V БӨЛІМ.
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
Бі рақ бұл кезеңде Ресейдегі әде-
биет тану ғылымының алға озып
кете қойғаны шамалы еді. Әдеби-
теория лық ой-пікір поэзия сала-
сында бір шама өркендегенімен,
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікірде фи-
ло ло гиялық мектеп пен тарихи-мә-
дени мек теп енді ғана аяғынан қаз
тұра бас таған болатын. Оның өкілдері
орыс әдебиеті тарихын зерттеу мәсе-
лесін көтеріп, әдеби мұраны игеру
мәселелерін енді қолға ала бастаған
еді.
Біздің ойымызша, қазақ фолькло-
рын зерттеген орыс фольклористері
осы мектептің әдеби мұраны жи-
нау, жариялау, кітап етіп бастырып
шығару, жазып алған нұсқаның ва-
рианттарын салыстыру және өңдеу,
басқа тілге аудару, түсініктеме жазу
секілді әдістерінің шеңберінде ғана
жұмыс жасады. Олардың ықпалы
әде би мұраны игеру саласында жұ-
мыс жүргізген қазақ зиялыларына
тиіп, филологиялық мектептің ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де көрініс табуына себеп болды.
Әлемдік әдебиеттану ғылымында ғы
филологиялық мектептің өкілдері
секілді қазақтың алғашқы фолькло-
ристері де әдебиеттің қоғамдық құ-
былыс ретінде даму заңдылығы
мә селесін назардан тыс қалдырды.
Бұлар нақты көрініс табуға ұм-
тылған ұлттық әдеби-теориялық,
ғы лыми-зерттеушілік
ой-пікірге
зерт теу жұмысын жүргізуге өте мол
ма териал дайындап берді. Фило-
ло гиялық мектептің қазақ топыра-
ғынан шыққан өкілдерінің ұлттық
әдебиеттану ғылымының туу, қа-
лыптасу жолындағы сіңірген ең-
бегінің маңыздылығы да осында.
Филологиялық мектептің өкілдері
өздерінің бар ынтасын мәтіндерді
зерттеп, талдау тәсілдеріне аударды.
Текстологиялық зерттеу толығымен
әлеуметтік анализ тәсілдерін ығыс-
тырды.
Әдеби мұраны жинап-жария лау-
дағы алғашқы ізденістер мен табыс-
тар қазақ зиялыларының әуелі тү-
сіндірмелік-таныстырмалық сипат та
пікір айтуын туғызды да, кейін ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірге ұлас ты.
Сондықтан ХІХ ғасыр со ңына қа рай
көрінген қазақ фолькло ристе рі нің
халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жи-
нап-жариялаумен шұғылдануы мен қа-
тар, оны ғылыми тұрғыда зерттеу
жолында еңбек еткен зерттеушілерді
жатқызамыз. Бұлар филологиялық
мектептің зерттеу әдіс-тәсілдерінен
қарағанда
Достарыңызбен бөлісу: |