106
Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің дамуына сипаттама беріп, ғылыми деректермен ӛз
тұжырымдамасын дәлелдейді.
Ғалым Ӛтебойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри
еңбектеріне тоқталып, жан құбылыстарына талдау жасайды. Жыраулар поэзиясының
ӛкілдері Асан Қайғы, Бұхар жырау, Ақтамберді, Шал, Дулат, Махамбет, т.б.
шығармаларындағы жан құбылыстарына талдау жасайды.
19 ғасырдың екінші жартысымен 20 ғасырдың бас кезіндегі Шоқан, Абай, Ыбырай
еңбектерімен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатовб т.б. психологиялық кӛзқарасына терең талдау жасады.
Сонымен бірге
«Махамбет Ӛтемісұлы жастар тәрбиесі хақында», «Әл- Фараби», «Аталар сӛзі-ақылдың
кӛзі», «Ұстаздық еткен жалықпас», т.б. еңбектері жарық кӛрді. Осы аталған еңбектерінде
автор қазақтың тәлім-тәрбиелік нұсқасын психологиялық ғылыми негізге айналдырып
жастар және ұрпақ тәрбиесінің психологиялық негізін салды.
Қазақстанда 30-жылдары еңбек еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі А.П.Нечаевтың
республикада психология ғылымын дамытуға сіңірген ерекше еңбегіне жоғары баға берді.
30-жылдары психологияға қатысты зерттеулерді жүргізген қазақ ғалымдары Ш.Әлжанов,
М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Сытдықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қожахметов,
Е.Суфиев, М.Мұқановтардың еңбектеріне талдау жасайды.
2004 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты тақырыпта
диссертация қорғап, психология ғылымының докторы дәрежесін алды.
Ғалым-жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақмы мінез-құлық
қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді
теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.
Сол кездегі Білім Министрлігі басшыларының – (Ш.Шаяхметов, Е.Мәмбетқазиев,
М.Жұрынов) мақұлдауымен және министрлік алқасының арнайы шешімімен бекітілген
1992- 1997 жж. жалпы орта білім беретін мектептердің бағдарламалары жасалып, оқу
құралдары әзірлене бастады. Олардың ішінде: 1-4 сынып үшін «Әдеп әліппесі» - авторы,
профессор Ә.Табылдиев. 5-7 сыныптар үшін «Әдеп негіздері»- авторлары профессор
Қ.Жарықбаев, доцент Ә.Алдамұратов, профессор С.Ғабитов. 8 сынып үшін «Әдеп
негіздері»- авторы профессор Ж.Молдабеков. 9 сынып үшін «Әдеп негіздері»- авторы,
профессор С.Қалиев. 10-11 сыныптар үшін «Әдептану және жантану»- авторлары
профессорлар Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиев.
Бұл оқулықтарды мектептерде оқытуға арналған әдістемелік конференциялар
бірнеше рет ӛткізіліп, бұл пәндердің бала санасына қазақтың ұлттық рухын сіңіруде зор
маңызы бар екені ғылыми –педагогикалық тұрғыдан жеткілікті негізделді. Мәселен, 1
сыныпта халық педагогикасынан «Сӛз басы- сәлем», «Аялаған ана», «Әлпештеген әке»,
«Әдеппен сӛйлеп әдеттен» дегенедей тақырыптар болса: 2 сыныпта- туған жерді
қастерлеу, ата –ананы сыйлау, текті білу, бата туралы мағлұмат берілді; 3 сыныпта-
табиғатты айлау, обал, сауап, ысырап,
ырым мен сенім, ағайын- жекжатты сыйлау дәстүрі,
рәсімдер; 4 сыныпта- жыл қайыру, әдет-ғұрып; 5 сыныпта- туыстық қатынастар, кісілік
қасиеттер; 6 сыныпта- тыйым сӛздер, салауаттылық, жан тазалығы мен тән тазалығы; 7
сыныпта- ұлттық намыс,
парыз бен қарыз; 8
сыныпта- иман және инабат, Отан, бақыт, т.б.
осы секілді тақырыптар. 10-11 сынып оқушылары үшін «Жантануға кіріспе» (авторлары
Қ.Жарықбаев пен О.Озғанбаев) жазылды.
Кӛрнекті ғалымның бүкіл саналы ғұмыры қазақтың ұлттық психология ғылымын
дамытуға, насихаттауға және жастардың санасына сіңіруге, оқу орындарында пән ретінде
оқытуға күш- жігер жұмсауға арналып келеді. 30-дан аса психологиялық және педагогика
ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын даярлаған. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың
республика жоғары ору орындарының психология кафедралары үшін ғылыми кадрларды
даярлаудағы еңбегі-ӛз алдына бір тӛбе.