Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет76/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

Г
мен 
к
әріптерінің 
жіңішке түрде берілуі олардың үнемі жіңішке буындарда кездесуіне 
байланысты, сондықтан олардың дыбыстық аталуы 
кі, гі
түрінде берілген. 
Бұл жерде тағы да сұраудан-сұрау туындай береді. Неге 
и
 
әрпінің 
дыбысталуы 
ій, 
ал
 
у
әрпінің дыбысталуы 
ұу
? Бұлай болуы тілдік санада 
дыбыстық бейнесінің жіңішке 
ій 
түрінде ұғынылуы. Оған себеп 
ій
-мен 
келетін жіңішке буынды сөздердің саны басым. Ал 
у
әрпінің 
ұу
болуы жуан 
буынды сөздер басым болғандықтан. Сонымен тіл дыбыстарының қоғамдық 
санадағы бейнесі – олардың моделі іспетті. Бұл - автоматизм түрінде жұмыс 
істейтін модель. Бұларды Орфографиялық ереженің негіздемесінде, ереженің 
өзінде нақтылау міндетті емес. Осындай ерекшеліктер болашақта 
орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерде немесе анықтағыштарда егжей-
тегжейлі түсіндірілетін болады. 
Жаңа емле ережесі фонематикалық принципке негізделді. Бірақ осыған 
келіспеушілердің айтуынша негізгі принцип морфологиялық, енді бір 
әріптестеріңіз фонетикалық принцип деп атауды жөн көреді. Әдетте 
морфологиялық принцип дегеніміз – мектеп сөзімен айтқанда, түбір сақтау. 
Біздер, орфографиямен шұғылданушылар, фактологиялық материалдарға 
сүйенеміз. Мысалы, 
қазақ, қазағы
дейсіз, солай жазасыз, бірақ 
қазағ 
деген 
түбір жоқ қой, ал
қазақы
десеңіз, басқа мағына. 
Тірлік 
деп жазасыз, түбір 
сақтап 
тірілік
деп жазбайсыз. Сол сияқты 
тасқын 
деп жазасыз, бірақ түбірі 
тасы 
болса да 
тасықын
деп жазбайсыз. 
Егіннің
түбірі 
ек
болса да 
егін
деп 
жазасыз. Себебі сіз бұл жерде мағына ажыратуға дәнекер дыбыстарды 
(бұларды ғылыми сөзде фонема дейді) жазып отырсыз. Фонематикалық 
принцип дегеніміз осы. Ережеде фонематикалық принциптің негізге алыну 
себебі осы айтылғандарға саяды. Ал фонетикалық принцип қалай айтылса
солай жазу; қалай естілсе, солай жазу дегенге саяды. Рас, кейде 
дала, қала, 
ана, бала, ел-жұрт
т.б. жазылуы даусыз сөздердің айтылуына, соған сай 
жазылуына қарап, фонетикалық жазу екен деуге болмайды. Айталық, 
қашша


деп айтсаңыз не естісеңіз, оның айтылымы да, естілімі де бірдей. Бірақ 
мағыналары әр басқа. Фонематикалық жазу сол әр басқа мағынаны береді: 
қазша 
(қаз сияқты),
қашса
(қашатын болса), тағы бір мағынасы 
қасша
(дұшпанша). Осы типтес сөздерді мағына ажырататын дыбыстар бойынша 
жазу фонематикалық ұстанымға жатады. Түбір сақтап жазу дегеніміз де осы 
принциптің аясына кіреді. Жазу мәдениетіндегі негізгі принципті айқындауда 
біз осындай уәжге сүйендік. 
Сонымен қатар жаңа емле жазба дәстүрге айналған А.Байтұрсынұлының 
сингармонизміне, Халел Досмұхамбетұлы айтқан сингармонизміне сүйенді. 
Бұл - сөздердің жуан, жіңішке болып жазылуын негізге алатын
езубейімді
дәстүрлі сингармонизм. Ғылымда бұны лингвалды сингармонизм дейді. 
Мысалы, 
қойымыздың, қойшымызға, үйлерімізге, түйелеріміздің
т.б. Ал 
еріндік сингармонизмді жақтаушылар әсіресе 90 жылдары қызуқанды 
айтыстың алаңына айналдырған болатын. Кезінде тәжірибе ретінде 
ерінбейімді
(лабиалды) үндестікті жазып көргенімізде оның жазу-
сызуымыздың жартысына жуығын қамтитынын байқадық. Ол айтыстың беті 
қайтқандай болды. Бірақ қазіргі кезде де ара-тұра айтылып жүр. Егер біз 
ерінбейімді сингармонизмді ұстансақ, 
қойұмұздұң, қойшұмұз, үйлөрүмүзгө, 
түйөлөрүмүздүң 
т.б. деп жазған болар едік.
Алайда жазармандарымыздың 
қоғамдық санасы бұндай «жаңашылдықты» қабылдай қоймасы белгілі. 
Сондықтан А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамбетұлы заманынан келе жатқан 
езубейімді сингармонизм базалық норма деп танылды. 
Жаңа емле жасалу барысында у мен й дыбыстарының қасиетіне 
қатысты талқылаулар болды. У құрамында ұу, үу мен й құрамындағы ый, ій 
заңдылығы жазу жүйесіне де енуі қажет деген ұстанымдар да болды. Бұндай 
жағдайда

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау