Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет38/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

жаужұмыр, сайгүлік, ендігәрі, қолғап, жаушымылдық 
(пион), ашудас, белбеу, күздігүрі, қозмалдақ, жаздыгүні, әумесер, қыстыгүні
т.б.
Бұл типтегі құрама сөздердің бірге жазылуына олардың дыбыстық 
контаминацияға ұшырауы тәрізді жеке белгілері сүйеу болады. Бірақ бұл 
белгі өте шектеулі, санаулы сөздерді ғана қамтиды.
Құрама сөз сыңарларының өз дербестігінен біршама айырылуының 
тағы бір жолы бар. Құрама сөз сыңарларының мағыналық контаминацияға 
ұшырауының нәтижесінде, үшінші біртұтас мағына пайда болады да, 
біріккен сөзге айналады. Бұл аталған жеке белгі де құрама сөзді біріккен сөз 
деп тануға мүмкіндік береді де, тұтас тұлғалауға таяныш болады. Мысалы: 
тоқтыбалақ (құс), тауқұдірет (құс), өнеркәсіп, ақжаулық (этн.), қызойнақ, 
атжалман, бірқазан (құс), сушықара (құс), тазқара, тастүлек, қолбала, 
қалыңмал, беташар, есепшот, кәсіпорын, көрсары, маубасбұқа (құс),
тесібелді байқасқа (құс), сукөз, т.б. Осындай тәсілмен біріккен сөз әсіресе
өсімдік атауларында жиі кездеседі: 
қазтабан 
(өс.), 
желімбасақ
(өс.), 
жөтелшай
(өс.), 
аұқұлақ
(өс.), балықкөз (өс.), 
бөрікқұлақ

ботакөз
(өс.), 
бозкілем
(өс.), 
томарбояу
(өс.),
бетіқышық
(өс.), 
аққой
(жуының түрі),
биемшек
(өс.), 
аққайың
(шөптің түрі), 
жерсабын
(өс.), 
кәріқыз
(өс.), 
кермексабын
(өс., «ушастый»), 
күйіксары
(өс.), 
қызылқұрт
(өс. «жабник»), 
көзсабақ
(окулировка), 
қаратұяқ
(өс.),
қозықұлақ
(өс., «волосатик»), 
қозықұйрық
(өс.), 
қоңырбас
(өс., «мятник»), 
қосбас
(өс., «двукисточник»), 
қораматау
(өс., алаботаның түрі), 
алабота
(өс.), 
құлынембес
(өс.), 
қоянсүйек
(өс., «песчаная акация»), 
құлқайыр
(өс., «мальва»), 
құлаңқұйрық
(өс.), 
құртқашаш
(өс.), 
қызылбояу
(«подмаренник»), 
қызылқұрт
(өс., 
«волосатик»), 
қырықбуын
(«хвощ»), 
қасқыржем
(өс., «спаржа»), 
қырыққұлақ
(өс.), 
майқара
(өс., «полынь пустынная»), 
майракебіс
(өс., «свербига»), 
нариген
(өс.),
отсабын
(өс.), 
өгізкөз
(өс., пупавка),
өгізтіл
(өс., «анхуза»), 
саңырауқұлақ
(өс.),
сиырқұрық
(өс.), 
сиякөк
(өс., жұпар сиякөк «льнянка 
душиста»), 
сіргеқара
(өс.), 
сіпсебас
(өс., «метлица»), 
тасшүгін
(өс.), 
таумасақ
(өс.), 
тайтұяқ
(өс.), 
текесақал
(өс., «додарция»), 
теңгебас
(өс., 
«сусак»), 
түйесіңіт
(өс.), 
түйеқарын
(өс.), 
түйеқұйрық
(өс.), 
түйетабан
(өс.), 
уқорқасын
(өс.), 
үшқат
(өс., «жимолость»), 
үпілмәлік
(өс.), 
шашақбас
(өс., «качим метельчатый»), 
шоңайна
(өс., «лопух»), 
шөңгебас
(өс., 
«толстоголовник»); 
балтажұтар
(құс), 
ақсазы
(құс), 
ақиық
(құс), 
аққабақ
(бүркіттің бір түрі),
ақсары
(құс, «сарыч), 
ақшегір
(қыран құстың бір түрі), 
алыпқара
(құс), 
балтатұмсық
(құс), 
бұқатана
(құс), 
ақұұйрық арлан
(құс) 
т.б. 
Осы сөздердің қатарынан құрама сөз сыңарларының «бүтіннің 
бөлшегі» ретінде жұмсала келіп, біртұтас мағынаға ие болғандарын да 
жатқызуға болады: 
қосауыз 
(мылтықтың түрі), 
қосаяқ 
(тышқан), 
бізқұйрық 
(құс), 
кезқұйрық
(құс), 
бізтұмсық 
(құс), 
шөгелтабан 
(бүркіттің бір түрі), 
қаратамақ 
(құс), 
қарабауыр 
(құс), 
көкмойын
(құс) т.б. 


Бірінші сыңары өсімдікке, ал екінші мүлде басқа бір затқа қатысты 
атаулардан жасалған құрама сөздерді біріккен сөздің қатарында қарап, тұтас 
тұлғалауға болады: 
арпабас, гүлтәжі, долантопшы, бұлшаққын, гүлсидам

гүлсерік
(околцветник), 
гүлсағақ
(цветоножка), 
гүлзардақ, құртқашаш
(өс.).
Құрама сөздің дыбыстық, мағыналық контаминациясы нәтижесінде 
пайда болған бұл тобын біріккен сөз деп тану пәлендей дау туғызбайды. 
Өйткені бұл сөздердің жеке сыңары мағыналық жақтан тұтаса келіп үшінші 
бір лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: 
егеуқұйрық, өгізтіл
(өс.), 
атауын қазақ тілінде сөйлеушілер («егеу» және «құйрық» немесе «өгіз» және 
«тіл» деп дербес сөзге бөле-жара қарамайды.
Құрама сөздердің ішінде біріккен сөз қатарына қосып, бірге жазуға 
таяныш болатын тағы бір жеке белгіні атап айтуға болады. Ол, мысалы,
құрама сөз сыңарларының бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалып барып, бір 
бүтінге айналуы. Мысалы, 
гүл, жапырақ, тамыр 
деген сөздер белгілі бір 
заттың атауы болғанымен, олар нақты бір ғана есімдікке, мысалы, 
шырғанаққа ғана тән емес. Олар көптеген өсімдікте кездесетін вегатативтік
органдар. Сондықтан бүтіннің бөлшегі ретінде бұл сөздер (гүл, тамыр, 
жапырақ т.б.) белгілі бір сөздің сүйемелі арқылы нақты бір өсімдіктің атауы 
болып жұмсалады. Бұл тәсілмен жасалған біріккен сөздер әсіресе өсімдік 
атауларында жиі кездеседі. Олардың бірінші сыңары әр түрлі сөздерден, ал 
екінші сыңары өсімдіктің белгілі бір мүшесінің атауы болып, лексикалық 
бір бүтін болады. Ондай мүшелер көбіне а) көбею органдары: тамыр, мұрт, 
сабақ, жеміс, қат, жидек : ә) транспирация органдары: жапырақ, сабақ, мұрт; 
б) жер үсті органдары: гүл тікен, бұта т.б. Осы аталған «бүтіннің бөлшегі» 
(гүл, жапырақ, тамыр т.б.) құрама сөздің тұрақты сыңары ретінде 
қайталанып отырады. Бұл құрама сөздер сөйлеу кезінде тіркестірілмей, 
дайын күйдегі тіркес ретінде қолданылады.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау