орындарында орыс тілін оқып үйрену, меңгеру және екітілділікті дамыту
саясаты қоғамдық-саяси маңызды мақсаттарға да байланысты.
Ауызша айтылуы бойынша жазылатын орыс тілінен енген сөздердің
емлесі де – айқындалған тұстардың бірі. Бірнеше вариантта жұмсалатын
сөздердің әдеби үлгісі арнайы сөздіктерде ұсынылған. Сөздіктер, бұл ретте,
үлкен көмек көрсете алатын құралдардың бірі. Сөйтіп, орыс тіліндегі
орфографиясы сақталып жазылуға тиісті сөздер тобын қазақ тілінде айтылуы
бойынша жазу қандай қате болса, ауызекі тіл арқылы еніп, дағды-дәстүр
принципімен жазылуға тиісті лексикалық единицалардың, атаулардың
түпнұсқа тілдегі фонетикалық-графикалық тұлғасын сақтап жазу да емле
нормаларына кедергі келтіретін қате болып есептеледі. Белгілі бір стильдік
қызмет үшін көркем әдебиет тілінде орыс тілі сөздері (терминдер, терминдік
мәндегі атаулар) өзгертіліп, айтылуы бойынша жазылуы мүмкін, бірақ әдеби
тілдің ресми іс қағаздары, ғылыми және қоғамдық-публицистикалық
стильдерінде түпнұсқа тілдегі тұлғасын өзгертпей жазу қатаң сақталуға тиіс.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің ішінде емлесі тұрақтала
қоймаған тұстардың бірі – вариант сөздердің жазылуы. Түп төркіні араб-
парсылық жарыспалы тұлғалардың әдеби нұсқасын, стильдік реңкі мен
қызметін дәл ажырату үшін практикалық құралдардың мәні зор. «Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігі» пайдаланып отырған әдістер – әдеби норма
деп танылатын екі сыңарын да «және» деген белгімен беру немесе алфавит
ретімен ұсыну, бір ғана сыңарының әдеби норма екендігін «емес» сөзімен
нақты көрсету (мысалы,
хикая (һікая
емес),
зәрлі (заһарлы
емес),
кәне
(
кәні,
қані
емес), – тілдегі басы артық жарыспалылықты тежеудегі тиімді
жолдардың бірі. Қазақ тіліндегі фонетикалық, лексикалық, әдеби-диалектілік
сипаттардағы дублет сөздерді толық түзіп, оның ішінде міндетті түрде әдеби
нормаға сай келетін түрлерін ажыратып көрсететін «Вариант сөздердің
сөздігін» жасау да – қажетті жұмыс. Варианттылықты реттеуде
статистикалық тәсілдің де көмегі зор. Бір сыңарының екінші сыңарынан не
стильдік, не синонимдік артық-кемі жоқ фонетикалық варианттарды реттеуде
олардың қолданылу жиілігін есептеу әдісі тиімді нәтиже бере алады. Бұнда
жарыспалы сөздердің қолданылу изоглосы, әдеби тілдің стильдік өрістеріне
таралу жиіліктері есепке алынады, бұның өзі әсіресе бірін әдеби, екіншісін
бейәдеби деп бағалау қиынға түсетін
ыждағат – іждағат, жәбір – зәбір,
рақмет – рахмет, диқан – дихан, қаріп – ғаріп – кәріп, балуан – палуан
тәрізді
параллель сөздерді нақтылауға жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: