105
ӘОЖ + 001.895
Ж 88
ҚҦБЫҒҦЛ БОЗАЙҦЛЫ ЖАРЫҚБАЕВ: ТҦЛҒА, ҒАЛЫМ, ҦСТАЗ
Жумагалиев Р.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
«...Түсінгендіктің шын белгісі - «иә» деген жауап емес,
шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады».
Абу-ль –Фарадж ал-Исфахани
«Ұстаз
... жаратылысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, кӛрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын ...
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, ӛнер-білімге құштар, аса қанағатшыл
жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ...,
жұрттың бәріне...жақсылық пен ізгілік кӛрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек»,- деп жазды ұлы ғұламамық Әл- Фараби.
Қасиетті халқымыздың рухани мұрасының әр саласында жемісті еңбек етіп,
республика жоғары мектебін дамытуда ұмытпас із қалдырған, атсалысқан, педагогика
ғылымының іргетасын қалауда ерекше еңбек сіңірген дарынды тұлғаларымыз аз емес.
Олар:
М.Дулатов,
А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов,
С.Меңдешев,
С.Қожахметов, Ә,Сембаев, Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, С.Қалиев, т.б.
Солардың
қатарына
Әл-Фараби
атындағы
қазақ
Ұлттық
университетінің
профессоры
Қ.Б.Жарықбаевты жатқызуға болады. Кезінде Ж.Аймауытов: «Тәрбиелі адам, демек
иманды адам, ол білімін ӛз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды», - деген
екен [1, 452 б.].
Жүсіпбектің осы бір тәрбие туралы ғұламалық даналығы, аталық сӛзі кірмегенде
шығар, немесе елес берді ме оны сол кезден бастап тәрбие туралы талпыныс пен білім алу
туралы үлкен ұмтылыс, зор арман Алға қазақ орта мектебінде ұстаздық қызметін
бастағанда, оны болашаққа жетелей берді.
Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев 1929 жылы Ақтӛбе облысының Алға ауданында
дүниеге келген. Ақтӛбе оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бӛлімін (1946
ж.), Қазақ университетінің логика және психология бӛлімін бітірген (1951 ж.), Педагогика
(1982 ж.) және психология (2003 ж.) ғылымдарының докторы, профессор (1984 ж.),
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998 ж.).
Ғылыми еңбектері: «Краткий библиографический указатель по психологии» (1917-
1967 ), «Развитие психологической мысли в Казахстане» (1968), «Тұрмыс және
денсаулық» (1970), «Қазақ психологиясының тарихы» (1996), «Этнопсихология» (1998),
«Ж.Аймауытұлының психологиялық кӛзқарастары» (2000), «Әдеп және жантану» (1996),
«Этнопсихология ұлт тәрбиесінің ӛзегі» (2005), «Жантану оқулығы» (2008), 1000-нан
асағылыми мақалалардың авторы.
Профессор Қ.Б. Жарықбаев жұмыс істейтін Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі
күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір
орталығы болып
табылады.
Алғаш рет қазақ тілінде «Мектеп» баспасынан Қ.Жарықбаевтың «Психология»
оқулығы 1972, 1982,1993, 2002, 2004, 2005 жж. жарық кӛрді. Бұл оқулық күні бүгінге
дейін жоғары жіне арнаулы орта оқу орындарының қазақ аудиториялары студенттерінің
қолдан-қолға түспейтін кітабына айналды. Ең басты ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты
қазақ психологиясы тарихының қалыптасуы мен дамуын негізгі 3 кезеңге бӛле отырып, әр
кезеңнің ӛзіндік ерекшелігіне, қазақ топырағында дүниеге келген ортағасырлық
ғұламалардан Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұниден бастап, 21 ғасырдың бас кезіне дейінге