Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет26/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

қа-ғы-лез
(қа-гі-лез, қағ-іл-ез емес), тә-кәп-пар (тә-кап-пар емес). Ал 
қағілез,
тәкаппар, тақілет 
деп жазу қазақ сөзінің буын құрылымын бұзу болып
табылар еді. -
қі, -ғі,-ка
тәрізді буындар қазақ сөзінің табиғатына тән емес. 
Екіншіден, жоғарыда аталған сөздердің ішінде 
қабілет, қарекет, тақсірет
тәрізді сөздердің бейүндес буын жігін 
қа-бі-лет, қа-ре-кет, тақ-сі-рет
деп 
те, 
қа-бы-лет, қа-ра-кет, тақ-сы-рет
деп те екі түрлі бөлуге болады. 
Дегенмен буындардың бейүндес жігін 
қа-бі-лет, қа-ре-кет, тақ-сі-рет 
деп
бөлудің өз артықшылығы бар. Себебі 
қа-бы-лет, тақ-сы-рет
деп буындасақ, 
сөйлеуде 
қа-был-ет, тақ-сыр-ет, қа-ра-кет
түрінде айтылады да, <р>, <л> 
дауыссызы <ы> дауыстысының реңкіне бейнеленеді. Сөйтіп, «қабыл ет», 
«тақсыр ет» «қара кет (ті)» деген еркін тіркестен айырмасы болмай қалады. 


Ал буындардың бейүндес жігін 
қа-бі-лет, тақ-сі-рет, қа
-
ре-кет
деп 
ажыратсақ [б], [с], [р] дауыссыздары [і], [е] дауыстыларының реңкіне 
бөйімделеді де, 
қабыл ет, тақсыр ет, қара кет
(ті) еркін тіркестерінен 
өзгешеленіп тұрады.
Бейүндес буын жіктерінде қысаң [ы], [і] дауыстыларының таңбалануы 
мен таңбаланбауы – қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі. 
Мысалы:
зақмет-зақымет, рақмет-рақымет, қызмет-қызымет, үкмет-
үкімет, лағнет – лағынет (лағінет)
т.б. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде 
бұл тәрізді сөздер бірде қысаң [ы], [і] мен жазылса, мысалы, 
қазірет, 
кейбірі 
рақмет, қызмет
түрінде жазылады. Осы типтес сөздерді қысаң дауыстылар 
арқылы жазып, оппозициялық жікке бөліп көрейік: за-қы-мет, ра-қы-мет, қы-
зы-мет т.б. Сөйлеу процесінде бұл сөздердегі <қ>, <з>,<ғ> дауыссыздары [ы], 
[і]-нің шылауында айтылады да өзгеше реңкке (біршама созылыңқы айтылуы 
тәрізді) ие болады.
Осындай фонетикалық әсердің нәтижесінде бұл сөздердің дыбыстық 
құрылымы ритмикалық тұтастықпен айтылатын 
зақым ет, рақым ет, үкім 
ет
тәрізді еркін тіркестердің дыбыс құрылымымен бірдей болып шығады. 
Ал бұл сөздердің [ы], [і] дауыстыларынсыз түріндегі <қ>, <з>, <ғ> 
фонемаларының реңкі өзгеше болып (келте, кілт айтылуы), ритмикалық 
тұтастықпен айтылатын еркін тіркестерден өзгеше дыбыстық құрылымға ие 
болады.
Сөз ажыратуға септігін тигізетін осы өзгешелік ол сөздерді 
ритмикалық 
тұтастықпен 
айтылатын сөз тіркестерінің дыбыстық 
құрылымынан ажыратып тұрады. Сондықтан бұлардың қызмет, зақмет, 
лағнет, рақмет, құрмет т.б. түрінде жазылуын орынды деуге болады.
Сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі қазақ 
сөзінің табиғатына тән. Бұларды біржікті буындар деуге болады. Дегенмен 
біріккен сөздер – көг-ал (мұндағы 
ал
морфемасы 
алсын 
«шабылған шөптің 
орнына қайтадан көктеп шыққан көк» дегенмен этимологиялық 
байланыстағы сөз болуы ықтимал), көг-орай, сондай-ақ өзге тілден қоныс
аударған сөздердің (қа-ре-кет, қа-сі-рет т.б.) ішінде бейүндес буындардан 
құралғандары да кездесіп отырады. Бұларды екіжікті оппозициялық буындар
деуге болады. Ал кейбір сөздерді үш немесе төрт жікті буын (жуан-жіңішке 
– жуан) түрінде жазу, сөзді тым жасанды көрсетеді. Мысалы: 
мұ-ба-рак-қа, 
дән – да- қу-ым, дар – гу-ман, мү-шай-ре, бә-да-уи, пәр – уар – диг - ар
т.б.
Бұл типтес сөздерді сондықтан мүбәрәк, дәндәку, дәргүман, пәруәрдигер 
түрінде жазу әлдеқайда қазақ тілінің дыбыс жүйесіне үйлесімді.
Қазіргі қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі – түбір 
сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы 
буынындағы қысаң дауыстының түсіріліп немес түсірілмей жазылуы. 
Мысалы: 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау