«Айгөлек» мдұ-ның 2016-2019 жылдарға



жүктеу 387,65 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата18.12.2017
өлшемі387,65 Kb.
#5033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

      19)  төмен  патенттік  белсенділік  пен  ЖОО-дағы  ОПҚ-ның  жоғары  жариялау  белсенділігінің 

арасындағы теңгерімсіздік;  

       20) шетелдік азаматтар үшін жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің тартымсыздығы;    

       21) білім мен ғылымдағы менеджмент деңгейінің жоғары еместігі;  

       22)  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұнын  әзірлеуге  жұмыс  берушілердің  қатысу  деңгейінің 

төмендігі;  

       23) білім мен ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;  

         24) білім мен ғылым саласындағы бақылаудың бюрократталған және икемсіз жүйесі.      

         3. Мүмкіндіктер:  

         мемлекет үшін:  

         1) қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;  

        2) адами капиталдың сапасын арттыру;  

       3) балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;  

       4)  халықаралық  ұйымдар  мен  жұмыс  берушілер  тарапынан  білім  мен  ғылымды  инвестициялық 

қолдау;  

        5) білім мен ғылым саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістері;  

       6) білім беру және ғылым саласының қолжетімділігі, тартымдылығы, сапасы және ашықтығы;  

       7) халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту;  

       8) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;  

       9) әзірленген инновациялық жобаларды өндіріске енгізу.  

       4. Қауіп-қатер:  

      1) қаржыландыру деңгейінің төмендігі;  

      2) педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі;  

      3) ғалымдар үшін шетелде жұмыс істеу жағдайларының барынша тартымды болуы;  

      4)  педагог  кадрлардың  арасында  өздігінен  білім  алуға  және  кәсіби  өсуге  ұмтылыс  деңгейінің 

төмендігі;  

       5) білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы;  

       6) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.       

       Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны 

ЭЫДҰ  елдерінің  үздік  тәжірибесіне  жақындату  перспективасымен  білім  және  ғылым  жүйесін  одан 

әрі жаңғырту үшін аталған проблемаларды шешуге ықпал ететін болады.  

        4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары 

        4.  Бағдарламаны  іске  асырудың  мақсаттары,  міндеттері,  нысаналы  индикаторлары  және 



нәтижелерінің көрсеткіштері  

        Басты  мақсаты:  білім  беру  мен  ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  экономиканың 

орнықты өсуі үшін адами капиталды дамыту.  

        4.1.  Бағдарламалық  мақсат:  мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбие  мен  оқытуға  тең  қол  жеткізуді 

қамтамасыз ету  

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті 

шаралар  

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту  

Мақсаты:  Мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбие  мен  оқытуға  тең  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету. 

Нысаналы индикатор: Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 

қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі  



Міндеттер: 1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және 

педагог кәсібінің беделін көтеру  



      2020  жылға  қарай  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  мамандандырылған  жоғары  және  техникалық 

және кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесін 50 %-ға дейін арттыру жоспарлануда.  

       Бұл көрсеткішке жету үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ЖОО-лар 

мен колледждерде педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаятын 

болады  (2015  жылы  колледждерге  1  805  грант,  ЖОО-ларға  295  грант  бөлінді,  2019  жылы 

колледждерге 2 200 грантқа, ЖОО-ларға 350 грантқа дейін бөлінеді).  

       Сондай-ақ  2019  жылдан  бастап  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесі  үшін  педагог 

кадрларды тәуелсіз сертификаттауға көшу жоспарлануда.  

       Жыл  сайын  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  саласындағы  7000-ға  жуық  педагог  бюджет 

қаражаты есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі 

ұйымдардың педагогтері жыл сайын бюджеттен тыс қаражат есебінен біліктіліктерін арттырады.  

2.Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту      




 

        Мектепке  дейінгі  ұйымдар  демографиялық  жағдайды  ескере  отырып,  халықтың  сұранысын 

қанағаттандыруға бағытталған сандық, сондай-ақ сапалық жағынан да дамиды.   

        2020  жылға  қарай  186,3  мың  жаңа  орын  (2016  жылы  –  47,4  мың;  2017  жылы  –  41,9  мың;  2018 

жылы  –  44,6  мың;  2019  жылы  –  52,4  мың)  ашылады,  бұл  балаларды,  оның  ішінде  тұрмысы  төмен 

отбасылардан  шыққан  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен  қамту  көрсеткішін 

арттыруға мүмкіндік береді.  

        Бұл  орындар  жергілікті  бюджет  қаражаты  және  МЖӘ  тетіктері  есебінен  жұмыс  күні  қысқа 

шағын орталықтарды біртіндеп толық жұмыс күніне ауыстыру арқылы жұмыс күні толық мектепке 

дейінгі ұйымдар желісін кеңейту есебінен қамтамасыз етіледі.  

        МЖӘ-нің  артықшылығы  туралы  белсенді  және  мақсатқа  бағытталған  жұмыс  пен  мемлекеттік 

тапсырысты орналастыру жекеше мектепке дейінгі ұйымдар желісінің айтарлықтайөсуін қамтамасыз 

етеді.  

        Тұрғын  үй  кешендерінің  1-қабаттарында  орналасатын,  оның  ішінде  МЖӘ  есебінен  мектепке 

дейінгі ұйымдарды салу және пайдалану бойынша жаңа үлгілік жобалар дамиды.  

         Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 135 бірліктен 263 бірлікке өседі.  

        2.Балаларды  мектепке  сапалы  дайындауға  бағдарланған  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту 

мазмұнын жаңарту  

        2016 жылдан бастап 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды ерте жастан дамытуды ескере отырып 

әзірленген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған МЖС, мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқытудың  жалпы  білім  беретін  үлгілік  бағдарламасы  және  мектепалды  даярлықтың  білім  беру 

бағдарламасы енгізілетін болады.  

        2017 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және 

ағылшын  тілдері  оқытылатын  көптілді  білім  беру  бағдарламасының  элементтері  кезең-кезеңімен 

енгізілетін болады.  

        2017  жылға  қарай  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  білігі  мен  дағдысының  дамуын 

қадағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленеді және енгізіледі.  

        Диагностика  оқу  жылының  басында,  ортасында  және  соңында  (бастапқы,  аралық  және 

қорытынды  бақылау)  жүргізіледі,  нәтижелері  «Бақылау  парағына»  толтырылатын  болады.  Алынған 

деректер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылады.  

        Оқу-әдістемелік  кешендер  (бұдан  әрі  –  ОӘК),  оның  ішінде  білім  беру  қажеттіліктері  ерекше 

балалар үшін кемістіктердің 8 түрі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және енгізу жұмыстары 

жалғастырылады.  

        2019  –  2020  оқу  жылынан  бастап  6  жастағы  балалардың  мектепалды  даярлығы  12  жылдық 

мектептің 1-сыныбына ауыстырылады.  

        2017  жылдан  бастап  бюджеттен  тыс  қаражат  есебінен  «Отбасы.kz»  порталы  арқылы  мектеп 

жасына дейінгі балаларды күту мен дамыту бойынша ата-аналарды қашықтан оқыту тетігі сынақтан 

өткізіледі және енгізіледі (жыл сайын әр өңірде мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-6 жастағы 

балалардың ата-анасы кемінде 2 мың).  

         4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың менеджментін және даму мониторингін жетілдіру  

         Мектепке  дейінгі  ұйымдар  қызметіне  бақылауды  күшейтуге  және  мектепке  дейінгі  білім  беру 

саласы  субъектілерінің  жауапкершілігін  арттыруға  бағытталған  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту 

саласында қызметті бастау және тоқтату туралы хабарлама тәртібі одан әрі жетілдіріледі.  

         Жыл  сайын  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  20  %-ы  ұсынылатын  білім  беру  қызметтерінің 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының  талаптарына 

сәйкестігін бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтеді.  

         Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес 

білім жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру жұмысы жалғастырылады.  

         Жыл  сайын  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  басшыларының  20  %-ы  оқудан  өтетін 

менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын 

болады.  Біліктілікті  арттыру  курстарының  білім  беру  бағдарламаларына  білім  берудің  жаңа 

парадигмасы  жағдайында  көшбасшылық  қасиеттерді  дамыту  бойынша  басқарудың  инновациялық 

нысандары енгізілетін болады.  

         Мектепке  дейінгі  ұйымдар  тәрбиеленушілерінің  бойында  тамақтану  мәдениетін  қалыптастыру, 

оның  ішінде  теңгерімді  пайдалы  тамақты  насихаттау  және  олардың  табиғи  және  жаңа  піскен 

өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.  

 

 

 




жүктеу 387,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау