Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет81/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

фонематикалық принцип
болып саналады. 
Графемалар ортологиясы. 
Дыбыстық жазудың типологиясында 
ұлттық тілдің дыбыстық ерекшеліктерін беруге сәйкес графикада 
детерминатив белгілерді (
апостроф, диграф, триграф, умляут, акут
т.б.) 
қолданатын нұсқалары бар. Флективті тілдерде, негізінен, диграфтық, 
триграфтық, апострофтық тәрізді графикалық белгілерді қолдану олардың 
типологиялық табиғатына жақын, әрі қолайлы, өйткені сөзжасамдық, 
сөзтүрленімдік, сөзжалғамдық мағыналық бірліктер түбір сөздің ішкі 
құрылымында жүзеге асады. Ал қазақ тілінде, сондай-ақ өзге де түркі 
тілдерінде, бұндай мағыналық бірліктер 
түбір+туынды түбір+сөз 
түрленім+сөзжалғам
болып, жалғамалы жолмен жүзеге асатындықтан, 
апостроф, диграфқа қарағанда 
акут
белгісіне негізделген әліпбидің тиімді 
екені байқалады.
Байырғы қазақ тілінде, өзге де түркі тілдеріндегідей, сегіз жұп дауысты 
дыбыс болды: 
а – ä, о – ӧ; ұ – ү, ы – і.
Бұл ерекшелікті зерттеушілердің «куб» 
моделінен байқауға болады. Қазақ тілінде бірінші реттегі ä – нің қысаңдауы 
(ä ˃ е) бұл жұптық қатынастың өзгеріп, тоғыз дауыстыдан құралған а-ә; е; 
о – ӧ; ұ – ү; ы – і жүйесінің қалыптасуына себеп болды. Сөйтіп, халық тілінің 
вокализм жүйесінде жартылай ашық [
й
е
] дауыстысы пайда болды. Ал ä – нің 
бастапқы орнын халық тілінің дыбыстық қорындағы пайда болған жіңішке 
ашық дауысты басты. Мысалы, 
аға+еке ˃ әке; ажа+еке ˃ әже; апа+еке ˃ 


әпке 
т.б. Осы қатар араб мәдениетінің ықпалы әсерінен 
хәріп – әріп, хауа – 
әуе, әдет, әдебиет, әдеп 
т.б. мәдени-әлеуметтік атаулардың енуіне 
байланысты толыға түсіп, екінші реттегі [ә]- нің вокализм жүйесіндегі орнын 
бекемдей түсті. Бұны айтып отырған себебіміз – араб тілінен енген едәуір 
сөздің дыбыстық ерекшеліктері халық тілінің дыбыстық қорындағы жуан 
дауыссыздардың, мысалы, [
қ
]-ның көмейге таяу айтылатын фонетикалық 
матрицада бар, бірақ фонологиялық қызметі жоқ жаңа бір вариацияларының 
пайда болуына әсер етті. Тілдің дыбыстық қорындағы бірліктердің әлеуеттік 
мүмкіндіктерін кеңейтті. Оларды орфографияда жүйелі, бірізді пайдалануға, 
жол ашу тиімді болмақ. Мысалы, 
хазірет, хикмет, хакім, Хүт (жұлдыз), 
хұсни, хұснихат 
т.б.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау