3.2 Қазақ орфографиясы негізгі ережелерінің ғылыми негіздемесі
(концепциясы)
Қазақ
орфографиясы
ережелерінің
концепциясы
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиінің
кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатындағы
Жарлығына сәйкес орындалып отыр.
Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясы - (бұдан әрі қарай –
Емле концепциясы) қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазу ережелерінің ғылыми
негіздерін айқындайтын лингвистикалық нормативті құжат. Емле
концепциясында
ұсынылған
қағидаларға
сәйкес
емле
ережелері
құрастырылады. Емле ережерінің негізінде орфографиялық сөздік
құрастырылады. Яғни емле концепциясында тұжырымдалған қағидалар қазақ
жазуының емле ережелерін, орфографиялық сөздік, орфографиялық
анықтағыш, басқа да ортологиялық құралдар жасауда негізге алынады.
Емле концепциясының
мақсаты:
Латыннегізді жаңа әліпби бойынша
қазақ тілінің орфографиялық нормаларын ұсынатын және тұрақтандыратын,
жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын
ортологиялық еңбектердің ғылыми негіздері мен басты қағидаттарын
айқындап беру. Базалық нормалардың қатарын анықтау.
Емле концепциясының
міндеттері:
-
латыннегізді әліпби бойынша кейбір әріптердің жазылу нормасын
кодификациялау;
-
базалық норма бойынша сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке
жазу;
-
соған сәйкес қосышалардың жуан немесе жіңішке жазылуы;
-
сөздердің еріндік емес үндестікпен жазылуы;
-
қосар дыбыстардың (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен)
таңбалануы және т.б.;
-
қазақтың төл әдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану
ерекшеліктерін ұсыну;
-
латыннегізді әліпбиде жоқ ц, щ, ё, я, ю әріптерінің жазылу ережелерін
негіздеу;
-
бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың емле
ережелерін біріздендіру жолдарын көрсету;
-
кірме (шетел сөздері, халықаралық терминдер) сөздерінің дұрыс
жазылу ережелерін ұсыну;
-
күрделі сөздердің (біріккен, кіріккен, тіркесті сөздер, қос сөздер)
орфографиясын кодификациялаудың тетіктерін көрсету;
-
бас әріппен жазылатын сөздердің орфографиясын тұжырымдау.
Әліпби ауыстыру жазу-сызуға түбегейлі реформа жасау болып
есептеледі. Ал жалпыхалықтық сипаттағы мұндай бетбұрыс қоғам мүшелерін
бейжай
қалдырмайтын
мәдени-әлеуметтік
күрмеуі
қиын
мәселе
болғандықтан, әліпби таңдау мен саралауда селективті үрдіс басым сипат
алып, қоғамдық санада екіұдайлық күшейе түседі: қолдау да, күмәндану да,
қарсылық та болады. Кемшіліктің тасасында артықшылық, артықшылықтың
тасасында
кемшілік
көрінбей
жатады.
Көшер-көшпестен
бұрын
қолданыстағы әліпбидің артықшылығы мен кемшілігіне жұртшылық назар
аудармай қоймайды. «Көшсек пе, көшпесек пе?» деген сұрау толас тауып,
жұртшылық латын әліпбиіне көшуге тоқталды. Ендігі жерде жазу-сызудың
ұлттық сипатын сақтауда әлемдік тәжірибеде жиі кездесетін детерминатив
нұсқаларының
(
диакритикалық,
диграфтық,
апострофтық,
акут
тәрізділердің)
бірін таңдау әліпби объектісінің өзекті мәселесіне айналды.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамдық өмірдің қай саласында
болмасын «уақыт бюджеті» барған сайын шектеулі болып барады. Содан
болар, өмірдің қай қырында болмасын, ұтқырлық (мобильность),
жылдамдық, ықшамдылық, жинақылық, икемділік ерекше мән алып отыр.
Бұндай талаптар, әрине, бұрыннан да бар, бірақ олар кезінде жай ғана
қатардағы талаптардың бірі болды. Қазіргідей өткір мән ала қоймаған еді.
Қоғам ендігі жерде, өмірдің қай саласында болмасын, цифрландыру мен ІТ
технологиясы заманында шұбалаңқылықтан тез арылып, ықшамдылыққа,
жинақылыққа бет бұрып, жинақы, жылдам, ықшам, икемді болудың
ресурстарын іздей бастады. Осы тұрғыдан қарағанда, 42 әріптен құралған
әліпбидің бірден көзге ұрып тұратыны – шұбалаңқылығы. Бұрын 30 әріптің
айналасындағы әліпбимен де күнелткен қазақ жазуына ендігі тұста
қысқартып, ықшам, жинақы сипат беру қажеттілігі туып отыр. Осы талапқа
орай қоғами жұртшылық компьютерлік технологияға икемді 32 әріптен
тұратын латын әліпбиінің
ноқатты
(акут) түріне тоқталды.
Қазіргі қазақ қоғамындағы латынға бетбұрыстың ұлттық рухты
жаңғыртумен байланысты себептері бар. Жұртшылыққа белгілі, кирилше
әліпби халықты еріктен тыс күштеумен әміршілдік жолмен сырттан таңылды.
Ұлтты орыстандыру мақсатын көздеген бұл саяси-идеологиялық әрекет
қазақтың жазу-сызуын кирилше әліпбиге көшіруден басталды. Ал ХХ
ғасырдың 30-жылдардағы латын әліпбиі кирилшеге көшірудің «көпірі»
болды. Сөйтіп, халық өзінің жиған-терген араб әліпбиіндегі жазба
мұраларымен байланысты руханилықтан қол үзіп қалды. Осылайша тарихи
сананың түкпірінен орын тепкен әліпби жөніндегі түйткілді жайт
тәуелсіздікпен, ұлттық рухтың қайта жаңғыруымен байланысты қоғамдық
ойға қозғау салды. Бұл айтылғандар, тұжыра келгенде, латынға бетбұрыстың
негізгі себептерінің бірі болды. Қайсыбіріміздің ойлағанымыздай, кирилдегі
42 әріпті 32 етіп, жамап-жасқап, үйренген дағдымен жүре беруге де болар
еді, бірақ санада қалған түйткілден арылмай рухани түлеу болмайтыны
белгілі.
Бұдан кейінгі бір айтарлықтай себеп – жаһандану үрдісіне байланысты
латын әліпбиі жарты әлемнің жазу-сызуына негіз болған әліпбиге айналды
және ақпараттық жаңа технологияға сай, ең икемді, ақпараттық алыс-беріске
ықшам әрі қолайлы екенін танытты. Осы айтылғандар латын әліпбиіне
көшуге себеп болған жайттардың тілден тысқары, яғни тілдік емес жағы,
сонымен қатар әліпбиді қалай да реформалауға қоғамды мәжбүр етіп отырған
оның тілдік жағы. Әліпби ауыстыру – жай ғана харіп (шрифт) ауыстыру емес,
қазақ жазу-сызуы өткен кезеңдерде де 29-32 әріптен тұратын әліпбиді де
пайдаланған, бірақ ұлттық сипатынан айырылмаған еді. Жұртшылыққа
мәлім, қазіргі кирилшедегі әліпби әріптерінің үштен бірі орыс тілінен енген
сөздерді бұлжытпастан, орыс орфографиясының ауанымен таңбалауға
мәжбүрледі. Сөйтіп, жазба тіліміз ұлттық сипатынан айырылған жартыкеш
жазу болды.
Осының салдарынан мәдени қарым-қатынаспен байланысты өзге
тілдерден енген атаулар мен сөздерді мағыналық-дыбыстық жақтан игерудің
ана тіліміздегі
тілдік механизмі
жұмыс істемей қалды. Дегенмен, өткенге
салауат. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев және олармен
қанаттаса шыққан Р.Сыздық сынды аса көрнекті тілтанушы ғалымдарымыз
Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми негізін қалап кеткен қазақ жазуының ұлттық
сипатын сақтауға, әліпби түзу мен емле ережелерінің нормалануы мен
қалыптасуы аясында оң шешімдер тауып, жазба тілдің графика-
орфографиялық жүйесін оңтайландыруға, емле ережелерін жасауға ерекше
күш салды. Өткеннен алатын тағылым да, тәжірибе де жоқ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |