297
ғылыми-зерттеу мен жобалық-құрылымдық ұйымдардың есептері,
өнеркәсіптің жеке салаларының дамуының ғылыми-техникалық
болжамдары, отандық және шетелдік патенттердің сипаттары,
патенттік зерттеу жүргізу туралы есептер, мемлекеттік, салалық,
халықаралық, шетелдік стандарттар,
отандық және шетелдік
мерзімдік ғылыми-техникалық басылымдар болып табылады.
Негізгі үлгі дайындау мен пайдалану немесе тұтыну
шарттары, тағайындалуы бойынша ұқсас өнімдер тобынан
таңдалады.
Ұқсас топқа сыртқы нарықта сатылатын және тұрақты
сұранысқа ие өнімнің жалпы көлемінің айтарлықтай бөлігін
құрайтын, отандық және шетелдік өнімдермен жобаланған немесе
өнеркәсіптік игерілген ең жақсы үлгілер кіреді.
Бір түрдің (бір класс және тағайындаудағы) өнім үшін оның
сапасын
бағалаудың
келесі
әдістері
пайдаланылады:
дифференциалдық, кешенді және аралас.
Дифференциалдық
әдістің
мәні
сәйкес
негізгі
көрсеткіштермен
өнімнің
бағаланатын
түрінің
сапасының
көрсеткіштерін салыстыруда жатыр, яғни бағаланатын өнімнің сапа
көрсеткіші негізгі үлгінің сапа көрсеткішімен салыстырылады.
Өнімнің сапасын бағалаудың дифференциалдық әдісін пайдаланған
кезде келесі жағдайлар болуы мүмкін:
1)
барлық салыстырмалы көрсеткіштер бірліктен артық;
2)
барлық салыстырмалы көрсеткіштер бірліктен кем;
3)
барлық салыстырмалы көрсеткіштер
бірлікке тең;
4)
салыстырмалы көрсеткіштердің бөліктері бірліктен артық,
ал бір бөлігі бірлікке тең;
5)
салыстырмалы көрсеткіштердің бөлігі бірліктен кем, ал бір
бөлігі бірлікке тең;
6)
салыстырмалы көрсеткіштердің бөлігі бірліктен көп немесе
бірлікке тең, ал бір бөлігі бірліктен кем.
Бірінші, үшінші және төртінші жағдайларда бағаланатын өнім
сапасы негізгіден төмен емес, ал екінші және бесінші жағдайларда
сапа негізгіден төмен екен деген қорытынды жасауға болады.
Алтыншы жағдайда барлық көрсеткіштерді маңыздылығы бойынша
екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа өнімнің неғұрлым маңызды
қасиеттерін, ал екінші топқа екінші дәрежедегі көрсеткіштер кіреді.
Егер бірінші топта барлық салыстырмалы көрсеткіштер бірден
үлкен немесе тең, ал екіншіде олардың
басым бөлігі бірліктен кем
болса, онда бағаланатын өнімнің сапасы негізгіден төмен деуге
болады. Керісінше жағдайда, сапаны бағалауды басқа әдіспен,
298
мысалы, кешенді әдіспен жүргізу қажет.
Кешенді
әдіс
сапаның
жалпыланған
көрсеткіштерін
пайдалануды қарастырады және де нәтижені бір мағына түрінде
көру жөн болған жағдайда қолданылады. Мұндай жағдайда бағалау
негізгі үлгінің сапасының жалпыланған көрсеткішіне бағаланатын
өнімнің сапасының жалпыланған көрсеткіші қатынасы бойынша
жүргізіледі.
Дифференциалдық әдіс көмегімен сапа көрсеткішінің кең
номенклатурасына ие күрделі өнімді бағалау кезінде іс жүзінде
нақты қорытынды жасау мүмкін емес, ал тек бір ғана кешенді әдісті
пайдалану бағаланатын өнімнің барлық маңызды қасиеттеріне әділ
қорытынды жасау мүмкін емес. Мұндай жағдайда бағалау үшін
сапаның дара және кешенді
көрсеткіштерін пайдаланады, яғни
бағалауды мәні келесіден тұратын аралас әдісті пайдаланып
жүргізеді. Сапаның дара көрсеткіштері топтарға біріктіреді,
әрқайсысы топтық кешенді сапа көрсеткішін анықтайды.
Айтарлықтай маңызды дара көрсеткіштерді топқа кіргізбей, жеке
қараса да болады. Топтарға көрсеткіштерді біріктіру бағалау
мақсатынан тәуелсіз жүргізіледі. Мысалы, тағайындалуы, беріктігі,
технологиялылығы, стандарттауы, біріздендіруі бойынша өнім
сапасын аттестаттау кезінде көрсеткіштер сипатталатын қасиеттері
бойынша топталады. Топтық кешенді
және жеке бөлінген аса
маңызды табылған мәндердің дара көрсеткіштерін сәйкес негізгі
көрсеткіштердің мәндерімен салыстырады, яғни дифференциалдық
әдіс қағидасын қолданады.
Өнімнің сапасын бағалаудың неғұрлым әділ мысалы, аспаптық
немесе есептік әдістерін пайдалану мүмкін емес немесе қиын болса,
жалпыланған тәжірибені және мамандардың түйсігін пайдалануға
негізделген эксперттік әдістерді пайдаланады. Бұл әдістер келесілер
үшін қызмет етеді:
бағаланатын өнімнің жіктелуін жасау;
бағаланатын
өнімнің
сапасының
көрсеткіштерінің
номенклатурасын анықтау;
өнім сапасының көрсеткіштерінің ауырлық коффициентін
анықтау;
органолептикалық әдіспен өнімнің сапасының көрсеткіштерін
бағалау;
негізгі үлгілерді таңдау және сапаның негізгі көрсеткіштерінің
мәнін анықтау;
дара және кешенді көрсеткіштер,
яғни өнім сапасын
аттестаттау
негізінде
сапаның
жалпыланған
топтық
299
көрсеткіштерін анықтау.
Өнім сапасын бағалау үшін эксперттік және жұмыс тобынан
тұратын сараптық
комиссия
құрылады. Сараптық
топқа
бағаланатын өнімді құру мен сату бойынша жоғары білікті
мамандар кіреді: зерттеушілер, технологтар, конструкторлар,
дизайнерлер, тауартанушылар және т.б. Бағалаудың әділетсіздігін
болдырмау үшін топтың құрамына өнімді жасауға (жобалауға,
дайындауға) қатысы бар мамандар кірмеу керек. Сарапшылар саны
орташа
бағалардың қажетті дәлдігіне, бағалау үрдістерінің мүмкін
сыйымдылығына,
топты
басқару
мүмкіндігіне және
топ
қалыптасатын ұйым мүмкіндігіне тәуелді, бірақ олар жетіден кем
болмауы тиіс. Сырттай сұрастыру кезінде сарапшылар саны
шектелмейді.
Қажеттілігіне қарай комиссия құрамына жеке мәселелерді
қарастыруға ғана қатысатын қосымша мамандар кіреді. Ережеге
сай, сараптама жұмыстарын жүргізу үрдісіне кіретіндер:
сараптамалық бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен
жүргізуге жауапты тұлғаларды тағайындау;
жұмыс және сараптамалық топты құру;
сарапшылардан сұрастыру үшін сауалнама және түсіндірме хат
дайындау;
сарапшылардан сұрақ-жауап алу;
сараптамалық бағаларды өңдеу;
бағалау нәтижелерін талдау.
Сараптау тобы сарапшылар немесе дауыс берудің орташа
бағасының
негізінде
шешім
қабылдайды.
Пайымдардың
субъективтілігін болдырмау үшін сұрақ-жауаптың бірнеше турын
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: