Графика. Орфография. Орфоэпия


Қазақ тілінің өз табиғатына тән күрделі жалқы есімдер мен күрделі



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет71/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

Қазақ тілінің өз табиғатына тән күрделі жалқы есімдер мен күрделі 
сөздердің жазылуы 
Орыс тілінде қос сөз болып жазылатын қала, мекен, жер-су атаулары 
қазақ жазуында бірге жазылып, бас әріппен таңбаланады. Мысалы, орыс 
тілінде – 
Кзыл-Орда, Ыссык-Куль, Аулие-Ата,
Бетпак-Дала, Байрам-Али

қазақ жазуында – 
Қызылорда, Ыстықкөл, Әулиеата, Бетпақдала, Байрамәлі. 
Ростов-на-Дону, Комсомольск-на-Амуре 
тәрізді қала аттары
Дондағы 
Ростов, Амурдағы Комсомольск 
болып жазылады.
Мифологиялық ұғымдардың аттары, сондай-ақ ертегі-аңыздарда 
кездесетін қиялдан туған жалқы атаулар, батырлық жырларда ұшырасатын 
малға қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады: 
Зеңгібаба, Ойсылқара, 
Шекшеката, Қамбарата; Бибіфатима; Таусоғар, Көлжұтар, Желаяқ, 
Тайбурыл, Шалқұйрық, Желмая, Керқұла. 
Бірқатар тарихи тұлғалардың есімдері мен жырларда, аңыздарда, көркем 
әдеби шығармаларда кездесетін кейіпкерлердің аттары екі сөзден құралған 
күрделі болып келеді. Мысалы, 
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан 
Шолақ, Баян сұлу, Қозы Көрпеш, Қыз Жібек, Қаңбақ шал, Сыпыра жырау, 
Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қамбар батыр, Ер Төстік, Ер Қосай, 
Кішкене Молда, Судыр Ахмет, Әз Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Шық 
бермес Шығайбай, Алдар көсе. 
Егер нақты кісі есіміне тіркескен сөз айқындауыш болып, сол адамның 
өнерін, кескін-келбетін, мінез-құлқын даралап көрсету қызметін атқарса, 
онда мұндай сөздер кіші әріппен бөлек жазылады: 
Біржан сал, Ақан сері, 
Баян сұлу, Қамбар батыр, Сыпыра жырау, Жиренше шешен. 
Әдетте бұл 
айқындауыштар бірқатар адам аттарының алдында да айтыла береді
: сал 
Біржан, сері Ақан, сұлу Баян. 


Ал 
Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Қозы Көрпеш, Алдар Көсе, Судыр Ахмет 
тәрізді күрделі кісі есімдерінің
 
бірі халық теліген қосымша аты 
болғандықтан, ол бөлек және бас әріппен жазылады;
 
бұндай қосымша аттар 
өз алдына жеке де қолданыла береді: 
Жаяу Мұса – Жаяу, Балуан Шолақ - 
Шолақ, Судыр Ахмет – Судыр, Алдар Көсе – Алдар. 
Ер, әз, ұлы 
сөздері мен
 қаз дауысты, шық бермес 
тіркестері адамдардың 
өзгеден дара жағымды-жағымсыз қасиетін айрықшалап, анықтауыш 
қызметінде жұмсалады, әрі бұл сын есімдер адамдардың халық пен қоғам 
мүддесін атқарудағы орнына байланысты қойылған бағалауыш сөздер болып 
келеді де, нақты кісі есімінен ажырамай, бас әріппен бөлек жазылады: 
Ер 
Тарғын, Әз Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Ұлы Петр, Шық бермес 
Шығайбай. 
Ру, тайпа, ата аттары белгілі бір үлкен қауымның атауы ретінде жалпы 
мағынаға ие болып кеткендіктен (
орыс, қазақ, башқұрт, татар
деген халық 
аттары тәрізді) кіші әріптен басталып жазылады: 
тобықты, арғын, найман, 
керей, уақ, шекті, жағалбайлы, ошақты, адай, беріш, жақайым, төртқара.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау