102
ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА,
ПСИХОЛОГИЯ, ДЕФЕКТОЛОГИЯ
ӘОЖ:72.103
ЖЕТІ МОДУЛЬ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аблаева А.И.
№47 орта мектеп, Тараз қ.
«Біз Қазақстанның ХХІ ғасырдағы ең білікті азаматтарын дайындап шығаруымыз
керек. Бұл жерде еркін ойлауға үйретеді, тек қана бір жолмен жүру, мұғалімнің
айтқанын істеу ғана емес, өзі ойлап, өзі тауып, ізденіп, ертеңгі күні лидер болуға
дайындалу керек».
Н.Назарбаев
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
ӛздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз ӛз бетінше ӛрлеуіне қажеттілік тудыру.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден ӛз мінез-
құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу
бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін
мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің
теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық
тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге кӛмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. Бүгінгі
таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр
мұғалім ӛз іс-тәжірибесінде кӛптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман
кӛшіне ілесу үшін ӛз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын.
Оқушылар ӛз пікірлерін, кӛзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп
ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге ӛз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс
жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол
жеткізгені болмақ.
«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық
негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық
түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына кӛз жеткіздім. Осы орайда 7 модульге
қатысты туындаған пікірлерімді білдіргім келеді.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
(АКТ)
пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқыту
және оқу.
7. Оқытудағы басқару және кӛшбасшылық.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін
енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабаққта қалай оқу керектігін меңгереді және
дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Ӛздері ой қорытады, нәтижеге жетуге
ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде
мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып
табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны ӛз бетімен білім