Графика. Орфография. Орфоэпия


сүйенетіміз:  Тағылым, Дәлел, Уәж



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет77/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

 
сүйенетіміз: 
Тағылым, Дәлел, Уәж.
Осыларға сүйеніп, бір 
тоқтамға келдік. Тағылымға, дәлелге, уәжге тоқталмасақ, жазу реформасы 
бітіспес
 
айтыс алаңына айналар еді.
Әуелі 
сөзді 
тағылымнан

өмір 
тәжірибесінен 
бастайық. 
А.Байтұрсынұлы кезіндегі төте жазуда 
қиын, тиын, ит, киім 
деп те, 
қыйын, 
тыйын, ійт, кійім
деп те жазған.
30-ыншы жылдардағы латында да солай: 
тұу
деп те, 
ту
деп те 
жазылды. Кирилше жазуда, 1957 жылғы ережеге дейін 
тұу
деп те, 
ту
деп те 
жазылған болатын. Осы қиындықтан тағылым алуымызға болады.
1957 жылғы Ережеден кейін бұндай ала-құла, әрі-сәрі жазу бірізге 
түсті. Егер ережеде кемшілік болса, осы күнге дейін ала-құлалықтан арыла 
алмай жүрген болар едік. Қай газетті алып қарасақ та, 
у, и
әріптерінің 
жазылуынан кеткен қатені көрген жоқпыз. Егер өмір сынынан өткен 
тәжірибеден тағылым алмасақ, күні ертең-ақ баяғы ала-құлалық қайталанбай 
қоймас. Тағылымға тоқтамасақ, тағы да тайғақ кешуде жүреміз. 
Тағылым
дейтініміз осы.
Дәлел.
Дәлел мынау: 
у 
да, 
и
де А.Байтұрсынұлы айтқандай, жарты 
дауысты. 
[тұу]
дегенде 
у 
жарты дауысты, 
ұ 
қысқа дауысты, екеуі де еріндік. 
Осы қасиеттері жағынан бірегейленіп, бір бүтінге айналған дыбыстық бірлік. 


Оппоненттерімізге айтатын дәлеліміз осы. 
Тұу
деп жазсаңыз да, 
ту 
деп 
жазсаңыз да айтылымында айырма жоқ.
Уәж.
Уәж мынау: Әңгіме тек 
бу, су, ту
сияқты, бір буынды сөздер ғана 
емес. Әдетте орфографиямен шұғылданушылар бірер сөзбен ғана шектелмей, 
фактологиялық материалдарды кеңінен жинап, соған сүйенеді. Оны 
саралайды, әр нұсқасын жазып, салыстырады. Сіз де салыстырыңыз, 
оқырмандарымыз да салыстырып көрсін: 
игеру
(5 әріп) – 
ійгерүу
(7 әріп) , 
игерісу
(7 әріп) – 
ійгерісүу 
(9 әріп); 
қуу
(3 әріп) – 
құуұу
(5 әріп); 
ауру
(4 әріп) 
– 
ауырұу
(6 әріп); 
суыну
(5 әріп) – 
сұуынұу
(7 әріп). 
Ал халықаралық терминдер мен прецедентті атауларды да қосар 
-ый/-ій, 
-ұу/-үу
түрінде де жазып көрдік:
 криминологиа
(12 әріп) – 
кріймійнологійа
(15 
әріп),
университеті 
(12 әріп)
- үунійверсійтеті 
(15 әріп),
Иури Гагарин 
(
11 
әріп)
– Ыйұурій Гагарійн 
(15 әріп) т.б. халықаралық терминдер мен 
прецеденті атауларға келгенде, оппоненттер тарапынан «біз тек төл 
сөздерімізді ғана -
ый/ -ій, -ұу/үу
деп жазамыз» дегендей де уәж айтылды. 
Бұндай уәжге де тоқталу қиын болды, өйткені мыңдаған жазарманымыз 
иман/ыйман, уәкіл/үуәкіл, Уәзипа/Үуәзійпа, уәжіп/үуәжіп, Уәлихан/Үуәлійхан, 
Иса/Ыйса, Исатай/Ыйсатай, Иран/Ыйран
т.б. сөздер мен атауларды жазарда 
төл ме, төл емес пе деп «сұрыптап» отырмақ па? Дара не қосармен жазу 
санаулы сөздердің ғана орфографиялануы емес, күллі Емлеміздің үштен 
екісін құрайтын аса ауқымды жүйе. Оны өзгерту – өзгеріс емес, төңкеріс 
болар еді. 
Қоғамымызда 7 жас пен 70 жастан асқанға дейінгі мүшелерін қамтитын 
әлеуметтік аса ауқымды және кезек күттірмейтін іс-шаралар. Реформа 
дегеніміз, жалпы айтқанда, түп негізін сақтай отырып өзгерту. Жазу-сызуда 
да солай. Жазу-сызу – біздің түп негізі бар рухани дүниеміз. Ал түп негізінен 
айырылса, ол өзгеріс емес, төңкеріс болар еді. Қоғам бізден төңкерісті емес 
өзгерісті күтеді.
-
Қорыта келгенде, жаңа қазақ орфографиясының негізгі ережелерінің 
ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы көзделді;
-
тәжірибеде сыннан өтіп, дәстүрге айналған базалық нормалары 
сақталынды; 
-
техникалық жақтан қазақ орфографиясының қолдануға оңтайлы, 
мобильді, жинақы болуы ескерілді; 
-
халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек қамтыла түсу талабы 
болды; 
-
жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталып, 
космополиттік әсірелікке ұшырамауы көзделді. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау