Жоғарыда көрсетілген параллельдердің кейбірі қазіргі әдеби тілде
кодификацияланып, семантикалық дербестікке (ертегі «сказка», ертек
«сказание», шаштараз «парикмахерская» шаштаразы «парихмахер», дабыр
«у-шу» дабыра «даурықпа» сөз т.б.), стильдік реңкке ие бола бастағандары да
бар (уағза көне; уағыз бейтарап, замана поэтикалық, заман бейтарап т.б.).
Ал
қодық – қодыға, зейін – зейне, шілтер – шілтері
тәрізді параллельдердің
дауыстымен айтылатынын сыңарларына орфографиялық сөздіктердің
басылымдарына регламент қойыла бастады.
4. Орыс тілінен енген кейбір сөздердің екі түрлі қолданылуы да
апокопа құбылысымен байланысты. Мысалы:
контор – контора, сигарет –
сигарета, гитар – гитара, папах – папаха, фанер – фанера, наград –
награда, идиом – идиома
т.б. осы типтес жарыспалы сөздердің жазылуын
бір ізге салу үшін алдымен бұл құбылыстың себебіне назар аудару қажет
тәрізді.
Орыс тілінен енген кейбір сөздердің соңғы дауыстысын қазақ тілінде
сөйлеуші түсіріп айтуы ықтимал. Мысалы:
координата – координат, диет –
диета, арматура – арматур, анкета – анкет, идиома – идиом, карьера –
карьер
т.б. Ал кейбір сөздердегі соңғы дауыстыны түсіріп айту мүмкін емес:
кафедра, плита, шкала, тайга, техника, галифе
т.б. Бұл сөздердегі соңғы
дауыстының қазақ сөзінде (в речи) апокопаға ұшырамауының өзіндік себебі
бар. Орыс тілінің дыбыс заңдылығы бойынша екпін түсетін дауыстыдан
кейінгі дауысты (заударный гласный) басқаларға қарағанда сапалық
редукцияға көбірек ұшырайды. Міне, сондықтан қазақ тіліне ертеректе
ауызша канал арқылы енген
минута, секунда, газета, цифра, контора
сөздері жазба тіл каналы арқылы игерілген ғылыми-техникалық, қоғамдық-
саяси терминдері, номенклатуралық атауларды (екпіннен соңғы дауыстының
редукциялануына қарамастан) вокалды вариант түрінде қолдану тіл
тәжірибесінде дағдыға айнала бастады. Мысалы:
амплитуда, планета,
директива, фонема, фраза, акула
т.б.
Тіл – жүйелі құбылыс. Әдеби тілдің нормасы, оның ішінде жазу
нормасы, алдымен тілдік жүйеге негізделеді. Алайда жүйе бар жердің бәрі
бірдей әдеби тілдің нормасы бола бере ме? Кейбір жағдайда тілдік жүйенің
өзі екі немесе үш түрлі болып жарыса қолданылуы ықтимал. Олардың
қайсысы әдеби тіл нормасына лайық деп танылуы керек?
Мәселен, кейбір түбір сөздерде түбір мен қосымшаның жігінде
л/д
дыбыстарының алмасу құбылысы
л
және
д
вариант түріндегі екі түрлі
жүйеге саяды.
Достарыңызбен бөлісу: