Графика. Орфография. Орфоэпия


 Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет30/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

2.5 Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері 
 
Тілдегі дыбыстық өзгерістер әрқилы. Тілдік дыбыстар сөйлеу кезінде 
акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне әсер-ықпалын тигізіп 
отыратындықтан, әртүрлі реңктер пайда болады. Бір дыбыс екінші бір 
дыбыспен алмасып, сөздің дыбыстық құрамы жаңғырып отырады. Дыбыс
құбылыстарының бұдан өзге де бірнеше түрі бар. Олардың орфографиядағы
көрінісі бірдей емес: қайсыбірі жазуда еленсе, қайсыбірі жазуда елене 
бермейді. Тіпті метатеза деп аталатын бір құбылысқа қатысты сөздердің
жазылуы әртүрлі деуге болады. Мысалы, қазақ тілінің орфографиялық 
сөздігінде (1963) 
тепкі, текпі, тепкіршек – текпіршек
варианттары шапқыла 
нұсқасы берілмеген.
Әдетте, сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы метатеза деп 
аталады. Мысалы: 
өкпе-өпке, қақпан –қапқан, қақпақ – қапқақ, қақпа – қапқа. 
Тіліміздегі кейбір сөз варианттарының (дублет, синоним, жарыспалы сөздер 
т.б.) пайда болуын, әртүрлі жазылуын метатезамен байланысты қарауға
болады. Мысалы,
ләкпе – ләпке
варианттары метатеза арқылы пайда болған. 
«Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда қыла келді. Әр 
күні әр 
ләкпеден
әралуан ұсақ-түйек алды. Алушы жол болып қаңырап тұрған 
ләкпешілерге әңгіме керек» (М.Әуезов. Қилы заман).
Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі 
туынды түбірлерде ұшырайды : 
тепкі-текпі, тебрен – тербе
т.б.[30, 98б.].
Метатеза құбылысына орай пайда болған сөз варианттарын басы артық 
нәрсе деп сыңар жақ қарауға болмайды. Метатезаға ұшыраған сөздердің тіл
қолданысында алатын орны әрқилы. Олардың түрлерін, шамамен, мынадай
топтарға бөлуге болады.


1. Метатезаға ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек 
бір ғана вариант түрінде орнықты. Мысалы: 
қақпан, қақпақ, өкпе
т.б. Бұлар 
синхрония тұрғысынан 
қапқан
,
қапқақ, қапқа, өпке
делініп, әуелдегі
күйіндегідей қолданылмайды деуге болады. Себеп сөзі де осы тәрізді, 
бастапқы түрі 
әсбәб
(араб сөзі). 
Малақай 
сөзінің «
малай
» диалектизмімен 
метатезалық байланыста екендігін этимология жасай отырып айқындауға 
болады. 
Салыстырыңыз: 
малақай
(Замахшари, 
Мукаддимат) 
<
маңқалай>мақалай>
қазақша
малақай

Малақай
сөзі
маңдай, маңлай

маңқа
атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал [40, 288б.]. 
2. Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге 
айналған: уақ (уақыт) – ауық (бір ауық), демеу (етістік) – медеу (зат есім),
тебірен (әсерлен), тербе (шайқа), айнал (су буға айналады), айлан (айланып- 
толғану).
Ш
мен 
қ 
дыбыстарының орын алмасуынан 
балшық
(
балшақ, а/ы
дауыстыларының алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір 
түркі тілдерінде балғаш «балшық» деген мағынаны білдіреді [41, 239б.]. 
Қазақ тілінде 
Балқаш
сөзі гидроним ретінде ғана емес, әсіресе байырғы 
әдебиет өкілдері шығармаларында, аға бун тілінде, жалпы есім мәнінде 
жұмсалады. 
Балқаш, балшық
(балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса
қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. 
Балшық 
«лай», «батпақ» деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» 
дегенді аңғартады:
Балқашын
орып мал жеген 
Аралас үйрек, қаз жеген
(Қашаған Күржіманұлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы 
байқалады: ұшпақ – жұмақ. Қазақ тілінде жұмақ стильдік жақтан бейтарап, 
ұшпақ көбіне сөйлеу тіліне тән. Сондай-ақ 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау