түсініктері, тілдік даму дағдылары бар; бақылау, салыстыру, талдау, 

қорытынды жасауды, өз ойын, көркем туындылардың, ертегілердің 

мазмұнын байланысты және дәйекті баяндауды, білімін іс-тәжірибеде 

өздігінен қолдануды, күрделі емес математикалық тапсырмаларды 

орындауды біледі 



Эстетикалық 

Өнердің алуан түрлеріне орнықты қызығушылығы мен эмоциялық 

сергектігі, өнер түрлері туралы білімі, бейнелеушілік қызметтің қалыптасқан 

дағдылары бар; қоршаған әдемілікті көре және бағалай, қоршаған дүние 

туралы өз әсерлерін бейнелеу қызметінде, музыкада, сөз шеберлігінде 

бейнелей алады, көркемдікті жеткізудің саналуан құралдарын меңгерген 

Өнегелілік 

Әртүрлі ұлттардағы құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдылары, 

әртүрлі халықтардың мәдениетіне деген қалыптасқан оңды көзқарасы бар

басқа ұлттардың балаларын дұрыс қабылдауды, басқа халықтардың 

мәдениетіне құрметпен қарауды біледі, Отанын сүйеді, онымен мақтанады; 

адал, өзіне-өзі сынмен қарауға, қайырымды болуға тырысады 




жүктеу 387,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау