көкқасқа торғай взәузе, қарала торғай, қарабауыр торғай, құшынан
торғай, қара торғай, сібір қара торғайы, қожабас торғай, қотыр торғай,
қызылбас торғай, қызылқұйрық торғай, майкөт торғай, мақтан торғай,
молда торғай, мұңды торғай, ноғайбас торғай, мысық торғай
(иволга
немесе сарғалдақ),
пайыз торғай
(щегол),
сайрауық торғай, сарала торғай,
сарыбауыр торғай, сары торғай, сауға торғай, селкілдек торғай, суаяқ
торғай, суықбас торғай, суық торғай
(снегирь),
сұрша торғай, үрпекбас
торғай, шөже торғай, шөжебас торғай, шөпек торғай, шырша торғай,
шырылдауық торғай
т.б.
Бұл жерде
қарабас қонақ, ақбас жусан, суаяқ торғай, қарабауыр
торғай, қожабас торғай, қызылқұйрық торғай
тәрізді үш сыңарлы құрама
есімдердің жызылуына назар аударуға тура келеді. Үш сыңары мұндай
құрама есімдердің алғашқы екі сыңарын бірге жазу тиімді көрінеді. Өйткені
бірінші екі сыңарды бір-бірінен бөле-жара қарау олардың семантикалық
тұтастығына қайшы келеді. Мысалы,
ақбас жусан
атауын «ақ» сөзінен бөліп
алып «бас жусан»,
суаяқ торғай
дегенді «су» сөзінен бөліп «аяқ торғай» деп
қолдану мүмкін емес. Бұл – құрама сөздің алғашқы екі сыңарының,
соңғысымен салыстырғанда, идиоматизацияланғандығын көрсетеді.
Алғашқы екі сыңардың біріккен сөз екендігін мынадай құбылыстан да
байқауға болады. Үш сыңары құрама атаудың кей жағдайда үшінші сыңары
эллипсиске ұшырап айтылғанмен, қалған екі сыңары бәрібір сол заттың
атауы болып жұмсала береді. Мысалы:
қарабауыр торғай қарабауыр,
қызылқұйрық торғай қызылқұйрық, көкмойын үйрек көкмойын, кодірен
бидай кодірен, қосауыз мылтық қосауыз, ақиық сұңқар ақиық, аққұйрық
арлан аққұйрық
т.б.
Соңғы жылдарда екінші сыңары әр түрлі грамматикалық тұлғада
келген құрама сөздердің бір тобын біріккен сөз деп танып, бірге тұлғалау
жазу тәжірибесінде кездесе бастады:
а)
жатыпатар, алыпатар, қанішер, батаоқыр, бақанаттар,
ұйқыашар, жолашар, күнқағар, тоқымқағар
т.б.;
ә)
көріпкел, шауыпкел
;
б)
құлақкесті, көкейкесті, тұяқкесті, жүрекжарды, жұмысбасты,
ерғашты, қағазбасты, етекбасты, шаруабасты, желсоқты
т.б.;
в)
қағаберіс, кіреберіс, тастайберіс, құлайберіс, шығаберіс,
жатаберіс
т.б.
г)
күншығыс, күнбатыс, бетбұрыс, беталыс
т.б. Бұл типтес құрама
сөздерді біріккен күйде жазуға негіз болатын белгі – етістік тұлғалардың
деграмматизациялануы.
Бір сыңары көптік жалғауымен келген құрама сөздердің бір тобын
біріккен сөз ретінде бірге жазу ғылыми әдебиетте жиі кездесіп отырады.
Солардың біралуаны мына тәрізді:
бассүйексіздер, баскөкіректілер,
буынаяқтылар, түзуқанаттылар, түзутұмсықтылар, қосмекенділер,
ашатұяқтылар, еттұмсықтылар, мүйізтұмсықтылар, сүтқоректілер,
тамыратпалылар, тамыртүйнектілер, күрделігүлділер, қосжыныстылар,
шатыршагүлділер, тамыржемістілер, бірұялылар
т.б.
Алайда түзу тұмсықты құстар, ет тұмсықты жануарлар дегенді бөлек-
бөлек жазып, түзутұмсықтылар, еттұмсықтылар дегенді бірге жазуымыз,
сырт қарағанда, бірізді көрінбейді. Бірақ бұлай жазуды мүлде жүйесіз деуге
болмайды. Мысалы, мұндағы заңдылық құрама сөз сыңарының эллипсиске
ұшырауы, тіркестің ықшам түрде айтылып, біріккен сөзге айналуы:
бір
ұялы өсімдіктер бірұялылар,
Ал құрама сөздің эллипсиске ұшырамаған түрі
бөлек-бөлек тұлғаланады:
сүт қоректі жануарлар, тамыр түйнекті
Достарыңызбен бөлісу: |