Графика. Орфография. Орфоэпия


Кейбір дауысты дыбыстардың орфограммасы



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет23/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

2.4 Кейбір дауысты дыбыстардың орфограммасы 
 
Тілімізде жазылуы мен айтылуы сәйкес келе бермейтін әртүрлі сөздер 
бар. Солардың ішінде мынадай сөз типтеріне арнайы тоқтала кету керектігі 
байқалады. Олар шай – шәй, жая – жәя, жайша – жәйша, жайла – жәйла, 
қадыр – қадір, қазір – кәзір, жайлау – жәйлау, шайыр – шәйір, шайпау – 
шәйпау, тілмар – тілмәр, тілмаш – тәлмәш т.б.
Осы тәрізді сөздердің баспасөз беттерінде әрқилы жазылып жүргендері 
жиі байқалады. Бұл ауытқу сөздердің айтылуы мен жазылуындағы 
«алшақтыққа» байланысты. Олар кей жағдайда орфографиялық сөздікте 
көрсетілгендей жазылса, кейде айтылуы бойынша жызылады. Мұндай 
сөздердің 
орфографиялық 
сөздіктерде 
берілген 
әліптемесінің 
(орфограммасының) дұрыс немес бұрыстығына көз жеткізу үшін, алдымен 
сөздің фонемалық құрамын, яғни сөз құрамындағы дауыстыны ([а] ма, әлде 
[ә] ме?) айқындап алу қажет.
Әдетте сөйлеу процесінде дыбыстардың бір-біріне тигізетін 
акустикалық, артикуляциялық әсерінің нәтижесінде фонемаларда әртүрлі 
реңктердің пайда болатындығы белгілі. Солардың ішінде сөзайырымдық 
қызметтегі негізгі реңкін тани білудің орфография үшін ерекше мәні бар.
Белгілі бір фонемалық позицияда (ш, ж мен й-дің аралығында шай, жай 
тәрізді сөздердегі) <а> дауыстысы палатализацияланады. Бұл құбылысты 
зерттеушілер й мен ч, ж, ш дауыссыздарының салдары деп таниды [32, 38б]. 
І.Кеңесбаев қазақ тілінде
а
фонемасының палатализациялануының екі түрлі 
шартын көрсетеді: «а) алдыңғы буындағы дауыстының тіл алды болуы, 
мысалы, 
Күлаш, тілмар
т.б., ә) 
ш, ж, й
дауыссыздары а-ға а мен ә-нің 
аралығында айтылатындай реңк береді… 
Ш
мен 
й
немесе 
ж
мен 
й 
аралығында келген 
а
палатализация құбылысына ұшырайды. Ал бұл 
шарттылық бұзылса, 
а
тұрақты сипат алады» [33, 28б.]. Бұл тәрізді 
зерттеулерге қарағанда ш, ж, й, аралығындағы фонема – <а>/ш [а]й, ж[а]й 
т.б., ал 
ә
оның қосымша реңкі, басқаша айтқанда палатализацияланған 
а.


Қазақ графикасы фонемалық принципке негізделген. Бұл принцип 
бойынша фонеманың басты реңкі таңбаланады да, қосымша реңктері 
ескерілмейді. Өйткені сөз мағынасын ажыратуға негізгі реңк таяныш болады 
да, өзге реңктерді берудің жазуда практикалық мәні болмайды. Сондықтан 
шай, жай
тәрізді сөздердегі дауысты негізгі реңкі 
а
бойынша жазылады.
Жазу тәжірибесінде кез келген дауысты емес, фонемаларды негізгі 
реңкі бойынша таңбалаудың тиімділігі бұл тәрізді сөздердің түрлі қосымша 
мен түрленуінде айқындала түседі. Егер жай, шай тәрізді сөздерді 
палатализациялану 
ыңғайымен 
жазсақ, 
онда 
олардың 
жазылуы 
қосымшалармен түрлегенде мүлдем қиындап, әркелкі күйге түсер еді. Осы 
типтес сөздерге әртүрлі қосымша жалғап, түрлендіріп байқасақ, олардың 
жіңішке түрде айтылуы өзгеріп, дауысты өзінің фонемалық негізгі реңкіне 
көшеді. Сөйтіп, әртүрлі қосымша жалғанғанда, бұл сөздер тіл алды 
дауыстылармен айтуға ырық бере бермейді. Мысалы: 
шәй-ге, шәйлерің, 
жәйлеу, жәйге, жәйсәң, жәйшілік, жәйле – 
түрінде қолданылмайды. 
Сондықтан да баспасөз беттерінде сөздің жеке басы кейде 
шәй, жәй 
т.б. деп 
жазылғанмен, олардың қосымшалы түрін шәйлерің, шәйге, жәйлерің, 
жәйгесу (жайғасу) т.б. деп жазу мүлде кездеспейді дейге болады. Өйткені
қосымшалар бұл жерде фонеманың қосалқы реңкі емес, негізгі реңкі 
бойынша жазылғанды: 
шайға, жайға, жайшылық
т.б. Бұл тәрізді сөздерді 
осылайша қосымшалармен түрлендірсек, басқаша айтқанда айқын позиция 
іздесек, фонеманың негізгі реңкі ашыла түседі де, сөздерді фонемалық 
сипатына қарай жазуға мүмкіндік туады.
Тіл қолданысымызда ала-құла жазылып жүргендердің бір тобы – 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау