«Айгөлек» мдұ-ның 2016-2019 жылдарға



жүктеу 387,65 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата18.12.2017
өлшемі387,65 Kb.
#5033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

Кіріспе Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер 

мен  инновацияларды  енгізу,  IT-технологиялардың  қарқынды  дамуы  және  адам  ресурстарының 

ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің 

жетекші  экономикалары  жоғары  деңгейдегі  адам  капиталы  есебінен  ғана  гүлденуге  қол  жеткізуде. 

Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді. Қазақстандық білім беру мен ғылым 

жүйесін  жаңғыртудың  қазіргі  заманғы  кезеңі  әрбір  адамның  сапалы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу 

және  шығармашылық  құзыреттерін  дамыту  мүмкіндіктерін  көздейді.  2011  жылы  қабылданған 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер үшін жаңа 

мүмкіндіктер ашты. Қазақстандық ғылымды экономика мен бизнестің мүддесі үшін дамыту «Ғылыми 

және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет  нәтижелерін  коммерцияландыру  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңында  көрсетілген.  2015  жылы  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілді.  Мектептегі  білімнің  жаңартылған  мазмұнына  кезең-

кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен 

жоғары  оқу  орындарының  мемлекеттік  аттестаттаудан  тәуелсіз  аккредиттеуге  өтуі  заңнамамен 

регламенттеледі. Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа «Мемлекеттік 

жастар  саясаты  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында көрсетілген.  Сол  арқылы  жаңа  білім 

беру  стратегиялары  мен  ғылыми  жетістіктерді  іске  асыру  үшін  негіз  жасалды.  Бағдарлама  әлемдік 

жетекші трендтерді ескере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде әзірленді. Бағдарлама 

педагогикалық  және  ғылыми  қауымдастықта  кеңінен  талқыланды.  Жұмыс  берушілердің,  бизнес-

қауымдастықтардың және халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескерілді.  

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  

         Баланың  дамуындағы  осы  кезеңнің  маңыздылығы  білім  беру  қызметіне  одан  әрі  табысты 

дайындықтың негізі ретінде жылдан-жылға артып келеді.  

        Әлемдегі  40  елдің  білім  беру  жүйесінде  мектепке  дейінгі  білім  беру  деңгейі  міндетті  болып 

табылады.  

        2014  жылы  БҰҰДБ  Адами  даму  индексінің  «Білім  беру»  субъективті  факторын  «Жалпы 

мектепке дейінгі біліммен қамту» коэффициентімен толықтырды. Бұл мектепке дейінгі білім берудің 

саяси маңыздылығын айғақтайды.  

        ЮНЕСКО  елдерге  мемлекеттік-жекешелік  әріптестікті  (бұдан  әрі  –  МЖӘ)  дамытуды  ұсынады, 

бұл  ретте  мемлекеттік  қаржыландыру  халық  аз  қоныстанған  және  шалғайдағы  елді  мекендерге 

жұмсалуы қажет.  

        Қазақстанда  соңғы  бес  жыл  ішінде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  дамуы  білім  беру 

жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды.  

        2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын табысты іске асыру мектепке дейінгі 

ұйымдардың өсуіне ықпал етті. 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдар 

желісі 965 бірлікке көбейді. 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8 834 мектепке дейінгі ұйым 

жұмыс істейді (2013 жылы – 7869, 2014 жылы – 8467).  

        Бұл  секторда  МЖӘ  белсенді  дами  бастады.  Тек  2013  –  2015  жылдары  мемлекеттік  білім  беру 

тапсырысы  655  жекеменшік  балабақшаға  орналастырылды  (2013  жылы  –  898,  2014  жылы  –  1261, 

2015 жылы – 1553).  

        3  жастан  бастап  6  жасқа  дейінгі  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен  қамту 

73,4 %-дан (2013 жылы) 81,6 %-ға (2015 жылы) өсті (2014 жылы – 78,6 %).       

        Мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісінің  дамуы  педагог  кадрлар  санының  өсуіне  ықпал  етті.  2013 

жылмен  салыстырғанда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мамандарының  саны  13,9  мың  адамға  көбейіп, 

80,8 мың адамды құрады. 

        Мектепке  дейінгі  білім  берудің  мазмұндық  аспектілерін  дамытуға  айтарлықтай  көңіл  бөлінді. 

Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  (бұдан  әрі  - 

МЖС)  жаңартылды.  Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  үлгілік 

бағдарламасы  және  мектепалды  даярлықтың  білім  беру  бағдарламасы  әзірленді.  Баланы 

шығармашылық және танымдық дамытуға бағытталған бағдарламаларды сынақтан өткізу еліміздегі 

77 балабақша мен 30 пилоттық мектептің базасында басталды. Осылайша, еліміздегі мектепке дейінгі 

білім  беруді  дамытуда  алға  қарай  елеулі  қадам  жасалды.  Сонымен  қатар,  ерекше  назар  аударуды 

және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін салалар мен міндеттер бар.  

Проблемалар:  

        1)  Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  қазіргі  желісі  және  оның 

инфрақұрылымдық  жаңару  қарқыны  бала  туудың  өсуіне  ілесе  алмай  келеді.  2015  жылы 

балабақшаларға кезек 545,4 мың баланы құрады, оның ішінде 3-6 жастағы балалар – 185,6 мың;  



 

        2)  Қазақстандағы  1  жастан  3  жасқа  дейінгі  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және 

оқытумен  қамту  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (бұдан  әрі  –  ЭЫДҰ)  елдерінің 

орташа көрсеткіштерінен төмен (республикада – 16 %, ЭЫДҰ – 32 %);  

        3)  мемлекет  мектепке  дейінгі  дамудың  барлық  кезеңдерінің  ішінде  0-ден  3  жасқа  дейінгі 

балаларға  аз  көңіл  бөліп  отыр.  Дәл  осы  тұста  балалардың  танымдық  және  зияткерлік  дамуының, 

әлеуметтік  және  коммуникативтік  дағдыларды  меңгеруінің  негізі  қаланады.  Балаларды  ерте  жастан 

дамыту  проблемаларын  кешенді  шешу  білім,  денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қорғау  салаларын 

үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ ата- аналар қауымдастығын кеңінен қатыстыруды 

қажет етеді;  

         4) білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ортасына қосу өзекті 

мәселе  болып  отыр.  Оларды  тәрбиелеу  және  оқыту  үшін  жағдай  жасаған  ұйымдардың  үлесі  бар 

болғаны  9,1%-ды  құрайды.  Дефектолог,  логопед  және  психолог  білікті  мамандарының  тапшылығы 

байқалуда;  

         5)  балаларды  қамтудың  сандық  көрсеткіші  жоғары  болғанымен,  мектепке  дейінгі  ұйымдар 

көрсететін  қызметтердің  сапасы  әлі  күнге  дейін  жеткіліксіз  деңгейде  болып  отыр.  Бұл  тәрбиеші 

кәсібінің әлеуметтік мәртебесінің айтарлықтай беделсіздігінің салдары;  

         6) тәрбиешінің ай сайынғы жалақысы (ол орташа алғанда 62,4 мың теңгені құрайды) еліміздегі 

орташа  еңбекақыдан  әлдеқайда  төмен.  ЭЫДҰ  елдерімен  салыстырғанда  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы  топтардың  толымдылығы  салыстыруға  келмейді.  Қазақстанда  орта  есеппен  бір 

педагогке 30-35 баладан, ЭЫДҰ елдерінде – 14 баладан келеді;  

         7) мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жетістігіне мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілі 

әзірленбеген.  

         Аталған  проблемалардың  өзектілігі  әлемдік  трендтерді  ескере  отырып,  сәби  жастағы  барлық 

балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде үдемелі іс-қимылдың қажеттілігін негіздейді.              

1. Күшті жақтары:  

          1) білім мен ғылымның, мемлекеттік жастар саясатының заңнамалық базасының жаңартылуы;  

         2) инфрақұрылымдық шешімдердің жеделдетілген қарқыны;  

         3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы;  

         4) НЗМ мен Назарбаев Университеті тәжірибесінің таратылуы;  

         5) білім сапасының халықаралық рейтингтердегі орнының жақсаруы;  

         6) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қайта құрылымдалуы;  

         7) ТжКБ жүйесінде дуальді оқыту элементтерінің енгізілуі;  

         8) ЖОО-лардың академиялық еркіндігінің кеңейтілуі;  

         9) инновациялық жобаларда ЖОО ғылымының көбеюі;  

        10) ОПҚ мен ғалымдардың жариялау белсенділігінің өсуі;  

        11)  Назарбаев  Университетінің  және  Инновациялық  технологиялар  паркінің  базасында 

зияткерлік кластерлердің дамытылуы.  

        2. Әлсіз жақтары:  

       1) педагог пен ғалым мәртебесінің төмендігі;  

       2) жоғары арнайы мектепке дейінгі білімі бар педагогтердің тапшылығы;  

       3) ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклі (бұдан әрі  -ЖМЦ) пәндерін оқытатын 

мұғалімдер үлесінің төмендігі;  

       4) үш ауысымды және авариялық мектептердің болуы;  

       5) оқушылардың қосымша білім берумен жеткіліксіз қамтылуы;  

       6) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі;  

       7) мектептерді ақпараттандыру деңгейінің төмендігі;  

       8) ҰБТ-ның жетілдірілмеуі;  

       9) мектептердің нәтижелерін теңестіру тетіктерінің жоқтығы;  

      10) мектептердегі кәсіби бағдарланған жұмыстың жеткіліксіздігі;  

      11) ТжКБ беделінің төмендігі;  

      12)  жұмыс  берушілердің  кәсіптік  даярлық  деңгейді  бағалауының  заңнамалық  нормаларының 

жоқтығы;  

      13) өндірісте жұмыс тәжірибесі бар инженер-педагог кадрлардың тапшылығы;  

      14) ТжКБ жүйесінің сапасын растау тетіктерінің жоқтығы;  

      15) инклюзивті білімнің жеткіліксіз дамуы;  

      16) педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;  

      17) коммерцияландыруға мамандандырылған кадрлардың тапшылығы;  

      18) ЖОО инновациялық құрылымдарының өңірлік сәйкессіздігі;  




жүктеу 387,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау