295
Өнім сапасының көрсеткіштерінің мәнін бағалау әдістері
тәсілдері мен ақпаратты алу көздеріне тәуелді бөлінеді. Ақпаратты
алу тәсіліне тәуелді өлшеу, тіркеу, органолептикалық және есептік
әдістер ажыратылады.
Өлшеу әдісі
техникалық өлшеу құралдарын пайдалануға
негізделеді. Қажеттілігіне қарай тікелей өлшеу нәтижелері қалыпты
немесе стандартты шарттардың сәйкес қайта есептеулерінің
жолымен
келтіріледі, мысалы, қалыпты температура, қалыпты
атмосфералық қысым және т.с.с. Өлшеу әдісінің көмегімен
бұйымның салмағы, тоқ күші, қозғалтқыштың айналымдарының
саны, автомобиль жылдамдығы және т.б. анықталады.
Тіркеу әдісі
нақты оқиғалар, заттар немесе шығындар санын
есептеуге негізделеді, мысалы, сынау
кезінде бұйымның істен
шығуы, күрделі бұйымның бөлшектерінің саны (стандартты
біркелкіленген, түпнұсқалық, авторлық куәлік немесе патентпен
қорғалған).
Осы
әдіспен
біркелкілік,
патенттік-құқықтық
көрсеткіштер және т.б. анықталады.
Органолептикалық әдіс
сезу мүшелерінің: көру, есту, иіс
сезімі, түйсіну және дәм қабылауын талдауға негізделеді. Осылайша
адамның сезу мүшелері сәйкес түйсіктерді қабылдаушы ретінде
қызмет етеді, ал көрсеткіштер бар тәжірибе негізінде осы
түйсіктерді талдау жолымен анықталады және де балмен
өрнектеледі. Осы көрсеткіштердің дәлдігі және нақтылығы оларды
анықтайтын
тұлғалардың қабілетіне, біліктілігіне және дағдысына
тәуелді, бірақ әдіс кейбір техникалық құралдарды пайдалану
мүмкіндігін жоққа шығармайды. Органолептикалық әдістің
көмегімен
тамақ
өнімдерінің
сапаларының
көрсеткіштері,
эстетикалық көрсеткіштер, кейбір эргономикалық көрсеткіштер
анықталады.
Есептік әдіс
теориялық және
эмпирикалық тәуелділіктерді
пайдалануға негізделеді. Бұл әдісті ең бастысы өнімді жобалау
кезінде, соңғысы әлі де тәжірибелік зерттеу объектісі бола алмаған
жағдайда қолданады. Есептік әдіс өнімділік, кідірмеушілік, ұзақ
мерзімділік,
сақтау,
бұйымның
жөндеуге
жарамдылығы
көрсеткіштерін анықтау үшін қызмет етеді.
Ақпараттардың
көзіне
тәуелді
өнім
сапасының
көрсеткіштерінің мәнін анықтау әдістері дәстүрлі және әлеуметтік
болып бөлінеді. Дәстүрлі әдіспен өнім сапасының көрсеткіштерінің
мәнін анықтауды кәсіпорындардың, мекемелер немесе ұйымдардың
мамандандырылған, эксперименттік және есептік бөлімшелерінің
лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
296
Эксперименттік
бөлімшелерге зертханалар, полигондар,
сынақ станциялары, стендтер, ал есептікке – құрылымдық бөлімдер,
есептегіш орталықтар, сенім қызметтері және т.б. жатады. Мысалы,
зертханаларда металдардың механикалық беріктігі, күкірттің
құрамы, тұтқырлығы, көмірдегі күл, заттектердің қышқылдығы
және т.б. анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: