Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет125/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

9.5. Өнім сапасын бақылау 
 
Өнім сапасы
– тағайындауына сәйкес нақты қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын оның жарамдылығына себепші болатын өнім 
қасиеттерінің жинағы. Өнім немесе қызмет сапасы кез келген ұйым 
немесе кәсіпорынның табысты қызметінің маңызды факторларының 
бірі болып табылады.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде өнім сапасына тұтынушылардың 
қоятын талаптары біршама қатаңдатылды. 
Кәсіпорын тұтынушы қажеттіліктерін немесе талаптарын 
қанағаттандыру есебінен өнімді немесе қызметті шығарады. Бұл 
талаптар әдетте техникалық шарттар немесе стандарттарға кіреді. 
Жасалған өнім тұтынушы талаптарына жауап беретін болса, егер 
кәсіпорында сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі әрекет етсе, 
артады. Қазіргі таңда сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне 
қойылатын талаптар, өнім немесе қызметке қойылатын қосымша 
талаптар, сонымен қатар, жеткізуші кәсіпорнындағы олардың 
әрекетін тексеру келісім-шартқа енгізілген практикада кездеседі. 
1987 жылы Стандарттау бойынша халықаралық ұйымда (ИСО) 
өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін (ӨСБКЖ) енгізу 
бойынша түрлі елдерде жинақталған шоғырландырушы тәжірибе 
ИСО стандарттар сериясы бекітілген болатын. Осы стандарттардың 
үдемелі сипатын және олардың өнімді халықаралық нарыққа 
шығару және тікелей шаруашылық байланыстарды түзу кезіндегі 
реттеуші рөлін ескере отырып, келесі түрде тікелей пайдалану үшін 
Ресейде олар қабылданған болатын: 


293 
МЕМСТ 40.9001 — 88 «Сапа жүйесі. Жобалау және (немесе) 
жасау, өндіріс, жөндеу мен қызмет көрсету кезінде сапаны 
қамтамасыз етуге арналған модель». 
МЕМСТ 40.9002—88 «Сапа жүйесі. Өндіріс және жөндеу 
кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған модель». 
МЕМСТ 40.9003 — 88 «Сапа жүйесі. Соңғы бақылау және 
сынау кезіндегі сапаны қамтамасыз етуге арналған модель». 
Сапа жүйесі алға қойған мақсаттарға жету үшін нақты бір 
саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде кәсіпорындарда 
құрылады және енгізіледі, яғни алғашқы боп сапа саласындағы 
саясатты кәсіпорын басшылығының қалыптастыруы және құжат 
түрінде рәсімдеуі болып табылады. 
Сапа жүйесі кәсіпорынның нақты қызметін есепке алып 
жасалынады және өнімнің тіршілік кезеңі барлық кезеңдерін 
байланыстыруы керек. Біздің елде қолданылатын ӨСБКЖ 
әдістемесінде өнімнің тіршілік кезеңі төрт кезеңі салынған: зерттеу 
мен жасау; дайындау; ұстау және сату; пайдалану және тұтыну. 
ИСО 9004 сәйкес өнімнің тіршілік кезеңі (сапа ілмегі) неғұрлым 
ұсақ кезеңдерге бөлінеді:
1)
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу; 
2)
техникалық талаптарды жобалау және (немесе) шығару, 
өнімдерді шығару; 
3)
материалдық-техникалық жабдықтама; 
4)
өндірістік үдерістерді дайындау және шығару; 
5)
өндіріс; 
6)
бақылау, сынақ және зерттеу жүргізу; 
7)
қаптау және сақтау; 
8)
өнімді сату және тарату; 
9)
монтаждау және пайдалану; 
10)
техникалық көмек және қызмет көрсету; 
11)
пайдаланғаннан кейін кәдеге жарату; 
Сапа жүйесінде өнімнің тірлішілік кезеңінің сатыларына әсер 
ету сипаты үш бағытқа ие болуы мүмкін: сапаны қамтамасыз ету, 
сапаны басқару, сапаны жақсарту. 
Өнім сапасын қамтамасыз ету ол сапа бойынша нақты 
талаптарды қанағаттандыратын кезде өнімнің тіршілік кезеңінің 
әрбір сатысын орындау үшін осындай жағдайларды жасаушы 
жоспарланатын және жүйелі өткізілетін іс-шараларды жиынтығын 
береді. 
Сапаны басқару жедел сипатқа ие және оған барлық үдерістерді 
басқару, өндірісте немесе тіршілік кезеңінің сатыларында өнімнің 


294 
алуан түрлі сәйкессіздігін анықтау, сонымен қатар, осы 
сәйкессіздіктерді және оларды тудырушы себептерді жою кіреді. 
Сапаны жақсарту – бұл өнімнің техникалық деңгейін, оны 
дайындау сапасын арттыруға, өндіріс элементтері мен сапа жүйесін 
жетілдіруге бағытталған тұрақты қызмет. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау